Облысты сумен қамтамасыз етудегi «Су - жер нәрi» бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы «Ауылшаруашылық серiктестiгi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» Заңына сәйкес және облыстың су шаруашылығын басқаруды жетiлдiру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Облысты сумен қамтамасыз етудегi «Су - жер нәрi» бағдарламасы туралы от 03.02.2001 г. № 410 (Облысты сумен қамтамасыз етудегi «Су - жер нәрi» бағдарламасы туралы)
1. Облысты сумен қамтамасыз етудiң «Су - жер нәрi» бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса тiркелдi).
2. Аудандар және Қызылорда қаласы әкiмдерi, облыстық ауылшаруашылығы департаментi (Қ.Ахметов), облыстық коммуналдық мемлекеттiк «Қызылордасушаруашылығы» кәсiпорны (Ә.Құтжанов) «Су - жер нәрi» бағдарламасын орындау үшiн ұйымдастыру-шаруашылық шараларын қабылдасын.
3. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Нұртазаевқа жүктелсiн.
Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 3 ақпандағы
№ 410 шешiмiмен
бекiтiлген
Облысты сумен қамтамасыз етудегi «Су жер нәрi» бағдарламасы
Қызылорда - 2001 жыл
ПАСПОРТ
Аты-жөнi - Облысты сумен қамтамасыз етудегi «Су-жер нәрi» бағдарламасы
Бағдарламаның әкiмшiлiгi Облыстық ауыл шаруашылығы департаментi
Мақсаты - Сумен қамтамасыз етуде тиiмдi жүйелерiн жасау арқылы су ресурстарын оңтайлы пайдалану, су тұтынушыларды бiрiктiру, суармалы сумен жабдықтаушы мен тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты құрып, нығайту, облыстық ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң өсуiне жағдай туғызу, су ресурстарына деген көзқарасты тауар сияқты түбегейлi өзгерту
Бағдарламаның тапсырмасы - Бағдарламаның мақсатын орындау үшiн оны толық жүзеге асыру керек
Бағдарламаның негiзгi iс-шаралары - Қазақстан Республикасының «Ауылшаруашылығы серiктестiктерi мен олардың ассоциациясы (одақ)» заңына сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi сумен қамтамасыз ететiн көтерме және бөлшек жабдықтаушылар құру
Қаржыландыру көздерi - Жергiлiктi бюджеттiң және кәсiпорынның өз қаржысы
Бағдарламаның орындалуынан шығатын қорытынды - Суармалы суға төлемеу мәселелерiн шешу, ауыл шаруашылығы құрылымдарының қаржылық қауарсыздығын жою, облыстық ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң дамуына жағдай жасау
Осы бағдарламада төмендегi ұғымдар қолданылады:
1) Көтерме жабдықтаушы - «Қызылордасушаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны (ОКМК) шаруашылықаралық маңызы бар су шаруашылығы объектiлерiне жөндеу жүргiзiп және су жеткiзiп беру қызметiмен айналысады.
2) «Қызылордасушаруашылығы» ОКМК-ның еншiлес кәсiпорындары - «Қызылордасушаруашылығы» ОКМК-ның аудандағы өкiлдерi, егiстiкке су жеткiзiп беру қызметiмен айналысады, аудандағы су шаруашылығы объектiлерiне бақылау жасайды.
3) Ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушiлер - егiстiкке су тұтынушылар және ауылшаруашылығы өнiмдерiн өндiретiн жеке және заңды тұлғалар.
4) Бөлшек жабдықтаушы - көтерме жабдықтаушы мен ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң арадағы келiсiм шарт негiзiнде егiстiкке берiлетiн суды сатып алып сататын заңды тұлға.
5) Ауылшаруашылық серiктестiгi - ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң ауылшаруашылық өнiмдерiн өңдеу, сақтау, сату, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету және серiктестiк мүшелерiне басқада сервистiк қызмет көрсететiн, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң ерiктi мүшелiк мүлiктiк жарнасы арқылы құрылатын заңды тұлға, екiншi және үшiншi кезеңде бөлшек жабдықтаушы.
Қызылорда облысын сумен қамтамасыз етудегi «Су жер-нәрi» бағдарламасы
Кiрiспе
Су-ұлттық байлықтың бiр бөлiгi болып табылады. Оны қорғау, игеру және әзiрлеу кезiнде табиғаттың тепе-теңдiгiн сақтау жалпыға ортақ. Облыстың жалғыз су артериясы-Сырдария өзенi, жоғарғы ағысында сыйымдылығы 31,8 текшекилометр болатын 5 су қоймасы арқылы реттелген. Қызылорда облысының аумағындағы оның ұзындығы 1281 километр, судың орташа жылдық көлемi 12,0 текшекилометр, оның 40 пайызы жазғы кезеңге келедi.
Облыс экономикасы үшiн өзеннiң өте маңызды ролi бар, облыс жерiне, ауа райына қарай тек суармалы егiстiкпен айналысатын, суды көп қажет ететiн күрiш өсiруге мамандандырылған аймаққа жатады. 2000 жылы Сырдария өзенiнен 3,7 текшекилометр су алынды, оның егiстiктi суаруға жұмсалғаны 3,2 текшекилометр. Пайдалануға бiрiншi берiлген суармалы жерлерге, су жүйелерiне, дренажды қашыртқыларға, гидротехникалық құрылыстарға 35 жылдан астам уақыт болды, негiзiнен тауар өндiрушiлердегi қаржы тапшылығы және табиғатқа байланысты болатын су ресурстарының жетiспеушiлiгiнен соңғы 10 жылдықта ауылшаруашылығына жарамды жерлер мен егiстiк жерлер 2,0 есеге қысқарды, ауылшаруашылығы өнiмдерiн өндiру 2 есе азайды. Сонымен қатар дренажды қашыртқылар арқылы ауыл шаруашылық жерлерге қолданылған пестицид пен минералды тұздарды қайта құйылғандықтан өзендегi су өзiнiң табиғи құнарлығынан айырылып қалған.
Облыста су пайдалануы ұйымдастыру, мелиоративтiк су шаруашылығы объектiлерi мен құрылыстарын пайдалануды және ұстап тұру «Қызылордасушаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынға және оның жергiлiктi бөлiмшелерiне жүктелген. Бiрақ та, саланың қалыптасатын жағдайы су шаруашылығы комплексiнiң материалды-техникалық және қаржылық жағдайлары, су жеткiзiп беру қызметiне төлемақының ұдайы төленбеуi, қазiр оның көлемi 170 млн. теңгеге жетуiне саланың қазiргi қойылып отырған талаптарға сай еместiктен, нарықтық қатынастардың болмауынан және саладағы қалыптасқан мәселелердi ескi көзқараспен шешуде болып отыр.
Облысты сумен қамтамасыз ету бағдарламасы, су шаруашылығы комплексiндегi қалыптасқан жағдайды дәл нақты көрсетедi, орын алып отырған мәселелердi анықтап алдағы уақытқа нақты мақсаттар қояды, негiзгi күрiш өсiрудi интенсификациялау арқылы ауылшаруашылығы өндiрiсiн одан әрi дамытуға жағдай жасайды, инженерлi-тегiстелген жерлерге шетелдiк және отандық инвестиция тартуға, жаңа технология мен сорттарды енгiзуге, сонымен қатар су жеткiзiп беру қызметiнiң өзiндiк құнын кемiтедi.
І. Су ресурстарын басқарудың және су шаруашылығы жүйелерiн қазiргi жағдайларына талдау
Облыста негiзгi ауылшаруашылығы, өнеркәсiп және жылу энергетикасы негiзгi су тұтынушылар болып табылады. Осы салаларда сумен қамтамасыз етудегi басты бағыт, оны тиiмдi пайдалану, нормаланған көлемнiң үлес салмағын азайту. Бұл өнеркәсiпте суды екiншi рет пайдаланудың жаңа технологиялық әдiстерiн енгiзу, ал ауыл шаруашылығында пайдаланған суды биологиялық тазарту арқылы суландыруға болады.
Облыста суармалы жердiң көлемi 277,7 мың гектар, оның iшiнде 206,1 мың гектары инженерлi-дайындалған жерлер. Инженерлi-дайындалған жерлер мынадай үлкен массивтерге орналасқан, Төгiскен - 32,0 мың га, Жаңақорған-Шиелi массивiнде - 90,0 мың га, Қазалы - 30,0 мың га. Суармалы жерлерде 2,0 мың километр болатын магистралдық канаттар, 900 километр су тастайтын қашыртқылар қазылса, оларда орналасқан гидротехникалық құрылыстар саны-400. Iшкiшаруашылық суландыру жүйелерiнiң ұзындығы - 11,9 мың километр, қашыртқылар жүйесi 10,2 мың километр, оларда 24 мың дана гидротехникалық құрылыстар орналасқан. Қызылорда және Қазалы су тораптары пайдаланылуда, жергiлiктi суға арналған 2 шағын су қоймасы және басқа су шаруашылығы объектiлерi бар.
Бiрақ, инженерлi-дайындалған 206,1 мың гектар суармалы жердiң 118,9 мың гектары немесе 55 пайызы өзiнiң мақсатында пайдаланылмайды. Оның iшiнде, тұзданудан - 21,0 мың гектар, судың астында қалудан - 11,4 мың гектар, су жүйелерiнiң нашарлығынан - 15,1 мың гектар, дренажды қашыртқылардың жөнделмеуiнен - 12,1 мың гектар,басқа себептерден - 15,99 мың гектар. Суармалы жердiң жартысынан жуығы ауылшаруашылығы айналымынан шыққан және ешқандай өнiм бермейдi. Соңғы жылдары күрiш 58-60 мың гектарға егiлiп жүр, алдағы уақытта күрiш егудiң көлемiн 70 мың гектарға жеткiзу жоспарлануда.
Су тапшылығы, көктемгi егiн егу және су алу науқанына арналған iс-шараларды талапқа сай жүргiзiлмеуiнен бiрқатар аудандарға 5771 гектар жерде ауылшаруашылығы өнiмдерi, оның iшiнде күрiштiң 4278 гектары судан қалды. Болжам бойынша алдағы маусымда су тапшылығы болады деп күтiлуде. Сондықтан, су ресурстарын басқару және реттеу мәселелерiне түпкiлiктi өзгерiстер енгiзудiң, су шаруашылығы комплексiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн арнайы құрылымның аймақтық экономикалық дамуына өте маңызы бар.
Соңғы он жыл көлемiнде, су шаруашылығы жүйелерi, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, ирригациялық-қашыртқылар жүйесiн жетiлдiру жұмыстары «Қызылордасушаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны жағынан болсын толық қаржыландырылған жоқ, сондықтан су ресурстарының көп ысырап болуына жол берiлуде. Бұрын шаруашылықтарда болған iшкiшаруашылық суармалы жүйелер егесiз қалды.
Бағдарламаның негiзгi мақсаты-сумен қамтамасыз етуде тиiмдi жүйе жасау арқылы су ресурстарын оңтайлы пайдалану, су жеткiзушiлер мен су тұтынушылар арасында экономикалық байланыс жасап, оны нығайту, облыстың ауылшаруашылығы саласының дамуына жағдай жасау, су ресурстарына деген көзқарасты түпкiлiктi өзгерту.
Сумен қамтамасыз ету бағдарламасының орындалуы
Қалыптасқан жағдайға баға беру
«Қызылордасушаруашылығы» облыстық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 7 қыркүйектегi № 299 шешiмiмен құрылды, облыс әкiмi кәсiпорнының құрылтайшысы болып саналады және оған дегенде өкiлеттi органның мiндетiн атқарады. «Қызылордасушаруашылығы» ОКМК-ның құрамына су жеткiзiп беру қызметi арқылы қаржыландырылатын 7 аудандық су жүйелерi басқармасы, қосымша бюджеттен қаржыландырылатын екi су торабы және «Қызылордасушаруашылығы» ОКМК-ы кiредi. Аудандық бөлiмшелердi қосқанда барлық жұмыскерлердiң саны-550 адам. 2001 жалдың басына кәсiпорында 1995 жылдан жинақталған 169,5 млн. теңге дебиторлық қарыз, 154,2 млн. теңге кредиторлық арыз, оның iшiнде 82,1 млн. теңге салыққа, айлық еңбекақыға 16,1 млн. теңге, басқа төлемдерге 56,0 млн. теңге. «Қызылордасушаруашылығы» ОКМК-ның жылдағы бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау департаментiнiң 1 текшеметр суға, қосымша құнға салынатын салықты қосқанда бекiткен 4,71 тиыны кәсiпорынның нақты шығындарын жаппайды. 2000 жылы егiстiктi суаруға 118,6 млн. теңге болатын 2517,45 млн. теңге текшеметр су берiлдi, бүгiнгi күнге су тұтынушылардың бартер арқылы, күрiш саласынан бағасы 25 теңгеден, 94,0 млн. теңгенiң заты алынды, оның iшiнде ауыл шаруашылығы құрылымдары атқарған 16,9 млн. теңгенiң жөндеу жұмыстары бар. Қазiргi кезде аудандық бөлiмшелердi банкротқа жiберу арқылы еншiлес коммуналдық кәсiпорындар құру жұмыстары жүргiзiлуде, Қармақшы және Жалағаш аудандарында бұл жұмыстар қайта құру және жаңадан тiркеуден өту арқылы жүредi. Еншiлес кәсiпорындардың құрылтайшысы негiзгi кәсiпорын болып саналады.
Мақсаты
Бағдарламаның орындалуының бiр кезеңдегi мақсаты ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су жеткiзiп беру қызметiн көрсететiн көтерме және бөлшек сауда рыногын, су тұтынушылардың су жеткiзiп беру қызметi алдындағы төлем мiндеттемелерiн орындауға жағдай жасау.
Мақсаттары:
1. «Қызылордасушаруашылығы» ОКМК-ның аудандық бөлiмшелерiндегi қайта құру жұмыстарын су алу науқанына дейiн аяқтау.
2. Коммуналдық меншiктегi, су шаруашылығы кәсiпорындарының балансындағы шаруашылықаралық магистралды каналдарда және басқа су шаруашылығы объектiлерде паспортизация жұмыстарын жүргiзу.
3. Егiстiкке су жеткiзетiн көтерме және бөлшек жабдықтаушыны анықтау, олардың қызметi мен мiндетiнiң ара жiгiн анықтау.
4. Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелi, Жаңақорған аудандарына және Қызылорда қаласының кәсiпорын (МК) құру, құрылымы, құрылтайшымен, су шаруашылығы кәсiпорындары және су тұтынушылармен арадағы қарым-қатынасы, құрылтайшы бекiткен кәсiпорын жарғысы арқылы анықталады.
5. Су жеткiзiп беруге ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен, сату бағасы анықталған келiсiм шартқа отыру.
6. Коммуналдық меншiкке жатпайтын объектiлерде паспортизация жүргiзу үшiн облыстық басқармалар мен комитеттер, аудан әкiмшiлiгiнен және ауыл шаруашылық құрылымдарының уәкiлдерiнен тұратын комиссия құру.
7. Ауылшаруашылығы құрылымдары бiрiгiп пайдаланатын iшкiшаруашылық су жүйелерiн, гидротехникалық құрылыстарды бұдан әрi тиiмдi, өз мақсатында және жұмыс iстеу жағдайында ұстап тұру үшiн оларды басқару және қызметiн реттеу тетiгiн анықтау.
8. Су берушiлер мен су пайдаланушылар аралығындағы өзара қаржы қатынастарын ұзақ мерзiмдi келiсiм арқылы нығайту.
9. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ауылшаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң құрылтайшылық етуiмен ауылшаруашылығы серiктестiктерiн құру.
10. Iшкi су жүйелерi мен гидротехникалық құрылыстардың паспорты негiзiнде ауылшаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң сенiм басқаруына берiлетiн нысандарды анықтап, олардың басқару механизмi мен өкiлеттiк функцияларын анықтау.
11. Су пайдаланушылардың суға тауар есебiнде жаңа қатынастарын қалыптастыру, ауылшаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң тiзбесiн анықтау.
12. Iшкi су жүйелерi мен гидротехникалық құрылыстарды сенiм басқаруына алатын ауылшаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң көзқарасын өзгерту
13. Iшкi су жүйелерi мен гидротехникалық құрылыстарды ауылшаруашылығы серiктестiктерiнiң сенiм басқаруына беру.
14. Ауылшаруашылығы серiктестiктерi суды тиiмдi пайдалану iс-шараларын жүзеге асырып, ауылшаруашылығы тауарын өндiрушiлерге материалдық техникалық жәрдем мен ақпарат көмегiн беруi керек.
Бағдарламаның орындалу тетiгi (механизмi)
Егiстiкке су жеткiзiп берудегi көтерме жабдықтаушы
Облыста ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге, бекiтiлген көлемде Сырдария өзенiнен су алып, егiстiкке су жеткiзiп беру қызметiн көрсететiн «Қызылордасушаруашылығы» ОКМК-на көтерме жабдықтаушы болып келедi. Көтерме жабдықтаушының мiндеттерiне мыналар кiредi:
1. Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеудi басқару
2. Су объектiлерiн экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
3. Су ресурстарын қорғау және бөлу кезiнде облыстың мүддесiн қорғау.
4. Су пайдалану жүйесiн тәртiпке келтiру, суды үнемдеудiң технологиясын енгiзу арқылы егiстiкке су алудың көлемiн азайту.
5. Су шаруашылығы объектiлерiнiң және құрылыстарының пайдалануға сенiмдiлiгi мен орнықтылығын қамтамасыз ету, шаруашылық аралық су жүйелерiн су алу науқанына дайындау, пайдаланылмай жатқан суармалы жерлердi ауылшаруашылық айналамына қосу, судың есебiн жүргiзу.
6. Бюджеттен бөлiнген қаржыны су шаруашылығы объектiлерiн жөндеу және пайдалану жұмыстарына тендер өткiзу арқылы жұмсау.
7. Шаруашылық жұмыстары арқылы тапқан қаржыдан «Қызылордасушаруашылығы» ОКМК-ның жұмыскерлерiнiң айлық еңбекақысын төлеу.
8. Техникаларға қызмет көрсету және басқа шығындарға.
Коммуналдық меншiктегi барлық су шаруашылығы объектiлерi көтерме жабдықтаушының балансына болады.
Судың төлемақысының түсiмiн көбейту және ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң төлеу қабiлетсiздiгiн төмендету мақсатында аудандарда бөлшек жабдықтаушы құрылады-ол ауыл шаруашылығы серiктестiгi құрылтайшысы ретiнде немесе мемлекеттiк кәсiпорын, заңды тұлға құқығында шаруашылық субъектiсi болып саналады.
Ауылшаруашылығы серiктестiктерi (АС) келесi мiндеттердi атқарады.
1. Су жеткiзiп беру қызметiнiң ақысын толық жинайды
2. Ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлердiң берешек қарызын төмендету
3. Көтерме жабдықтаушымен арадағы келiсiм шарт бойынша ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң суармалы сумен қамтамасыз етiлуiн қадағалайды.
4. Тұтынушылардан суға берешек қарыздарын өндiредi.
Ауылшаруашылығы серiктестiктерi (АС) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн, кiрiс әкелетiн кез келген қызмет түрлерiмен айналыса алады. Мемлекеттiк кәсiпорынның мiндетiне су шаруашылығы объектiлерiн жөндеу көрмейдi.
Суармалы суды бөлудiң тетiгi (механизмi)
1. «Қызылордасушаруашылығы» ОКМК-ы Сырдария өзенiнен су алуды жүзеге асырады.
2. Әр ауданға бөлiнген лимит бойынша «Қызылордасушаруашылығы» ОКМК-ы аудандық еншiлес кәсiпорындарға суды бөлiп бередi.
3. Аудандық еншiлес кәсiпорындар мен ауыл шаруашылығы серiктестiгi арасында құқығы мен мiндетi айқындалған, суармалы суды сатып алуға келiсiм шарт жасалады.
4. Бөлшек жабдықтаушы мен ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушiлер арасында жеткiзiлiп берiлетiн судың көлемi төлемақысы және жалпы сомасы көрсетiлген, мөрмен куәландырылған келiсiм шарт жасалады.
5. Еншiлес кәсiпорын мен ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушiлер қол қойған орындалу актiсi бойынша мемлекеттiк кәсiпорын ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiң судың төлемақысын жинайды.
6. Ауыл шаруашылығы серiктестiгi аудандық еншiлес кәсiпорынның есеп шотына орындалған жұмыстың актiсiне сәйкес судың төлемақысын аударады.
Күтiлетiн қорытынды
Бағдарламаның түпкi мақсаты-суды тиiмдi пайдалану, су пайдаланушылар бiрлестiгiн, су берушi мен су пайдаланушылар арасында экономикалық қатынастарды құру мен нығайту, ауылшаруашылығы өнiмдерiн көтеруге жағдай жасалып, су ресурстарына тауар есебiнде қарау қалыптасады.
Қорытынды
Облыстық «Су жер-нәрi» бағдарламасының әрбiр кезеңiнiң орындалуы анықталған мақсатқа жету мен қорытындылау және келесi кезеңге көшуге жағдай жасау.
Бағдарламаны орындау арқылы көтерме және бөлшек сауда рыногi құрылып ауылшаруашылығы тауарын өндiрушiлердi сумен қамтамасыз ету және су берушi мен су пайдаланушылар арасында жаңа қаржы қатынастары нығайды, сонымен қатар суға төлемақы, еңбекақыға, бюджетке салық қарыздары жойылады. Ауылшаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң берешек қарыздарын азайту мақсатында әр ауданда мемлекеттiк кәсiпорын құрылады, оларға құрылтайшы аудан әкiмi болады. Бағдарламаның орындалуы ауылшаруашылығы серiктестiктерiн құру көзделiп отыр, олардың құрылтайшылары мемлекеттiк кәсiпорын мен ауылшаруашылығы тауарын өндiрушiлер болады. Iшкi су жүйелерi мен гидротехникалық құрылыстарды басқару механизмi анықталады. Сонымен қатар су пайдаланушыларды суға жаңа қатынастар қалыптасуына, суды тауар есебiнде қарап, су жеткiзiп беру қызметiне төлемақыны ақшалай есептесуге, салық пен еңбекақыға қарыз болмай, қаржының жақсаруына себебiн тигiзедi. Сонымен қатар су шығынын 30 пайыздан 20 пайызға дейiн азайту, судың өзiндiк құнын түсiру, су шаруашылығына қажет қаржыны азайту күтiлiп отыр. Ауылшаруашылығы серiктестiктерiне кiрген ауылшаруашылығы тауарын өндiрушiлер материалдық-техникалық жәрдем мен ақпараттық-маркетингтiк көмек алады.
Сонымен қатар iшкi су шаруашылық жүйелерi мен гидротехникалық құрылыстар ауылшаруашылығы серiктестiктерiнiң сенiм басқаруына берiледi.