Қазығұрт ауданында қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, қоғамдық көлiк қозғалысы мен оларды пайдаланудың уақытша ережесiн бекiту туралы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазығұрт ауданында қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, қоғамдық көлiк қозғалысы мен оларды пайдаланудың уақытша ережесiн бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 12.08.2003 № 283 қаулысымен. Қазығұрт ауданында қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, қоғамдық көлiк қозғалысы мен оларды дұрыс пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының (31 бабы 1 тармағы 9 тармақшасы) негiзiнде аудан әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДi:
Тармақ 1
1. Қазығұрт ауданында қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, қоғамдық көлiк қозғалысы мен оларды пайдаланудың Уақытша Ережесi бекiтiлсiн. (қосымша)
Тармақ 2
2. Қаулы Облыстық әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Тлеубердиевке жүктелсiн.
Басқа 4. Қазығұрт ауданында қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, қоғамдық көлiк қозғалысы мен оларды пайдаланудың уақытша ережесi
Аудан әкiмиятының 2003 жылғы 11.03 күнгi Қазығұрт ауданында қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, қоғамдық көлiк қозғалысы мен оларды пайдаланудың уақытша ережесiн бекiту туралы N 69 бекiтiлген қосымша Қазығұрт ауданында қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, қоғамдық көлiк қозғалысы мен оларды пайдаланудың уақытша ережесi
Бөлім 1. 1 Бөлiм
1 Бөлiм Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, қоғамдық көлiк қозғалысы мен оларды пайдаланудың осы уақытша ережесi (ары қарай ереже) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес әзiрленiп (31 баптың 1-тармағы 9 тармақшасы) Қазығұрт ауданы аумағында қолданылады.
Тармақ 2
2. Жолаушылар мен жүк тасымалдау қызметiн көрсетушi барлық жеке және заңды тұлғаларға (ары қарай тасымалдаушылар) сондай-ақ қоғамдық көлiк қызметiн пайдаланушы жолаушыларға осы ереже мiндеттi болып табылады.
Тармақ 3
3. Жолаушылар тасымалын автомобиль көлiктерiмен жүзеге асыруда жолаушылар мен тасымалдаушылардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiктер осы ережемен реттеледi. Жергiлiктi атқарушы органдар мен қызметiн ұсынушы нысандарының өзара қарым-қатынасы осы ережемен белгiленедi.
Бөлім 2. 2 Бөлiм
2 Бөлiм Қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырудың жалпы тәртiптерi
Тармақ 4
4. Қоғамдық жолаушылар тасымалы (жалпы пайдаланудағы жолаушылар тасымалы);
Тармақша 1
1) бекiтiлген бағыттардағы автобустармен, бағытты таксилермен;
Тармақша 2
2) жеке тапсырыстар бойынша жеңiл автомобиль таксилерiмен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Жалпы пайдаланудағы жолаушылар тасымалы жүйелi негiзiнде (белгiленген бағыттар мен ұзақ мерзiмдi шарттар бойынша) немесе бiр жолғы ретте (тапсырыс берушiнiң белгiленуiмен ерiктi бағыт бойынша) жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тармақ 6
6. Жалпы пайдаланудағы жүйелi бағыттар тасымалы әкiмиятының бекiткен кестесi мен бағыттар сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Тасымалданушылармен барлық қырым-қатынас келiсiм шарт негiзiнде құрылады. Бұл жерде мемлекеттiк органдардың тасымалданушы мекемелерiнiң шаруашылық жұмыстарына араласуға құқықтары жоқ.
Тармақ 7
7. Ауданда жолаушыларға қызмет көрсетуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган (өкiлеттi орган) аудандық коммуникациялар және көрiктендiру бөлiмi болып табылады.
Тармақ 8
8. Аудан әкiмияты азаматтардың жекелеген категориясына көлiк қызметiн пайдалануға жеңiлдiктер (оның iшiнде тегiн жол жүру түрiне де) белгiлеуi мүмкiн. Аталған жеңiлдiктер бюджет қаржысы есебiнен қаржыландырылады, бұл жөнiнде әкiм мен тасымалдаушылар арасында келiсiм-шарт жасалынады.
Тармақ 9
9. Жолаушылар тасымалының жүйелi бағыттарына тасымалдаушыларды iрiктеу тендерлiк негiзде ғана жүзеге асырылады. Ашық тендерлер өткiзудi ұйымдастыру, әкiмияттың қаулысымен құрылатын аудандық тендерлiк комиссияға жүктеледi. Тендер нәтижесiмен бағытты жеңiп алған тасымалдаушымен аудан әкiмi тиiстi шарт жасайды. Бағыттарға қызмет көрсету жөнiндегi шарт жасасқаннан кейiнгi тасымалдаушымен арадағы қарым-қатынас та келiсiм негiзiнде қолданыстағы шарттарға өзгертулер мен қосымшалар енгiзу арқылы құрылады.
Тармақ 10
10. Тасымалдаушы өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда тапсырыс берушi қолданыстағы заңдылық құжаттарға сәйкес бұзуға құқылы.
Бөлім 3. 3 Бөлiм
3 Бөлiм Қоғамдық көлiк қозғалысын бағыттар бойынша ұйымдастырудың тәртiптерi
Тармақ 11
11. Қоғамдық көлiктердiң бағыттар бойынша қозғалысы әкiмиятпен бекiтiлген қозғалыс сызбалары мен кестелерiне және өкiлеттi орган бекiткен графикке сәйкес ұйымдастырылады.
Тармақ 12
12. Тасымалдаушы көлiктерiнiң бекiтiлген қозғалыс сызбасынан өз бетiнше ауытқуларын, қозғалыс кестелерi мен графиктерiн өзгертулерiне, сондай-ақ көлiк салондарын жолаушылармен толтыруда белгiленген мөлшердегi сыйымдылықтан артуына жол берiлмейдi.
Тармақ 13
13. Автобустар жолаушыларды түсiру мен отырғызуға аялдамаларда ғана рұқсат етiледi. Талап ету бойынша аялдама жасауға құқы бар бағыттарда, жолаушы, жүргiзушiнi аялдама жасау жөнiнде алдын-ала ескертуi қажет.
Тармақ 14
14. Қол жүктерiн буып-түю мен тасымалдау жұмыстары, басқа жолаушылар мен транспорт құралдарына ешқандай зиянын тигiзбеу қажет (былғану немесе бүлiну жағдайлары).
Тармақ 15
15. Иттер көлiк құралдарының артқы алаңшасында тұмсық қабымен тек қана жетекте, ал мысықтар мен құстар-сөмкелер мен жабық торларда ғана тасымалданады.
Тармақ 16
16. Аудан көлемiнде жолаушы көлiктерiнде мыналарды тасымалдауға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) от қауiптi, жарылғыш, уландыратын, тез тұтанғыш, улы, күйдiргiш және сасық иiстi заттарды;
Тармақша 2
2) аталатын қаруларды тыс қапсыз;
Тармақша 3
3) жолаушылар мен көлiк құралдарына зиян келтiруi мүмкiн заттар мен бұйымдары (былғану немесе бүлiну жағдайлары)
Тармақ 17
17. Бағыттағы таксилерде жолаушы орындығынан артық жолаушы тасымалдауға тыйым салынады.
Тармақ 18
18. Бағыттағы такси мен экспресстi автобус бағыттары қызмет көрсететiн бағыттар, жалпы қалалық және қалаға iргелес бағыттар негiзiнде, негiзгi автобус бағыттарын ұтып алған тасымалдаушылардың тапсырыс берулерi бойынша ашылады.
Тармақ 19
19. Бағыттағы таксилердiң қозғалысы жолаушылардың жиналуына қарай жедел аралықта ұйымдастырылады.
Тармақ 20
20. Бағыттағы таксидiң жолаушысы өзiнiң қай жерден түсетiндiгi жөнiнде жүргiзушiнi алдын-ала ескертуге мiндеттi.
Тармақ 21
21. Тасымалдаушыда, автокөлiк құралы иесiнiң азаматтық құқықтық жауапкершiлiктi мiндеттi сақтандыру туралы келiсiм-шарт мiндеттi түрде болуы қажет және де ол шарт жолаушылар тасымалының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң барлық талаптарына сай болуы тиiс.
Тармақ 22
22. Жалпы пайдаланудағы жолаушылар тасымалына қызмет көрсетуге арналған көлiк құралдары техникалық ахаусыз, шығарушы зауыттың нормативi техникалық құжат талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы стандарттарына сай болуы қажет.
Тармақ 23
23. Такси көлiктерi адам өмiрiн қорғауды нығайту мақсатында әр тоқсан сайын техникалық байқаудан жүйелi өтуi тиiс және күнделiктi жұмысқа шығар алдында санитарлық-медициналық және техникалық тексеруден өтуiн қамтамасыз етiп отыру үшiн жергiлiктi көлiк компаниялары (автопарктер) арқылы ұйымдастырылуы тиiс.
Тармақ 24
24. Қалыпты жолаушы қызметiн көрсетуге тартылған қалалық қала аралық және эксперттi бағыттардағы жылжымалы құрамының жолаушылар есiгi бар автобустарды қалалық бағыттарда бағыттағы такси ретiнде ғана пайдалануға жол берiледi.
Тармақ 25
25. Бағытқа шығарылатын жылжымалы құрамда мыналар болуы қажет:
Тармақша 1
1) ешқандай кедергiсiз ашылып жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен апатты люктерi;
Тармақша 2
2) жабық жағдайында жүргiзушi кабинасы мен жолаушылар салонына жауын-шашынның тиюiн болдырмайтын төбесi, апатты люктерi және терезелерi;
Тармақша 3
3) мықты бекiтiлген орындықтары мен ұстап тұру тiректерi;
Тармақша 4
4) жыртылмаған таза орындық тыс қаптары;
Тармақша 5
5) ешқандай шығыңқы жерсiз, бiртегiс мықты бекiтiлген аяққойғыштар мен салон еденi. Салон еденi жыртылмаған, икемдi материалмен қапталуы қажет;
Тармақша 6
6) шаңнан, бояудан және басқа да кiрден тазартылған мөлдiр терезе шынылары. Терезеге жапсырылған хабарландыру немесе жарнамалық материалдар терезе аумағының 30 пайызынан астамын жаппауы тиiс;
Тармақша 7
7) қосалқы бөлшектермен, құрал жабдықтармен және басқа да ойын-сауық жарнама өнiмдерiмен ыбырсымаған, жылдың суық кезеңiнде жылытылатын, ыстық уақыттарда желдетiлетiн жолаушылар салоны.
Тармақ 26
26. Бағытқа шығарылатын жылжымалы құрам мыналармен қамтамасыз етiлуi қажет:
Тармақша 1
1) пайдалану мерзiмi бiтпеген қажеттi медициналық құралдармен және дәрiлермен толықтырылған құрал-жабдықтары;
Тармақша 2
2) еңiстегi жолдарда тоқтағанда өздiгiнен қозғалып кетудi болдырмау үшiн пайдаланылатын құрал-жабдықтары;
Тармақша 3
3) "апатты аялдама" белгiлерi;
Тармақша 4
4) жол көлiк оқиғалары кезiнде апатты люктердi, ескi терезелердi шұғыл ашу мен терезе әйнектерiн алудың жолдары туралы мәлiметтiк кестелердiң салонда болуы;
Тармақша 5
5) апат салдарынан автобус есiктерiнiң ашылмай қалған жағдайларында салон әйнектерiн сындыруға қажеттi бағалар;
Тармақша 6
6) дыбыс күшейткiш қондырғылары.
Тармақ 27
27. Көлiк құралдарының салонында жүргiзушi кабинасының жанында мәлiметтiк табло болуы қажет. Онда:
Тармақша 1
1) тасымалдаушының аталуы;
Тармақша 2
2) тасымалдаушының, тапсырыс берушiнiң байланыс сымтетiгiнiң нөмiрлерi;
Тармақша 3
3) бағыт бойынша қозғалыстың сызбасы мен графигiнiң көшiрмесi;
Тармақша 4
4) жол жүру мен қол жүгiн алып жүрудiң белгiленген тарифтерi жөнiндегi мәлiметтер;
Тармақша 5
5) қоғамдық көлiктi пайдаланудың Уақытша Ережелерiнен үзiндiлер болуы қажет.
Тармақ 28
28. Аудан көлемiндегi қала аралық бағыттағы 21 және жоғары жолаушылар тасымалдайтын автокөлiк құралдарының алдыңғы, артқы жақтарында және артқы есiктен кiретiн жердiң оң жағында шрифтiң биiктiгi 120 мм-ден кем емес, қара түспен жазылған бағыттың атауы көрсетiлген трафарет тәулiктiң қараңғы кездерiнде қосымша жарықпен қамтамасыз етiлуi қажет:
Тармақ 29
29. Жүргiзушi құрамында мыналар болуы қажет:
Тармақша 1
1) жолаушылар тасымалын жүргiзуде қажеттi талаптарға жауап беретiн, жұмыс тәжiрибесi бар, "Д" категориясына рұқсат етiлген жүргiзушiлiк куәлiгi;
Тармақша 2
2) медициналық тексеруден өткендiгi туралы құжаты;
Тармақ 30
30. Бағыттағы көлiк құралдарының жүргiзушiлерi мыналарды орындауға тиiстi:
Тармақша 1
1) күнделiктi рейске шығар алдындағы медициналық өтуi;
Тармақша 2
2) бүкiл жұмыс кезеңiнде, аялдама пункттерi аралықтарындағы қозғалыста уақыт аралығын сақтау;
Тармақша 3
3) жолаушыларға аялдама аттарын (келесi аялдаманы да) дұрыс және түсiнiктi етiп хабарлау. Қозғалыс сызбасының өзгерген жағдайда бұл жөнiнде аялдамада хабарлауы және өзгерiс себебiн түсiндiруi;
Тармақша 4
4) тоқтап тұрған уақыттарда, жолаушыларға автобус қозғалысының бағыттары жөнiнде ауызша анықтамалар беруi (оның iшiнде басқа бағыттарға ауысып мiнулерi жөнiнде де);
Тармақша 5
5) жолаушыларды тек қана аялдама пункттерiнде түсiруi және отырғызуы, ескертедi автобус толық тоқтағаннан кейiн ғана ашуы;
Тармақша 6
6) есiктерi толық жабылғаннан кейiн ғана аялдама қозғалуы;
Тармақша 7
7) бағытпен қозғалуды қозғалыс жүйесiн алдын-ала таңдап алуы, жылдамдық режимiн реттеуi және автобустың бiрқалыпты жүрiсiн қамтамасыз ететiн маневрдi жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) жолаушылар талаптарын ескерiп, оларға тиiсiнше назар аударуды;
Тармақша 9
9) жол қозғалысы мен жолаушыларға қауiп тудыратын автобустардың техникалық жарамсыздығы жағдайларында автобусты тоқтатып, барлық есiктердi ашуы, қажет болған жағдайда жолаушыларға апат ашуға жәрдемдесуi, жолаушыларды түсiрiп, олардың төлеген жол ақысын пайдалану құқығымен сол бағыттағы келесi автобусқа отырғызуы;
Тармақша 10
10) шұғыл жағдайларда тез арада өрт сөндiру қызметiне, полицияға және жедел жәрдемге өтiнiшпен шығуы;
Тармақша 11
11) автобустарда лас киiмдi, қол жүктерi басқа жолаушыларға зиянын тигiзетiн және алкогольды масаң жағдайды жолаушылардың жүруiне жол бермеуi;
Тармақша 12
12) автобус салондарында темекi шегуге, спирттi iшiмдiктер iшуi мен бұзақылық iс-әрекеттерге жол бермеуi.
Бөлім 4. 4 Бөлiм
4 Бөлiм Аудан көлемiнде қалалық және қалаға iргелес бағыттарда жолаушылар мен қол жүктерiнiң тасымалы
Тармақ 31
31. Қалалық бағыттар мына түрлерге бөлiнедi:
Тармақша 1
1) негiзгi, бағыт сызбасында көрсетiлген ара қашықтығы 500-700 м болатын аялдама пункттерiне мiндеттi түрде тоқтап өтетiн, қалалық автобустар немесе кiшi көлiк пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Негiзгi бағыттарда, жолаушыларды отырғызу мен түсiру үшiн ең кемiнде екi есiгi, тұрып тұратын жолаушыларға арналған алаңшаларды, сондай-ақ жолаушылардың салон iшiндегi қозғалысына қажеттi жағдайлары бар автобустар жұмыс iстей алады.
Тармақша 2
2) экспресстi, бағыт сызбасында көрсетiлген ара қашықтығы 1,5-3,0 км. болатын аялдама пункттерiне мiндеттi түрде өтетiн, басым бөлiгiнде үлкен және орта сыйымдылықтағы автобустардың пайдалануымен жүзеге асырылады.
Тармақша 3
3) бағыттағы таксилер, бекiтiлген бағытта жолаушылардың талап етулерi бойынша аялдамалар жасайтын (бiрақ, жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сай келетiн және жолаушылардың қауiпсiз мiнiп түсетiн орындарды ғана), шағын класты автобустардың пайдалануымен жүзеге асырылады. Бағыттағы таксилердегi жолаушылар саны ондағы орындық санынан аспауы тиiс.
Тармақша 4
4) тасымал тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында бағыттар түрлерi бiр тасымалдаушының көлiк құралдарымен бiр бағытқа жинақтауы мүмкiн. Бұл жерде негiзгi бағыттағы қызмет көрсету сапасының нашарлануына жол бермеуi тиiс.
Тармақ 32
32. Тұрғын халыққа қызмет көрсету ерекшелiктерiне сәйкес, жолаушылар бағыттарында қызмет көрсетудiң мынадай режимдерi болуы мүмкiн:
Тармақша 1
1) тұрақты, аптаның барлық күндерi мен тәулiктiң белгiленген кезеңдерi аралығында қолданылатын;
Тармақша 2
2) қосымша, шектеулi күндерде немесе тәулiктiң кезеңдерiнде қолданылатын;
Тармақша 3
3) маусымды жылдың белгiлi бiр уақыттарында қолданылатын;
Тармақша 4
4) уақытша, қалыпты режимде жүзеге асыруға бөгет жасайтын көше жол жүйелерiнде ойламаған жерден ахуал туындаған жағдайларда қолданылатын.
Тармақ 33
33. Жолаушылар көлiктерiнiң бағыттар жүйесi тұрғын жай, өнеркәсiп және саяжай массивтерiн, мәдени тұрмыстық, спорттық сауықтыру және сауда кәсiпорындарын, аэровокзал, әуежай, темiр жол және автовокзалдар мен станциялардың бiр-бiрiмен байланысты қамтамасыз етуi тиiс:
Тармақ 34
34. Аялдама пункттерi оларға қауiпсiз және ыңғайлы келуге болатындай орналастырылып, мыналармен жарақтандырылуы тиiс:
Тармақша 1
1) осы аялдама пунктiнiң аталуын көрсететiн мәлiметтермен, өтетiн бағыттардың нөмiрлерiмен;
Тармақша 2
2) жол жақ шетiнен бордюр тастарымен жолаушыларды отырғызу алаңымен;
Тармақша 3
3) ауа-райының қолайсыз жағдайларында жолаушыларға қажеттi қалқалармен.
Бөлім 5. 5 Бөлiм
5 Бөлiм Бағыттарды ашу, өзгерту жабу тәртiптерi
Тармақ 35
35. Жолаушылар ағынына талдау жасаудың негiзiнде және аудан тұрғындарының, ұйымдар мен кәсiпорындардың, басқа да шаруашылық нысандарының оның iшiнде тасымалдаушылардың да ұсыныстары бойынша бағыттар жүйесi құрылады.
Тармақ 36
36. Жаңа бағыттар ашу, қолданыстағы бағыттарға өзгертулер енгiзу туралы шешiмдердi аудандық коммуникациялар және көрiктендiру бөлiмi ұсынуымен және техникалық қорытынды негiзiнде аудан әкiмияты қабылдайды.
Тармақ 37
37. Экологиялық талаптарды сақтау және жол коммуникацияларының өткiзу қабiлетiн қамтамасыз ету мақсатында, қалалық бағыттар жүйесi, бағыттардың аялдама пункттерiн бiрге пайдалануы мен жолда жүру ұзақтықтарының басқа бағыттармен қосарлануы 30 пайыздан аспайтын болып құрылуы қажет.
Тармақ 38
38. Жолаушылардың көпшiлiк пункттерiнiң жаңадан пайда болған жағдайларында, егер де қолданыстағы бағыттар қозғалысының сызбасын өзгерту арқылы оларды қамту мүмкiн болмаса, онда жаңа бағыттар ашылуы мүмкiн.
Тармақ 39
39. Жаңа бағыттарды ашудың тәртiптерi:
Тармақша 1
1) жаңа бағытты ашу жөнiндегi ұсыныс, негiзделген тапсырыс түрiнде аудан әкiмiнiң атына еркiн түрде жазылады;
Тармақша 2
2) жетекшiлiк ететiн әкiмi орынбасарларының тапсыруы бойынша, өкiлеттi орган тапсырысқа зерттеу жүргiзедi және жаңа бағытты ашудың қажеттiлiгi жөнiнде техникалық қорытынды әзiрлеуi үшiн, тапсырысты жолдау немесе кейiн қайтару жөнiнде ұсыныс енгiзедi.
Тармақша 3
3) жаңа бағыттарды ашу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру жұмыстарының төлем ақысы (егер де тапсырыс берушi аудан әкiмi болмаса), тапсырыс берушiнiң есебiнен жүргiзiледi.
Тармақша 4
4) жаңа бағытты ашу жөнiндегi iс-шараларда мына мәселелер қамтылуы қажет: қозғалыс сызбасының дайындалуы, алдын-ала болжамдағы жолаушылар ағынының зерттелуi, бағыттағы қозғалыстың алдын-алу болжамдағы кестесiнiң жасалуы, бағытта байқау рейiсiнiң жүргiзiлуi, нақты жолаушылар ағынының зерттелуi, қолданыстағы бағыттардың қосарлану пайызын есептеп шығару, қозғалыс сызбасын анықтау және түпкiлiктi соңғы кестенiң нұсқаларын әзiрлеу, бағыттағы бекiту жөнiндегi әкiмият қаулысының дайындалуы және қабылдануы, бағытқа қызмет көрсету жөнiнде тендер жариялау және тендер жеңiмпазын анықтау.
Тармақ 40
40. Жолаушылардың көпшiлiк пункттерiнiң жаңадан пайда болуы және қаланың жол жүйесiнде объективтi өзгерiстер болған жағдайларда, жаңа бағыттарды ашудың реттiлiк тәртiбiмен қолданыстағы бағыттарға өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 41
41. Бағыттарды жабу өкiлеттi органның немесе соттың шешiмi негiзiнде аудан әкiмиятының қаулысымен жүзеге асырылады. Осы Уақытша Ереженiң 4 тармағында көзделген iс-шаралардың жүзеге асырылмайынша, тасымалдаушылардың жабылған бағыттардағы жұмыстарды қайта басталуына жол берiлмейдi.
Бөлім 6. 6 Бөлiм
6 Бөлiм Жолаушыларды автомобиль таксилерiнде тасымалдау
Тармақ 42
42. Жолаушыларды жеңiл автомобиль таксилерiнде (ары қарай такси) тасымалдауды жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Тармақ 43
43. Жолаушыларды отырғызу және түсiру жұмыстары арнайы жабдықталған таксмоторлы тұрақтарда, жылжымалы құрамның аялдауына рұқсат етiлген көше жол жүйелерiнiң бөлiктерiнде, жолаушылардың тапсырыстары бойынша автомобиль таксилерiнiң берiлетiн жерлерiнде жүргiзiледi.
Тармақ 44
44. Жол қозғалысы ережесiмен тыйым салынған аялдамалар мен тұрақтарда аялдауға және жолаушыларды отырғызу мен түсiру жұмыстарына рұқсат етiлмейдi.
Тармақ 45
45. Жолаушы таксиге отырғанда қозғалысы бағытын ұсынады. Егер, жолаушының мұны iстеуге жағдайы келмейтiн болса, онда жүргiзушi жолаушыны ең қысқа жолмен қажет еткен жерiне жеткiзедi.
Тармақ 46
46. Таксиi бұзылған жағдайда, жүргiзушi жолаушының баратын жерiне немесе жақын жердегi жолаушы көлiктерiнiң аялдамасына тезiрек жетуiне көмектесуге мiндеттi.
Тармақ 47
47. Таксидегi жүрген жол ақының төлемi таксометр немесе автомобиль спидометрiнiң көрсеткiштерi бойынша келiсiм бағамен жүргiзiледi.
Тармақ 48
48. Егер жүргiзушi өзiне қатысы жоқ себептерге байланысты жолаушыны оның баратын жерiне жеткiзе алмайтын болса, онда жолаушыны өзiнiң түскен жерiне дейiнгi жол ақы құнын таксометрдiң немесе спидометрдiң көрсеткiштерiне сәйкес келiсiм бағамен төлейдi.
Тармақ 49
49. Такси жүргiзушi, жүктерiн буып-түйiп, жайғастыру үшiн жолаушыға көмектесуге мiндеттi.
Тармақ 50
50. Таксилерде, жетектегi иттi тұмсық қабымен, мысық және басқа да майда жануарлар мен құстарды корзинкалар мен көмкелерде және асты жабық торларда алып жүруге рұқсат етiледi.
Тармақ 51
51. Тез тұтанғыш, күйдiргiш, жарылғыш, уландырғыш және сасық иiстi заттарды, сондай-ақ, кесетiн, тесетiн бұйымдар мен қарулы тысқапсыз немесе ораусыз таксилерде алып жүруге, тасымалдауға тыйым салынады.
Тармақ 52
52. Такси тұрақтарына қажеттi алаңдар, жолаушылардың көпшiлiк жиналатын жерiне әкiмияттың қаулысымен бөлiнедi. Автобус аялдамаларында таксилердiң аялдама жасауларына және тоқтап тұруына тыйым салынады.
Тармақ 53
53. Тұрғындарға автомобиль таксилерiнiң қызметiн ұсынатын тасымалдаушылар мыналарды орындауға мiндеттi:
Тармақша 1
1) жеңiл таксомоторлы тасымалға деген тұрғын халықтың сұранысы негiзiнде, осы тасымалды жүзеге асыруға байланысты туындайтын барлық ұйымдастыру мәселелерiн шешуге;
Тармақша 2
2) құжаттық сыйымдылығы сегiз адамға дейiн, есiк саны төрттен кем емес, толық жабдықталған, техникалық жарамды жеңiл автомобиль таксилерiмен тасымал жұмыстарын жүргiзуге;
Тармақша 3
3) тәулiк сағаттары мен жыл мезгiлдерiнде тасымал қауiпсiздiгiн сақтай отырып, автомобиль таксилерiнiң бiрқалыпты ырғақты жұмысын қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) таксилердiң техникалық жағдайы мен жабдықталуын қоршаған ортаны қорғау мен жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сай қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) таксилер, автомобиль төбесiне орнатылған 500 м. қашықтықта жақсы байқалатын, келiсiлген пирамида формасындағы сары немесе жасыл түстi (ортасында қара түспен "такси" деген жазуы бар, тәулiктiң қараңғы кезiнде қосымша жарықпен қамтамасыз етiлген) танымал белгiмен жабдықталуы тиiс;
Тармақша 6
6) Такси салонының жолаушыға жақсы көрiнетiндей жерiнде аты, әкесiнiң аты, тегi көрсетiлiп сурет жапсырылған жүргiзушiнiң визиттiк карточкасы iлiнуi қажет, сонымен қатар, тасымалдаушының ресми аталуы (жеке тасымалдаушы үшiн жеке кәсiпкер деп көрсетiлуi қажет) автомобильдiң мемлекеттiк нөмiрi көрсетiлген мәлiметтiк табло орналастырылуы қажет;
Тармақша 7
7) қауiпсiз тасымал және жоғары мәдени қызметпен қамтамасыз етуге.
Тармақ 54
54. Такси жүргiзушiнiң мiндетi:
Тармақша 1
1) үлкен көшелер мен жүру жолдарының аттарын, әуе жайды, вокзалдарды, алаңдар мен базарларды, мемлекеттiк мекемелер мен iрi сауда орындарын, дүкендердi, музейлер мен театрларды, ауруханалар мен қонақ үйлердi, тұрақты көрмелер мен басқа нысандардың орналасу жайларын бiлуi тиiс;
Тармақша 2
2) бағытқа шығар алдында автомобильдiң техникалық жағдайын тексеруге;
Тармақша 3
3) егер жолаушының байқаусыздығынан машина iшiнде ұмытылып қалып қойған заттар болса, олардың сақталуын қамтамасыз етуге тасымалдаушы әкiмшiлiгiнiң жауапты қызметкерлерiне беруге;
Тармақ 55
55. Автомобиль таксилерiнiң жүргiзушiлерiне тыйым салынады:
Тармақша 1
1) автомобиль таксилерiнде олардың техникалық мәлiметтерiнде көрсетiлгенiнен артық санды жолаушыларды тасымалдауға;
Тармақша 2
2) алдыңғы орындықта 12 жасқа дейiнгi балаларды тасымалдауға;
Тармақша 3
3) жолаушылардың өтiнiшiне қарамай қозғалыс жылдамдығын мөлшерден тыс арттыруға.
Бөлім 7. 7 Бөлiм
7 Бөлiм Автомобиль көлiктерiнде жолаушылар тасымалының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
Тармақ 56
56. Жүргiзушiлердi дайындауға қойылатын негiзгi талаптар және жалпы пайдаланудағы көлiк құралдарын басқаруға құқық алудың шарттары мен тәртiптерi Қазақстан Республикасының "Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Заңымен анықталады.
Тармақ 57
57. Тасымалдаушылар, рейске шығар алдында көлiк құралдарының техникалық жағдайына мiндеттi түрде жүргiзулерi тиiс. Сондай-ақ жүргiзушiлер де мiндеттi түрде медициналық тексеруден өтулерi қажет.
Тармақ 58
58. Қазақстан Республикасының Заңдылық құжаттарында белгiленген жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимдерiнiң сақталуына бақылауды тасымалдаушылар жүзеге асырады.
Тармақ 59
59. Автобус жүргiзушiлерiнiң қозғалыс шарттарымен және бағыттағы жұмыс жағдайлары жөнiндегi мәлiметтермен тасымалдаушылар, автовокзалдар мен автостанциялар қамтамасыз етедi. Бағыттар темiр жолдар арқылы өтетiн жағдайларда тасымалдаушылар, темiр жолдан өту кезiндегi қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде жүргiзушiлердi нұсқаудан өткiзедi.
Тармақ 60
60. Жалпы пайдалануға көлiк құралдарының техникалық жағдайы мен жабдықталуы белгiленген қозғалыс қауiпсiздiгiнiң талаптарына сай болуы тиiс.
Тармақ 61
61. Жалпы пайдаланудағы көлiк құралдарының тасымалдаушылары (иелерi), мемлекеттiк техникалық тексерудiң өткiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi, қолданыстағы нормативтiк құжаттармен анықталған тәртiп пен мерзiмдерде жылжымалы құрамда жөндеуден өткiзу мен техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады. Өту кезiндегi қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде жүргiзушiлердi нұсқаудан өткiзедi.
Тармақ 62
62. Тасымалдаушылар, жүргiзушiлердi қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерде қарастырылған жол жүру қағаздары және басқа да тиiстi құжаттармен қамтамасыз етуге мiндеттi.
Бөлім 8. 8 Бөлiм
8 Бөлiм Қосымша ережелер
Тармақ 63
63. Тапсырыс берушi, тасымалдаушы және жолаушылардың өз ара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Заңдылық құжаттарымен реттеледi.
Тармақ 64
64. Тасымалға тапсырыс берушi, тасымалдаушы алдында жолаушылардың мүддесiн бiлдiредi.
Тармақ 65
65. Тасымалға тапсырыс берушi мен тасымалдаушы арасындағы өз ара қарым-қатынас келiсiм-шарт негiзiнде құрылады.
Тармақ 66
66. Тасымалдаушылар мен жолаушылардың жауапкершiлiктерi Қазақстан Республикасының азаматтық Заңдылық құжаттарымен, "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" ҚР Заңымен реттеледi.