Қызылорда облысы әкiмиятының Регламентiн бекiту туралы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылорда облысы әкiмиятының Регламентiн бекiту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 24 сәуiрдегi N 546 "Облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмияттарының үлгi регламенттерiн бекiту туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қызылорда облысы әкiмиятының Регламентi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыс әкiмi 2001 жылғы 18 сәуiрде бекiткен облыстық әкiмиятының уақытша жұмыс тәртiбiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Басқа 3
Қызылорда облысы әкiмиятының 2001 жылғы 30 маусымдағы N 44 қаулысымен бекiтiлген Қызылорда облысы әкiмиятының РЕГЛАМЕНТI
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Облыстық әкiмият (бұдан әрi - әкiмият) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпымемлекеттiк саясатын Қызылорда облысы аумағының дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзудi қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Әкiм әкiмият құрамын әкiм орынбасарларынан, әкiм аппараты басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады. Әкiм әкiмият мүшелерiнiң санын айқындайды. Әкiм әкiмияттың дербес құрамын айқындайды және облыстық мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi.
Тармақ 3
3. Әкiмият қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен және осы Регламентпен реттеледi.
Тармақ 4
4. Әкiмияттың қызметiн ақпараттық талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi облыс әкiмiнiң аппараты (бұдан әрi - аппарат) жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Әкiмият iс қағаздарын жүргiзу және әкiмиятқа түсетiн хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледi және "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес әзiрленетiн әрi облыс әкiмi (бұдан әрi - әкiм) бекiтетiн тәртiппен жүеге асырылады.
Тармақ 6
6. Әкiмнiң орынбасарлары мен аппарат басшысы әкiмияттың және әкiмнiң қарауына енгiзiлетiн актiлер жобалары өтуiнiң осы Регламентпен белгiленген тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
Тарау 2. 2. Жұмысты жоспарлау
2. Жұмысты жоспарлау
Тармақ 7
7. Аппарат әкiмият мүшелерiнiң және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрi - атқарушы органдар) басшыларының ұсыныстары бойынша әкiмият мәжiлiстерiнде қаралатын мәселелердiң тоқсан сайынғы тiзбесiн жасайды. Әкiмияттың мәжiлiстерiнде қарауға жоспарланатын мәселелердiң тiзбесiн әкiм бекiтедi. Бекiтiлген тiзбе әкiмият мүшелерiне, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына, қалалардың, аудандардың әкiмдерiне және басқада лауазымды адамдарға таратылады. Әкiм тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысы не аппарат басшысы ұсынатын анықтама негiзiнде тiзбеден жоспарланған мәселенi алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзiмге ауыстыру туралы шешiм қабылдайды.
Тарау 3. 3. Әкiмият мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу тәртiбi
3. Әкiмият мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу тәртiбi
Тармақ 8
8. Әкiмият мәжiлiстерi айына кемiнде бiр рет өткiзiледi және оны әкiм шақырады.
Тармақ 9
9. Әкiмият мәжiлiстерiнде әкiм, ал ол болмаған кезде - әкiмнiң мiндетiн атқарушы орынбасары төрағалық етедi.
Тармақ 10
10. Әкiмият мәжiлiстерi әдетте, ашық болады және мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс тiлiнде жүргiзiледi. Қажет болған ретте, жекелеген мәселелер жабық мәжiлiстерде қаралуы мүмкiн.
Тармақ 11
11. Әкiмият мәжiлiсi, егер оған әкiмият мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi. Әкiмияттың мәжiлiсiнде мәселенi қараудың нәтижелерi бойынша қаулы қабылданады. Қаулы әкiмияттың қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Тармақ 12
12. Әкiмияттың мәжiлiстерiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, маслихаттың депутаттары, аудандардың, қалалардың әкiмдерi, сондай-ақ әкiм бекiткен тiзбе бойынша кеңесшi дауыс құқығымен орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары және өзге де лауазымды адамдар қатыса алады.
Тармақ 13
13. Аппараттың және атқарушы органдардың әкiмият мәжiлiстерiнде қарауға мәселелер дайындауы мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады: Әкiмият мәжiлiсiне енгiзiлетiн анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына құжатты енгiзетiн органның бiрiншi басшысы не оны алмастыратын адам (бұдан әрi - бiрiншi басшы) алдын ала бұрыштама қояды, оның қолы осы органның ресми көзқарасын растау болып табылады; жоба мен анықтама, әдетте, аралығы екi жол арқылы басылған 5 бет мәтiннен аспауы тиiс; әрбiр мәселе бойынша жобаның және анықтаманың тақырыптары бiрдей болуы тиiс; әкiмияттың мәжiлiсiне енгiзiлетiн материалдарға, қажет болған ретте, қосымша ақпараттық мәлiметтер қоса берiледi; мәселенi енгiзген орган немесе аппараттың құрылымдық бөлiмшесi мәжiлiсте талқыланатын мәселелер бойынша шақырылғандардың келуін қамтамасыз етедi.
Тармақ 14
14. Аппарат мәжiлiс күн тәртiбiнiң жобасын жасайды және әкiммен не оны алмастыратын адаммен келiсiлгеннен кейiн, оны және тиiстi материалдарды аппарат басшысы бекiткен жiберiлiм көрсеткiшiне сай, мәжiлiске дейiнгi үш күнде әкiмият мүшелерiне және шақырылғандарға, ал қажет болған ретте, басқада лауазымды адамдарға таратады. Тиiстi органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда аппарат басшысы бұл туралы әкiмге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершiлiк тиiстi органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi. Әкiмнiң тапсырмасы бойынша шұғыл түрде әкiмият мәжiлiсiн өткiзген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппаратқа ол өткiзiлетiн күнi енгiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 15
15. Әкiмият мәжiлiсiнде хаттама жүргiзiлiп, онда қатысқан лауазымды адамдар, талқыланатын мәселелердiң аты және мән-жайы, талқылау кезiндегi баяндамашылар мен сөз сөйлеушiлер, олардың сөйлеген сөздерiнiң негiзгi мазмұны, ескертулер және әкiмият мүшелерi қабылдаған қаулы көрсетiледi. Әдетте, мәжiлiстiң стенографиясы жүргiзiледi, мәжiлiстерде қаралатын мәселелер ақпараттың электронды көздерiне жазылады. Аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi әкiмият мәжiлiсi аяқталған күннен бастап үш күн мерзiмде хаттаманы рәсiмдейдi, оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжiлiсте төрағалық етушi қол қояды. Әкiмият мәжiлiстерiнiң хаттамаларына күнтiзбелiк жылға арналған реттiк нөмiрлер берiледi. Хаттамалар немесе олардың үзiндiлерi оларға қол қойылған күнi әкiмият мүшелерiне, ал қажет болған ретте, мәжiлiстерде тиiстi тапсырмалар берiлген басқа органдарға және лауазымды адамдарға таратылады. Жiберiлiм тiзбесiн аппарат басшысы бекiтедi. Әкiмият мәжiлiстерiнiң хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары аппаратта сақталады. Әкiмият мәжiлiстерiнiң хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзiмдерi өткеннен кейiн мұрағатқа өткiзiледi.
Тарау 4. 4. Кіріс хат хабарларды қарау. Әкімият және әкім кесімдерінің жобаларын дайындау мен рәсімдеу тәртібі
4. Кіріс хат хабарларды қарау. Әкімият және әкім кесімдерінің жобаларын дайындау мен рәсімдеу тәртібі
Тармақ 16
16. Атқарушы органдар әкімият тиісті шешімдер қабылдау үшін оның атына мынадай ұсыныстар еңгізіледі:
Тармақша 1
1) мәселені шешу әкімияттың, облыс әкімінің құзыретінде болса;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдар арасында келіспеушілік туындаған кезде;
Тармақша 3
3) мәселенің шешілуі ведомствоаралық үйлестіруді талап еткенде.
Тармақ 17
17. Аппарат және жергiлiктi атқарушы органдар әкiмият қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен әкiмдерiнiң жобаларын (бұдан әрi - жобалар) дайындауды "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы", "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады. Мүдделi органдармен келiсiлген, бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған жобалар мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде ұсынылады. Жобаға "ескертулермен" келiсу болған кезде келiспеушiлiктер туралы бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған, қажеттi түсiндiрмелер берiлген анықтама тiркеледi. Жобаларды әзiрлеуге қатысушы органдар арасында келiспеушiлiктер туындаған кезде, қаралып отырған мәселелердiң мән-жайы құзыретiне кiретiн әкiмнiң орынбасары, аппарат басшысы не оның орынбасары кеңес шақыра алады, оның нәтижелерi хаттамалармен рәсiмделедi. Келiспеушiлiктер жойылған кезде тиiстi орган белгiленген мерзiмде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселе бойынша келiсiмге қол жетпеген жағдайда, әкiмнiң орынбасары, аппарат басшысы бұл туралы түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн әкiмге не оны алмастыратын адамға ақпарат бередi.
Тармақ 18
18. Жобалардың уақытылы, сапалы әзiрленуiне және әкiмиятқа белгiленген мерзiмдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi мәтiндерiнiң түпнұсқалылығына оны әзiрлеудi жүзеге асырушы органның бiрiншi басшысы дербес жауапты болады.
Тармақ 19
19. Жобалар мiндеттi түрде мыналармен келiсiледi:
Тармақша 1
1) құзыретiне орай мүдделi атқарушы органдармен, бұл ретте жобаны келiсудегi мұндай мүдделiлiк қаралатын мәселелердiң мән-жайы ескерiле отырып, белгiленедi;
Тармақша 2
2) облыстық қаржы басқармасымен жобаның қаржылық орындылығы және қаржыландырумен қамтамасыз етiлу мәселелерi бойынша;
Тармақша 3
3) облыстық экономика басқармасымен экономикалық орындылығы және ел мен аймақтың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестiгi мәселелерi бойынша.
Тармақ 20
20. Жобаны әзiрлеушi жобаның көшiрмелерiн бiр мезгiлде барлық мүдделi атқарушы органдарға жiбередi. Бұл ретте атқарушы органдарда келiсу мерзiмi бiр мезгiлде есептеледi және жобалардың түскен әрi тiркелген кезiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс. Әкiм, әкiмнiң орынбасарлары және аппарат басшысы келiсудiң өзге мерзiмдерiн белгiлей алады. Әкiмнiң, әкiм орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешiмдердi неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшының орынбасарларынан төмен емес) жобаға бұрыштаманы кеңесте (мәжiлiсте) қоюы мүмкiн. Бұл ретте көрсетiлген лауазымды адамдар жобаның жасалуы немесе өздерiнiң бұрыштама қойғандығы туралы тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысына баяндайды. Жобаның көшiрмесiн келiсуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделi органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеу белгiлермен келiсуден бас тартуға тиiстi емес.
Тармақ 21
21. Келiсушi орган жобаны қараудың нәтижелерi бойынша бiрiншi басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бiрiн әзiрлеушiге ұсынуы тиiс;
Тармақша 1
1) жоба ескертулерсiз келiсiлдi (жобада бұрыштама болады);
Тармақша 2
2) жоба ескертулермен келiсiлдi (жобада ескертулерiмен бұрыштама болады және ол қоса берiлуi тиiс);
Тармақша 3
3) жобаға келiсуден бас тартылды (дәлелдi бас тарту қоса берiледi).
Тармақ 22
22. Келiсу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн жобаны әзiрлеушi мүдделi органдардың барлық ұсынысын жобаның түпкiлiктi нұсқасына жинақтайды (ескертулердi жояды). Бұл ретте, түпкiлiктi нұсқаны дайындау процесiнде әзiрлеушi өзi келiскен атқарушы органдардың ескертулерiн мiндеттi түрде жояды. Жобаны әзiрлеушi жобаны аппаратқа енгiзу кезiнде мүддесi осы жобада қозғалып отырған орган бұрыштамасының болмау себептерiн (мұндай факт болған жағдайда) түсiндiрме жазбада мiндеттi түрде көрсетедi, бұл ретте, енгiзiлген материалдарға тиiстi органға келiсу үшiн енгiзiлгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi қоса берiледi. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделi органға келiсуге жiберiлмеген болып есептеледi. Қажет болған ретте, әкiмнiң, әкiм орынбасарының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келiсуге жiберiлуi мүмкiн.
Тармақ 23
23. Әзiрлеушi осы жобаны қабылдау қажеттiлiгiн, ол қабылданған жағдайда, әлеуметтiк-экономикалық салдарын, оны iске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негiзделген түсiндiрме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкiмияттың және әкiмнiң қандай актiлерi қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәлiметтердi мiндеттi түрде жобаға қоса бередi. Егер актiлердiң жобалары нормативтiк сипатта болса және (немесе) әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi қозғаса, әзiрлеушi түсiндiрме жазбада нақты мақсаттарды, күтiлiп отырған нәтижелердiң мерзiмдерiн және енгiзiлiп отырған ұсыныстардың болжанып отырған тиiмдiлiгiн көрсетуге мiндеттi. Бұл актiлердi әкiмият немесе әкiм қабылдаған жағдайда, оларды iске асыру қорытындылары бойынша, әзiрлеушi актiлерде белгiленген мерзiмдерге сәйкес олардың қолданылуының нәтижелерi туралы қысқаша есеп тапсыруы тиiс. Жобаны әзiрлеушi мемлекеттiк органның басшысы екi парақтан аса көлемдегi жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына қол қоюы тиiс.
Тармақ 24
24. Жобаны әзiрлеушi жобада бiр мезгiлде әкiмият қаулыларын және (немесе) әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiн қабылданатын актiлерге сәйкес келтiру жөнiнде норма көздейдi және (немесе) нақты мерзiмдер белгiлей отырып, оларды сәйкес келтiру туралы тапсырманы көздейдi.
Тармақ 25
25. Әзiрленген (пысықталған) жоба (оған тиiстi материалдармен бiрге) жоба бойынша сараптама жүргiзу және қорытынды дайындау үшiн (бұдан әрi - сараптама) аппаратқа енгiзiледi. Аппаратта тiркелер алдында жобаның iс қағаздарын жүргiзу талаптарына сәйкестiгi тексерiледi. Жобаның iс қағаздарын жүргiзу талаптарына сәйкес еместiгi туралы ескертулер болған ретте, аппарат жобаны тiркеуге дейiн әзiрлеушiге қайтаруға құқылы. Жоба аппаратта тiркелгеннен кейiн оның мәтiндерiнiң мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi түпнұсқалылығы тексерiледi және сараптамадан нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру, мемлекеттiк-құқықтық жұмыс бөлiмдерiнде, аймақтық даму және аппарат кадрмен жұмысы тобында өтедi. Жобаға сараптама жүргiзу мерзiмi жобаның аппаратта тiркелген күнiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс. Аппарат оның мәтiндерiнiң түпнұсқалылығын тексеру, сараптама жүргiзу барысында немесе оның нәтижелерi бойынша жобаны мынадай негiздер бойынша әзiрлеушiге пысықтауға қайтаруға құқылы:
Тармақша 1
1) жоба мәтiндерiнiң мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi мәтiндерiнiң түпнұсқалы еместiгi;
Тармақша 2
2) оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiндiгi;
Тармақша 3
3) осы Регламенттiң талаптары бұзыла отырып ұсынылуы. Басқа желеулер бойынша терiс сараптамалық қорытынды жобаны қайтару үшiн негiз бола алмайды.
Тармақ 26
26. Жобаларды әкiмнiң орынбасарларында келiсу мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырылады. Әкiмнiң орынбасарларында мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, олар қажет болған ретте нәтижелерi хаттамамен рәсiмделетiн кеңес шақырады. Жоба аппаратта сараптамадан өткеннен кейiн аппарат басшысы ол бойынша шешiм қабылдау үшiн әкiмге не оны алмастыратын адамға баяндайды.
Тармақ 27
27. Әкiмияттың қаулыларына, әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне әкiм қол қояды. Актiлерге қол қойғаннан кейiн олардын түпнұсқаларына түзетулер енгiзiлмейдi.
Тармақ 28
28. Аппараттың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi әкiмият қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң куәландырылған көшiрмелерiн аппарат басшысы бекiткен жiберiлiмге сәйкес таратады. Әдiлет органдарында тiркелуге жататын әкiмияттың және әкiмнiң актiлерi алушыларға тiркелгеннен кейiн таратылады. Әкiмият қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң түпнұсқалары аппаратта сақталады. Құжаттардың уақытылы шығарылуы және жөнелтiлетiн алушыларға таратылуы үшiн жауапкершiлiк аппаратққа жүктеледi.
Тармақ 29
29. Техникалық қателерi болған ретте әкiмият қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мүмкiн. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылып алынуы тиiс.
Тармақ 30
30. Аппарат әкiмият және әкiм қабылдаған актiлердiң есебiн, жүйеленуiн және бақылау даналарын жүргiзудi, оларға ағымдағы өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзудi жүзеге асырады.
Тармақ 31
31. Әкiмияттың және әкiмнiң жалпы мiндеттi мәнi, ведомствоаралық сипаты бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және мiндеттерiне қатысты барлық актiсi әдiлет органдарында тiркеуге және ресми жариялау үшiн мәслихат пен әкiм айқындаған газеттерде және өзге мерзiмдi басылымдарда мiндеттi түрде жариялауға жатады.
Тармақ 32
32. Аппарат актiлердi жариялауға жiберудi жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Мемлекеттiк құпиялардан немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкiмият және әкiм қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлермен танысу үшiн мүдделi адамдарға рұқсат беру мiндеттi болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртiппен аппарат жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмияттың және әкiмнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртiбi
5. Заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмияттың және әкiмнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртiбi
Тармақ 34
34. Заң актiлерiн, Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi, Премьер-Министрi, әкiмият және әкiм актiлерiн орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн дайындау, келiсу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Заң актiлерi, Республика Президентiнiң, Республика Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмияттың, әкiмнiң актiлерi мен тапсырмалары және мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреттерi шегiндегi өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.
Тармақ 36
36. Заң актiлерiнiң, Республика Президентiнiң, Республика Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмияттың және әкiмнiң актiлерi мен тапсырмаларының уақытылы әрi сапалы орындалуына жауапкершiлiк осылар орындауға жiберiлген атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.
Тармақ 37
37. Әкiмнiң және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындау мерзiмдерi белгiленедi. Мерзiмдер белгiленбеген жағдайда, құжаттың түскен күнiнен есептелетiн орындаудың бiр айлық мерзiмi, ал "шұғыл" деген белгi болған жағдайда - он күндiк мерзiм белгiленедi.
Тармақ 38
38. Егер тапсырманың белгiленген мерзiмiнде орындалуы мүмкiн болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты органның бiрiншi басшысы (не оның мiндетiн атқарушы адам) кiдiрудiң себептерi туралы хабарлауға және оны орындау мерзiмiн ұзарту туралы белгiленген тәртiппен өтiнiш беруi тиiс. Тапсырманы орындау мерзiмiн ұзартуға екi реттен артық жол берiлмейдi.
Тармақ 39
39. Заң актiлерiнiң, Республика Президентiнiң, Республика Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмияттың және әкiмнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалу мерзiмдерiн бақылау жөнiндегi қызметтi қамтамасыз етудi аппарат әкiм айқындаған тәртiппен жүзеге асырады.
Тармақ 40
40. Аппарат заң актiлерiнiң, Республика Президентiнiң, Республика Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмияттың және әкiмнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкiмдi жүйелi хабардар ете отырып, әкiмнiң олардың орындалуын бақылау жөнiндегi қызметiн қамтамасыз етедi. Әкiмнiң орынбасарлары, аппарат басшысы заң актiлерiн, Республика Президентiнiң, Республика Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, әкiмияттың және әкiмнiң актiлерi мен тапсырмаларын орындаудың белгiленген тәртiбiнiң өрескел бұзылу фактiлерi бойынша кiнәлi лауазымды адамдарды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзе алады.