Аудандағы елдi мекендердi тазарту
және көркейтуге байланысты
санитарлық тазалық жүргiзу туралы
Аудан бойынша барлық елдi мекендердiң, мекемелердiң, коммерциялық құрылымдар мен базарлардың, жеке меншiк үйлердiң, көшелердiң санитарлық тазалығын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II «Халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңының 17 бабы 13 тармағы негізінде, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiкті мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-ІІ Заңының 31 бабы 16 тармағын 37 баптың 1,2 тармақтарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі
ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
Аудандағы елдi мекендердi тазарту және көркейтуге байланысты санитарлық тазалық жүргiзу туралы от 06.03.2006 г. № 127 (Аудандағы елдi мекендердi тазарту және көркейтуге байланысты санитарлық тазалық жүргiзу туралы)
1. Ауылдық, қоныстық әкiмшiлiктер бойынша ауданның барлық елді мекендерiнде 2006 жылдың сәуiр айының 15-нен маусым айының 15-i аралығында санитарлық тазалықтың екi айлығы өткiзiлсiн.
2. Санитарлықтың тазалықтың екі айлығында елді мекендерді көгалдандыру жөнінде атқарылатын жұмыстардың шаралары, оған басшылық жасайтын аудандық комиссия құрамы бекітілсін . ( № 1; № 2 қосымшаларда )
3. Ауыл,қоныс әкімдері санитарлық тазалықтың екі айлығын ұйымлдастырып өткізу үшін жұмыс топтарын құрып ,көгалдандыру мен көркейту , тазалыққа байланысты нақтылы ұйымдастыру жұмыстарын жүргізсін.
4. Ауыл , қоныс әкімдері жергілікті жерлердегі жұмыс топтарының отырысында санитарлық тазалық тәртібін бұзған адамдарға қатаң шаралар қолдануды тиісті органдар арқылы жүргізсін.
5. Аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (М.Сүлейменова) ауданда санитарлық тазалықтың екі айлығының өту барысын тексеру мақсатында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Тарбағатай ауданы бойынша инспекциясымен келісе отырып бірлескен рейдтер өткізуді ұйымдастырсын.
6. Аудан әкімінің орынбасары А. Смаиловқа санитарлық тазалықтың екі айлығын өткізуді ұйымдастырып, бақылау және басшылық жасау жүктелсін.
7. Облыстық әділет департаментінде 7 сәуір2005жылы № 2263 болып тіркелген аудандық әкімдіктін 24 наурыз 2005 жылғы № 985 « Аудандағы елді мекендерді тазарту және көркейтуге байланысты санитарлық тазалық жүргізу туралы» қаулысының күші жойылсын.
8. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өтіп , бұқаралық ақпарат құралында жарияланған күннен бастап күшіне енсін.
Келісілді:
Мемлекеттік санитарлық -
эпидемиологиялық қадағалау
Департаменті Шығыс Қазақстан
облысы Тарбағатай ауданы
бойынша басқарма бастығы
М. Сулейменова
«_6_» наурыздағы 2006 жылғы
№ 127 қаулысына
№ 1 қосымша
Ауданда санитарлық тазалық, елді мекендерді көркейту, көгалдандыру
қоршаған ортаны қорғау жөнінде атқарылатын жұмыстардың
шаралары
Р/с
Мазмұны
Жауапты қызметкерлер
Мерзімі
1.
Ауылдық, қоныстық округтерде мекеме, кәсіпорындарда әр аптаның жұма күндері тазалық күндері болап белгіленіп, тиісті жұмыстар жүргізілсін.
Ауыл, қоныс әкімдері, мекеме басшылыры
Әр аптаның жұма күні
2.
Әрбір елді мекенде, қоныстық, ауылдық округтерде кәсіпорын, мекеме, тұрғын уйлердің маңында өсіп тұрған жасыл желектерді, ағаш, талдарды күтіп, ағартып, қоршау жұмыстарын ұйымдастыру.
Ауыл, қоныс әкімдері, мекеме басшылары
Қыркүйек айына дейін
3.
Көшелерді, алаңдарды, стадион, парктерді, жаяу жүргінші жолдарын үнемі тазартып, ағаш егу жұмыстарын ұйымдастыру.
Ауыл, қоныс әкімдері, мекеме басшылыры, көше комитеттері.
Үнемі
4.
Елді мекендерде мектеп, бала-бақша, базарлардың, дүкендердің, қоғамдық тамақтандыру орындарының маңайын күн сайын сыпырып, тазартуды ұйымдастыру.
Ауыл, қоныс әкімдері, мекеме, кәсіпорын басшылары.
Күнделікті.
5.
Әрбір мекеме, ұйым, кәсіпорында, тұрғын үйлерде күл-қоқыс төгетін орын белгіленіп, арнайы жәшіктер қоюды ұйымдастыру.
Ауыл, қоныс әкімдері, мекеме басшылары, коммуналдық қызмет басшылары.
Үнемі.
6.
Көшедегі тұрғын үйлер мен мекемелердің маңайын сәулеттендіру, рет сандарын, көшелердің аттары жөніндегі анықтамалардың болуын қамтамасыз ету, үйлер мен ғимараттардың сыртын жөндеу, әктеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Ауыл, қоныс әкімдері, мекеме, кәсіпорын басшылары.
Үнемі
7.
Аудан бойынша моншалар іске қосылып, бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Ауыл, қоныс әкімдері, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы
Маусым
8.
Аудандық «Таза су» бағдарламасы негізінде халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуді ұйымдастыру
Ауыл, қоныс әкімдері, сәулеттендіру, құрылыс және коммуналдық шаруашылық бөлімі
Үнемі
9.
Елді мекендердегі ауыз су, құдық көздерінің маңайлары тазартылып, атқыма құдық алаңдарын қоршау жұмыстарын ұйымдастыру
Ауыл, қоныс әкімдері, коммуналдық қызмет көрсету мекемелері
Үнемі
10.
Тазалықтың екі айлығы кезеңінде арнайы рейдтер ұйымдастыру
Ауыл, қоныс әкімдері, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы
15.04.06-15.06.06ж.
11.
Тазалықтың екі айлығының қорытындысын аудандық әкімдіктің мәжілісіне ұсыну
Аудан әкімі аппаратының басшысы
15.06.06ж.
Аппарат басшысы
Н.Қараталов
«_6_» наурыздағы 2006 жылғы
№ 127 қаулысына
№ 2 қосымша
Санитарлық тазалықтың екi айлығын өткiзуге басшылық жасайтын
комиссия құрамы:
1. Смаилов Асхат Сайдахметұлы – аудан әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
2. Сүлейменова Майра Аканқызы - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы бойынша басқарма бастығы, комиссия төрағасының орынбасары(келісім бойынша )
3. Мауадинов Қайрат Мұратқазыұлы - аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң бастығы, комиссия мүшесі
4. Итбаев Даулет Жанарбекұлы – аудандық орталық аурухананың бас дәрігері, комиссия мүшесі (келісім бойынша)
5. Беиілғожин Куанышбек Төкенұлы – аудандық білім беру және спорт бөлімінің бастығы, комиссия мүшесі.
6. Қизатов Советбек Құрманбекұлы - аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары бөлімінің бастығының міндетін атқарушы, комиссия мүшесі
7. Саденов Ержан Сапарбекұлы - аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы, комиссия мүшесі (келісімі бойынша).
8. Нұршайхинов Ермек Қабдылмәлікұлы - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының Тарбағатай ауданының бақылаушысы (келісім бойынша)
Аппарат басшысы :
Н.Қараталов