"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қолданыста
Басқа 0
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнің
мiндетiн атқарушы
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы
Тармақ 1
1. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 9, 95-құжат) мынадай толықтыру енгізiлсiн:
14-баптың 2-тармағына үшiншi бөлiгiндегi "кезеңiне қатысса" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, "конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi" деген сөздер алынып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
Тармақша 4
"4) олар мемлекеттiк әлеуметтік тапсырыстың iзденушiсi болса, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзбейдi.".
Тармақ 2
2. Осы Заң ол ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi