О внесении дополнений в приложение к решению ХХI-й сессии Алматинского городского Маслихата I-го созыва от 18 сентября 1998 года "Об утверждении правил благоустройства, санитарной очистки, соблюдения чистоты и организации уборки территорий города Алматы" Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қалалық Мәслихатының 1998 жылғы 18 қыркүйектегi "Алматы қаласының аумағындағы көркейту, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және ұйымдастыру ережелерiн бекiту туралы" ХХI сессиясы шешiмiнiң қосымшасына толықтыру енгiзу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - ІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XXIV сессиясының 2003 жылғы 27 ақпандағы шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25, 40, 41 баптарына сәйкес, Алматы қалалық Мәслихатының 1998 жылғы 18 қыркүйектегi ХХI сессиясының шешiмiмен бекiтiлген " Алматы қаласының аумағындағы көркейту, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және ұйымдастыру ережелерiн", Қазақстан Республикасы жол қозғалысы тәртiбiнiң 17 тарауының жасыл желектердiң (газондардың) аумағында өзендердiң, суаттардың санитарлық аймағындағы көлiк құралдарын жуатын орындарда көлiк құралдарының жүруi мен тұрақ-жайға қойылуы жөнiндегi бөлiмiн көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң сақтамайтындығы туралы тұрғындардың көптеген өтiнiштерiн ескере отырып және қала Әкiмiнiң ұсынысына орай I сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. I сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1998 жылғы 18 қыркүйектегi "Алматы қаласының аумағындағы көркейту, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және ұйымдастыру ережелерiн бекiту туралы" ХХI сессиясы шешiмiнiң қосымшасына толықтыру енгiзiлсiн және бекiтiлсiн, берiлiп отыр.
Тармақ 2
2. Аудан әкiмдерiне әкiмшiлiктiк тәртiп бұзушылық туралы iстердi өз уақытында қаралуын қамтамасыз ету бойынша әкiмшiлiк комиссияларының»жұмыс кестесiн реттеу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң»орындалуын бақылау заңдылық және адам құқығын қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға (Громов В.Н.) жүктелсiн.
Басқа 4
I сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 1999 жылғы
14 мамырдағы ХХV сессиясының
шешiмiне қосымша
Алматы қалалық Мәслихатының
1998 жылғы 18 қыркүйектегi
"Алматы қаласының аумағындағы көркейту,
санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және
ұйымдастыру ережелерiн бекiту туралы"
ХХI сессиясы шешiмiнiң қосымшасына толықтыру
9 тараудың 9.8. тармағынан кейiн қосымша енгiзiлсiн:
Х тарау. Алматы қалалық Мәслихатының»1998 жылғы 18 қыркүйектегi "Алматы қаласының аумағындағы көркейту, санитарлық тазалау, тазалықты сақтау және ұйымдастыру ережелерiн (бұдан әрi - Ереже) көлiк құралдары жүргiзушiлерi бұзған кездегi әкiмшiлiктiк тәртiп бұзушылық туралы iстердi қарауды қамтамасыз ету.
Тармақ 10.1
10.1. Қала аумағында көлiк құралдарын қоюға және сақтауға қатысты бөлiмдегi ережелердi бұзғандығы үшiн және олардың жүргiзушiлерi жоқ болған жағдайда Алматы қаласының iшкi iстер органдары екi куәнiң» қатысуымен мемлекеттiк тiркеу нөмiрлерiнiң белгiсiн алу туралы акт жасайды, оның бiр данасы хаттамаға тiгiледi, ал екiншi данасы көлiктiң» алдыңғы әйнегiне немесе жүргiзушiге көрiнетiн жерге iлiнедi.
Тармақ 10.2
10.2. Нөмiрлiк белгiнi алу туралы актiде мiндеттi түрде қылмыс жасалған аумақтағы ауданның»әкiмшiлiк комиссиясының»мекен-жайы, тәртiп бұзушылық туралы iстi қараудың уақыты мен күнi көрсетiледi.
Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң тәртiп бұзғандығы туралы iс материалдарын ресiмдеу және қарау тәртiп бұзушылық анықталған сәттен бастап тәулiк бойына қаралады.
Тармақ 10.3
10.3. Алматы қаласы Iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерлерi мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн алғандығы туралы жасалған актiнi, жасалған әкiмшiлiк тәртiп бұзушылық туралы хаттаманы және нөмiрлiк белгiлердi оларды әкiмшiлiк комиссияда қаралуына даярлау үшiн АIIБ Жол полициясының аумақтық бөлiмшесiне тапсыруға мiндеттi.
Тармақ 10.4
10.4. Әкiмшiлiк комиссия тәртiп бұзушылық жасалған сәттен бастап тәулiк бойына Жол полициясы лауазымды тұлғаларының қатысуымен көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң әкiмшiлiк тәртiп бұзушылықтары туралы түскен iстерiн қарауға және iс бойынша қаулы шығаруға мiндеттi.
Айыппұл төленгеннен кейiн алынған нөмiрлiк белгi көлiк құралының иесiне қайтарылады.
Айыппұлды тәртiп бұзушы өзiне айыппұл салынғандығы туралы қаулы тапсырылған күннен бастап бiр тәулiктен кешiктiрмей төлеуге, ал мұндай қаулыға шағымданған немесе наразылық бiлдiрген жағдайда шағымның» немесе наразылықтың күшiнде қалғандығы туралы хабардан кейiн немесе ешбiр хабар алмаса үш күннен кешiктiрмей төлеуге тиiс.
Тәртiп бұзушы айыппұлды өз уақытында төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасының»Әкiмшiлiктiк тәртiп бұзушылықтар туралы Кодексiнде белгiленген тәртiппен одан жүргiзушi куәлiгi алынады, айыппұлды кешiктiрген әрбiр күн үшiн айыппұл сомасының бiр процентi көлемiнде, алайда бастапқы салынған айыппұлдың үш жиынтығынан аспайтын шамада өсiм алынады, ал нөмiрлiк белгi қайтарылады.