Құжат мәтініне өту

Күршiм ауданының Қаратоғай ауылына ветеринариялық режим белгілеу туралы

Қаулы · № 1803 · қабылданған 15.11.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.12.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/i-ekb-55664/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Күршiм ауданының Қаратоғай ауылына ветеринариялық режим белгілеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 1803 ·15.11.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Күршiм ауданының Қаратоғай ауылына ветеринариялық режим белгілеу туралы

ҚАЗКүршiм ауданының Қаратоғай ауылына ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 1803 · қабылданған 15.11.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Күршiм ауданының Қаратоғай ауылына ветеринариялық режим белгілеу туралы
Атауы (қаз.)
Күршiм ауданының Қаратоғай ауылына ветеринариялық режим белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1803
Қабылданған күні
15.11.2010
Көрсетілген редакция
25.12.2010 · қолданыстағы AI55664_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
25.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VN000118
ЭКБ идентификаторы
55664
Редакция идентификаторы
AI55664_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:56

0 Күршiм ауданының Қаратоғай ауылына ветеринариялық режим белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» № 339 Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қалғұты ауылдық округiнiң Қаратоғай ауылына ірі-қара малдың қарасан ауруына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.

2 2. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Қ. Төлеуғазин келісімі бойынша) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті санитарлық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.

3

3. Қалғұты ауылдық округінің әкімі( Н.Чақаев) шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары өнімдерін, шикізаттарын дайындау және пайдалану, еңбекті ұйымдастыру және басқа да әкімшілік шаруашылық шараларды Қазақстан Республикасы ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген тәртіптерді қатаң сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә.Әлхановқа жүктелсін.

5 5. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.