Ауданның бюджеттiк комиссиясы туралы
ҚАЗАуданның бюджеттiк комиссиясы туралы
ЭКБ деректері 04.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ауданның бюджеттiк комиссиясы туралы
- Атауы (қаз.)
- Ауданның бюджеттiк комиссиясы туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-3/100
- Қабылданған күні
- 20.03.2003
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2003
- Көрсетілген редакция
- 26.05.2004 · қолданыстағы 15789_160214.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 26.05.2004
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V03BE001730
- ЭКБ идентификаторы
- 15789
- Редакция идентификаторы
- 15789_160214
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:21
Ауданның бюджеттiк комиссиясы туралы
1. Қосымша бойынша ауданның бюджеттiк комиссиясын құру.
2. Аудандық мәслихат сессиясына ауданның бюджеттiк комиссиясының арнайы құрамын бекiтуге енгiзу.
3. Бюджеттiк комиссия туралы ұсынған Ереженi бекiту.
4. Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 27 наурыздағы "Бюджет бағдарламаларын тиiстi қаржы жылына және келешекте iске асыруға аудандық бюджеттiң жобасын қалыптастыру бойынша бюджеттiк комиссия туралы" № а-3/33 қаулысы күшiн жойды деп саналсын.
5. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Комиссия мүшелерi:
"Ауданның бюджеттiк
комиссиясын бекiту туралы"
Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң
қаулысына қосымша
20.03.2003 ж. № а-3/100
Ауданның бюджеттiк комиссиясының ҚҰРАМЫ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияға - Ақмола облысының Атбасар ауданы әкімиятының 2004 жылғы 27 мамырдағы № а-5/90 қаулысымен.
Ахмедьянов Қабидолла Үгібайұлы - аудан әкiмi, комиссия төрағасы
Пішенова Жамал Әбдiғалиқызы - аудан әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Корн Зинаида Сергеевна - ауд. қаржы бөлiмінің меңгерушiсi, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Серкебаева Марияш Нұркенқызы - аудандық Қаржы бөлiм меңгерушiсiнiң орынбасары, бюджет бөлiмінің бастығы
Жакина Әлия Құсманқызы - аудандық қаржы бөлiмiнiң болжамдау және кiрiс түсiмiн сұрыптау бөлiмiнiң бастығы
Кот Владимир Иванович - аудандық Қазынашылық бөлiмiнiң бастығы /келiсiмi бойынша/
Хитров Владимир Григорьевич - аудандық мәслихаттың бюджеттiк-жоспарлау комиссиясының төрағасы
Жәкенов Бахытжан Нүкешұлы - әкiм аппаратының экономикалық реформа бөлiмiнiң меңгерушiсi
Ыдырысов Қанат Мұратұлы - Салық комитетiнiң бастығы
Күзембаева Динара Тiлеубергенқызы-ауд. қаржы бөлiмiнiң жетекшi маманы, комиссия хатшысы
Атбасар ауданы әкiмдiгiнiң
Қаулысымен бекiтiлдi
20.03.2003 ж. № а-3/100
Аудандық бюджет комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Нақты Ереже аудандық бюджет комиссиясының қызметiн тұрақты негiзге қатысты реттейдi /алдағы - Комиссия/.
2. Комиссия қызметiнiң құқықтықөнегiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ Ереже құрайды.
2. Комиссияның мақсаты
3. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты аудан бюджетiнiң жобасын тиiстi қаржы жылына және аудандық бюджеттiң анықталуы мен орындалуы бойынша ұсыныстар дайындауда дер кезiнде және сапалы дайындалуын қамтамасыз етедi.
3. Комиссияның мiндеттерi мен қызметтерi
4. Комиссияның басты мiндеттерi үш жылдық кезеңге аудандық бюджеттiң басты болжамдық көрсеткiштерiн ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму индикативтiк жоспары негiзiнде орташа жылдам кезеңге қарау болып табылады;
аудандық бюджеттiң басты болжамдық көрсеткiштерiн келер үшжылдық кезеңге, аудандық бюджеттiң жобасын тиiстi қаржы жылына, мемлекеттiк салалық бағдарламаларды, ауданның әлеуметтiк- экономикалық даму индикативтiк жоспарын тиiстi кезеңге сәйкестiгiн белгiлеу;
Аудандық бюджеттi тиiстi қаржы жылына нақтылау бойынша ұсыныстар шығару.
5. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес келесi қызметтi жүзеге асырады:
1) Комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және анықтайды:
аудандық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың келер үш жылғы кезеңге ағымдағы жылы орындалған жобаларының есебiмен тiзбесi мен көлемi;
ағымдағы қаржы жылының басына орай құрылған бюджеттiк бағдарламалар /бағдарламашалар/ бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржы жылында жоспарланған кредиторлық қарыздарын өтеу көлемi;
келер қаржы жылына аудандық бюджеттiң жобасы;
басқа көрсеткiштер, "Бюджет жүйесi туралы"»Қазақстан Республикасының Заңының 18-2 бабымен бекiтiлген;
2) Шешiмдi қарайды және шығарады:
3) ұсыныстар бойынша дайындалып және қаралатындар:
бюджет бағдарламасының паспортын анықтау және бюджет бағдарламасының орындалу қорытындысы туралы ақпарат негiзiнде бюджет бағдарламасының келешекте орындалуы;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағдарламасымен аумақтың экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламасы;
4) Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес басқа қызметтердi де жүзеге асырады.
4. Комиссияның құқығы
6. Өз мiндеттерiне сәйкес Комиссия құқылы:
1) аудандық бөлiмдер және ұйымдармен өзара бiрлесiп әрекеттесуi, сондай-ақ Комиссия мiндеттерiн орындау үшiн жұмысқа мамандар мен сарапшыларды тартуға;
2) өз құзырына енетiн сұрақтар бойынша шешiм қабылдауға және ұсыныстарын енгiзуге;
3) белгiленген заң тәртiбiмен Комиссия мiндеттерiн орындау үшiн ауданның және басқа ұйымдардан қажеттi материалдар алуға және талап етуге;
4) Комиссия отырыстарында Комиссияның мiндеттерiн орындауға байланысты сұрақтары бойынша аудандық бюджет бағдарламаларының әкiмшiлiктерiн тыңдауға.
5. Комиссияның қызметi және құрылу тәртiбi
7. Комиссия құрамы аудан әкiмдiгiмен белгiленедi және аудандық мәслихат сессиясында бекiтiледi.
8. Комиссияның органдары:
1) жұмысшы органы;
2) Комиссия төрағасы;
3) Комиссия төрағасының орынбасарлары;
4) хатшы.
9. Комиссия отырыстарының арасындағы кезеңде оның қызметiн ұйымдастыру сұрақтарын Комиссияның жұмысшы органы шешедi.
10. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, оның жұмыстарын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң орындалуы бойынша жалпы бақылау жасайды және Комиссиямен орындалатын оның қызметiне жауапкершiлiкте болады.
11. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындайды және оны өткiзгеннен кейiн хаттама ресiмдейдi.
12. Жұмыс жоспары-кестесi Комиссиямен белгiленедi. Аудандық бюджет жобасын дайындау кезiнде жұмыс жоспары-кестесi Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген жергiлiктi бюджет жобасын дайындау Ережесiмен белгiленген мерзiм бойынша белгiленедi.
13. Комиссия мүшелерi отырыстарда басқа тұлғаларға қатысуға өз өкiлеттiгiн беруге құқылы емес.
14. Комиссия шешiмi ашық дауыспен, сондай-ақ Комиссия мүшелерiнен сұрау жолымен қабылданады, егер Комиссия мүшелерiнiң жалпы санынан артық дауыс берiлсе қабылданды деп саналады.
Комиссия төрағасы берген дауысқа берген дауыстар тең болған жағдайда шешiм қабылданды деп саналады.