Сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырғаны үшiн төленетiн төлемақыларды белгілеу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырғаны үшiн төленетiн төлемақыларды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 491 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы, 1 тармағы, 15 тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :
Тармақ 1
1. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырғаны үшiн төленетiн төлемақылары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы ІІІ сессиясының "Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемесін бекіту туралы" N 9 шешімінің, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 1364, "Индустриальная Караганда" газетінде 2004 жылғы 11 наурызында N 29, "Орталық Қазақстан" газетінде 2004 жылғы 4 наурызында N 43-44 жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзін-өзі басқару, экономика, жоспарлау, бюджет, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрайымы Оспанова Қадиша Базарбайқызы).
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 5
Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 7 маусымдағы ХХХІІІ сессиясының N 18 шешіміне қосымша Қарағанды қаласының аумағында сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастырғаны үшiн төленетiн төлемақылар N Мазмұны Айлық есеп көрсеткіштен төлемдердің пайыз түрінде берілген айлық ставкасы 1 Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 1 шаршы метрге дейін (парақша, кіші плакат А1, А2, А3, А4, афиша, транспарант) 200 2 Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 2,09 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, уақытша үлгілі киоск, көркейту элементтер, павильондарға және кіші сәулеттік нысандарға орнатылған жарық беруші таблолар) 300 3 Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 2,1 бастап 5,09 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, уақытша үлгілі киоск, көркейту элементтер, павильондарға және кіші сәулеттік нысандарға орнатылған жарық беруші табло, автомобильдерге жанармай құю станциясының стелалары) 400 4 Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 5,1 бастап 10,09 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, уақытша үлгілі киоск, көркейту элементтер, павильондарға және кіші сәулеттік нысандарға орнатылған жарық беруші табло, автомобильдерге жанармай құю станциясының стелалары) 600 5 Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 10,1 бастап 20,09 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, билбордтарға орнатылған жарық беруші табло, автомобильдерге жанармай құю станциясының стелалары, транспарант - тартпалар) 1500 6 Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 20,1 бастап 75,09 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, билбордтарға орнатылған жарық беруші табло, транспарант - тартпалар) 2200 7 Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері - 75,1 бастап 100 шаршы метрге дейін (жерге, қабырғаға, шатырға, билбордтарға орнатылған жарық беруші табло, транспарант - тартпалар) 3000