Облыстық сүңгуiр авариялық-құтқару отряды туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық сүңгуiр авариялық-құтқару отряды туралы Мемлекеттiк судан құтқару қызметтерiнiң жүйесiн және облыс су айдындарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудiң тиiмдiлiгiн арттыру және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң 2001 жылғы 29 наурыздағы №63-шi "Сүңгуiр авариялық-құтқару отряды туралы" бұйрығын жүзеге асыру мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Облыстық судан құтқару қызметiнiң қоса берiлiп отырған құрылымы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық судан құтқару қызметiнiң бастығы С. Ұзақбаев бекiтiлген құрылымға сәйкес облыстық судан құтқару қызметiнiң құрамына өзгерiс енгiзсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасының бастығы Қ.Әжiбеков облыстық судан құтқару қызметiн қаржыландыруға және тәбiлдiк мүліктерiне сәйкес қажеттi техника мен құралдарды алуға облыстық бюджетте тиiстi қаражат ескерiлсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары К.Нүрекешовке жүктелсiн.