Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

«Қызылордаавтожолдары» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнын құру туралы

Өзге акт · № 382 · қабылданған 27.12.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 27.12.2000 редакциясы
https://adilet.kz/laws/i-i-ekb-9250/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
«Қызылордаавтожолдары» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнын құру туралы Қолданыста

«Қызылордаавтожолдары» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнын құру туралы

ҚАЗ«Қызылордаавтожолдары» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнын құру туралы

Қолданыста Өзге акт № 382 қабылданған 27.12.2000

ЭКБ деректері 05.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
«Қызылордаавтожолдары» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнын құру туралы
Атауы (қаз.)
«Қызылордаавтожолдары» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнын құру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
382
Қабылданған күні
27.12.2000
Көрсетілген редакция
27.12.2000 · қолданыстағы 9250_295771.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
27.12.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00L000510_
ЭКБ идентификаторы
9250
Редакция идентификаторы
9250_295771
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:05

0 «Қызылордаавтожолдары» мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы «Жергілікті өкілеттік атқару органдары туралы» Заңының 43 бабының 3 тармағын, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жіктеу ережесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, жергілікті маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын басқару мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қызылордаавтожолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылсын.

2. «Қызылордаавтожолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қатысты мемлекеттік коммуналдық меншік құқықтарының субъектісі қызметтерін жүзеге асыратын өкілетті органы болып облыстық өнеркәсіп және көлік департаменті белгіленсін.

3. Облыстық өнеркәсіп және көлік департаменті /С. Мырзашев/:

- кәсіпорынның басшысын тағайындасын;
- Әділет органдарында белгіленген тәртіппен кәсіпорынды тіркеуден өткізсін.

4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары К. Нұрекешовке жүктелсін.