"Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қолданыста
Басқа 0
"Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
"Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнің
мiндетiн атқарушы
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Мемлекеттiк әлеуметтік тапсырыс туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасы үкiметтiк емес ұйымдарының мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруы процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi.
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк әлеуметтік тапсырыс - тапсырысшы мен орындаушы арасында шарт жасасу жолымен бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етiлген республикалық, салалық және өңiрлiк деңгейлердегi әлеуметтiк бағдарламаларды (әлеуметтiк жобаларды), сондай-ақ әлеуметтiк мiндеттердi шешуге бағытталған жекелеген iс-шараларды iске асырудың экономикалық-құқықтық нысаны;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт - осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес тапсырысшы мен орындаушының арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
Тармақша 3
3) тапсырысшы - республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi;
Тармақша 4
4) орындаушы - мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша тапсырысшының контрагентi ретiнде әрекет ететiн үкіметтік емес ұйым;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс алуға арналған конкурс (бұдан әрi - конкурс) - тапсырысшының үкiметтiк емес ұйымдардың жұмыстарын, қызметтер көрсетуiн сатып алуға бағытталған және мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың iзденушiлерiне ашық әрi адал бәсекелестiктi қамтамасыз ететiн орындаушыны анықтау тәсiлi;
Тармақша 6
6) үкiметтiк емес ұйымдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн олардың ортақ мақсаттарына жету үшiн азаматтар ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйымдар (саяси партиялардан, кәсiптiк одақтардан, дiни бiрлестiктерден басқа);
Тармақша 7
7) үкiметтiк емес ұйымдардың ынтымақтастық және iс-қимыл жасау жөнiндегi кеңестер - құрамына мүдделi мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кiретiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс iзденушiсi - мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған конкурсқа қатысушы үкiметтiк емес ұйым;
Тармақша 9
9) әлеуметтiк бағдарлама (әлеуметтiк жоба) - білім беру, ғылым, ақпарат, денсаулық сақтау, спорт, қоршаған ортаны қорғау; жастар, демографиялық, гендерлiк саясат; әлеуметтiк көмек; құқық қорғау қызметi; мәдениет саласындағы және өзге де әлеуметтiк мәнi бар салалардағы нақты мақсаттарға қол жеткiзуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Осы Заң "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қайшы келмейтiн бөлiгiнде мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыру процесiнде туындайтын қатынастарға қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Мемлекеттiк әлеуметтік тапсырыс процесін құқықтық реттеу қағидаттары
3-бап. Мемлекеттiк әлеуметтік тапсырыс процесін құқықтық реттеу қағидаттары
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс процесiн құқықтық peттeу:
Тармақша 1
1) заңдылық;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк бағдарламаларды (әлеуметтiк жобаларды) жүзеге асыру тиiмдiлiгiн арттыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтiк мiндеттердi шешуге қатысуын кеңейту;
Тармақша 4
4) үкiметтiк емес ұйымдардың мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орындауға арналған конкурсқа қатысуы үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс процесiнiң жариялылығы мeн ашықтығы қағидаттарына негiзделедi.
Бап 4. 4-бап. Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау
4-бап. Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау
Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзырет шегiнде үкiметтiк емес ұйымдар мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруы барысында оларға ақпараттық, консультативтiк, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсетедi.
Ақпараттық және консультативтiк қолдау Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiн түсiндiру, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ақпаратты ұсыну, мемлекеттiк, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу және iске асыру жолымен көрсетiледi.
Әдiстемелiк және ұйымдастырушылық-техникалық қолдау ақпараттық-анықтамалық және әдiстемелiк материалдарды әзiрлеу, мемлекеттiк әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру мәселелерi бойынша семинарлар, конференциялар, тренингтер және өзге де iс-шаралар өткiзу арқылы көрсетiледi.
Бап 5. 5-бап. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру салалары
5-бап. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру салалары
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) бiлiм беру, ғылыми, ақпараттық мақсаттарға қол жеткiзу;
Тармақша 2
2) азаматтардың денсаулығын қорғау, салауатты өмiр салтын насихаттау;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаны қорғау;
Тармақша 4
4) балалар мен жастар бастамаларын қолдау;
Тармақша 5
5) демография проблемаларын шешу;
Тармақша 6
6) гендерлік проблемаларды шешу;
Тармақша 7
7) халықтың әлеуметтiк осал топтарын қолдау;
Тармақша 8
8) жетiм балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек;
Тармақша 9
9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
Тармақша 10
10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;
Тармақша 11
11) мәдениет пен өнердi дамыту;
Тармақша 12
12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;
Тармақша 13
13) қоғамдық келісімдi нығайту;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де әлеуметтiк маңызы бар бағыттар.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс үкiметтiк емес ұйымдардың әлеуметтік бағдарламаларды (әлеуметтiк жобаларды), сондай-ақ әлеуметтiк мiндеттердi шешуге бағытталған iс-шараларды орындауы арқылы жүзеге асырылады.
Бап 6. 6-бап. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыру
6-бап. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың орындаушысы үкiметтiк eмec ұйымдардың арасында ашық конкурс өткiзу жолымен айқындалады.
Тармақ 3
3. Конкурсқа қатысуға осы Заңның 5-бабында көзделген бағыттар бойынша маманданған үкiметтiк емес ұйымдар жiберiледi.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың тиiмдi орындалуының мониторингi мен сырттай бағалануын орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жанындағы үкiметтiк емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара iс-қимыл жасау жөнiндегi кеңестер жүзеге асырады.
Бап 7. 7-бап. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың қаржы қаражатын пайдалану
7-бап. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың қаржы қаражатын пайдалану
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың қаржы қаражаты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартта көзделген мақсаттарда және тәртiппен пайдаланылады.
Бап 8. 8-бап. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың орындалуын бақылау
8-бап. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың орындалуын бақылау
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың орындалуын бақылауды тапсырысшы, сондай-ақ өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Бап 9. 9-бап. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
9-бап. Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
Бап 10. 10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзудiң тәртiбi
10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзудiң тәртiбi
Осы Заң ол ресми түрде жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi