Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Сәулет" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Сәулет" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 тамыздағы №1225 қаулысымен және 1999 жылғы 19 маусымдағы №2335 "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы негiзiнде облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қызылорда қаласында шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Сәулет" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны құрылсын.
Тармақ 2
2. "Сәулет" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының уәкiлеттi органы болып Қызылорда қаласының әкiмияты белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Уәкiлеттi орган - Қызылорда қаласының әкiмияты (Қ.Баймаханов) "Сәулет" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының жарғысын бекiтсiн және облыстық әдiлет басқармасында мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Аумақтық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi (С.Қалиев) "Сәулет" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынын орналастыру үшiн тиiстi ғимарат қарастырсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары К.Нүрекешовке жүктелсiн.