Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының пәтерлерi мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн қаржы бөлу тәртiбi жөнiндегi ережені бекiту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының пәтерлерi мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн қаржы бөлу тәртiбi жөнiндегi ережені бекiту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 13.02.2007 № ХХХІ-2 шешімімен. Екiншi сайланған Қызылқоға аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-II Заңының N 6-шы бабының 1-шi тармағын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының»пәтерлерi мен тұрғын үйлерiне жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн қаржы бөлу тәртiбi жөнiндегi ереже бекiтiлсiн (аудандық әкiмият қаулысы қосымшасымен).
Тармақ 2
2. Ауданның тиiстi басқару органдары мен жергiлiктi әкiмдер осы шешiмдi басшылыққа алып, жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Бұл шешiмнiң орындалуын бақылау аудандық мәслихатының Халықты әлеуметтiк қорғау, бiлiм мен мәдениет және жастар саясаты жөнiндегi тұрақты комиссиясына (төрағасы Б.Ж. Берiкқали) тапсырылсын.
Басқа 4
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының пәтерлері мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабы, тармағы, 14 тармақшасын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды қорғау туралы" Заң күші бар Жарлығының 20 бабына сәйкес, сондай-ақ аудандық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесі президиумының 2003 жылғы 19 наурыздағы N 2 хаттамасы негізінде аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесі президиумы ұсынған пәтерлері мен тұрғын үйлері жөндеуді қажет ететін Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының тізімімен келісілсін (қосымша 1).
Тармақ 2
2. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының пәтерлері мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу тәртібін бекіту аудандық Мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық қаржы бөлімі (Сәлімгереева Қ.) соғыс мүгедектері мен қатысушыларының пәтерлері мен үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге смета бойынша қаралған 300000 теңгені 10 пәтер және тұрғын үйді жөндеу жұмыстары үшін аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне (Б. Дүзбаев) бөлсін.
Тармақ 4
4. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі (Б. Дүзбаев) бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудандық коммуналдық меншік, құрылыс көріктендіру және тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімі (Б. Шаяхметов) 2003 жылдың 25 мамырына дейін дефектілік ведомостілерді құрастырсын және сметалық құжаттарды дайындасын.
Тармақ 6
6. Аудандық коммуналдық меншік, құрылыс көріктендіру және тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөліміне ағымдағы жөндеу жұмыстарының техникалық бағалау міндеттері жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Қуанышевке жүктелсін.
Басқа 12
Аудан әкiмиятының 2003 жылғы 5 мамырдағы N 48 қаулысына қосымша Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының пәтерлерi мен тұрғын үйлерiне жөндеу жұмыстарын жүргiзуге қаржыны тағайындау және төлеу Тәртiбi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тәртiп Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 31 наурыздағы N 2641 36/02 тапсырмасын орындау үшiн жасалған.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртiбi
2. Тағайындау тәртiбi
Тармақ 2
2. Тұрғын үйлерi мен пәтерiн жөндеудi қажет ететiн Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына ағымдағы жөндеу жұмыстары Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының арызына сәйкес жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының арыздарын қарау үшiн аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнде аудандық соғыс және еңбек ардагерлер Кеңесi өкiлдерiнiң қатысуымен комиссия құрылады.
Тармақ 4
4. Тұрғылықты жерi бойынша аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiне ақшалай төлем тағайындау туралы арыздары негiзiнде төмендегiдей құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының жеке арызы;
Тармақша 2
2) Тұрғын жерiнен отбасы туралы анықтама, немесе үйде тұратындығын растайтын дерек;
Тармақша 3
3) Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (РНН) және төлқұжат нөмiрi;
Тармақша 4
4) Арыз берушiнiң мәртебесiн растайтын құжат.
Тармақ 5
5. Жоғарыда аталған комиссия Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының арызы негiзiнде аудандық соғыс және еңбек ардагерлерi Кеңесiне жөндеу жүргiзуге болатындығы, немесе бас тартылғандығы жөнiнде шешiм қабылдайды, содан кейiн аудандық көрiктендiру, тұрғын үй және коммуналды шаруашылық бөлiмi дефектiлiк ведомость жасайды, дефектiлiк ведомость негiзiнде аудандық көрiктендiру, тұрғын үй және коммуналды шаруашылық бөлiмi мамандары смета жасайды.
Тармақ 6
6. Комиссия шешiмi тиiстi хаттамамен ресiмделiп, арызданушыға мiндеттi түрде таныстырылады.
Тармақ 7
7. Аудандық көрiктендiру, тұрғын үй және коммуналды шаруашылық бөлiмiне ағымдағы жөндеу жұмысына техникалық бағалау жасау мiндетi жүктелсiн.
Тармақ 8
8. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлген соң Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының қатысуымен атқарылған жұмыстар тексерiледi және жұмыстық орындалғандығы жөнiнде акт жасалады.
Тармақ 9
9. Атқарылған жұмыс жөнiндегi актiге комиссия Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары және мердiгер қол қояды.
Тармақ 10
10. Атқарылған жұмыстар жөнiндегi актiге қол қойылған соң 1 данасы аудандық қаржы бөлiмiне жiберiледi.
Тармақ 11
11. Барлық ұсынылған құжаттармен бiрге арыз жеңiл жөндеу жөнiндегi шешiммен бiрге комиссия хаттамасы алушының iсiнде сақталады.
Тарау 3. 3. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТIБI
3. ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТIБI
Тармақ 12
12. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын қаржыландыру аудандық бюджет есебiнен жүзеге асады.
Тармақ 13
13. Аудандық қаржы бөлiмi атқарылған жұмыстар жөнiндегi актiге сәйкес тұрғын үйлер мен пәтерлердi ағымдағы жөндеу жүргiзу үшiн аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiне қаржы бөледi.
Тармақ 14
14. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмi ағымдағы есепке түскен қаржыны екi күн iшiнде атқарылған жұмыстар жөнiндегi актiге сәйкес аудандық пошта байланыс торабындағы Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларының есеп шотына аударады.
Тармақ 15
15. Төлемдер аудандық пошта байланыс торабында аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнен алынған алушылардың тiзiмi негiзiнде алушының жеке басын куәландыратын құжаттар (төлқұжат, жеке куәлiк) көрсеткен жағдайда төлем төленедi.
Тарау 4. 4. ЕСЕПКЕ АЛУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ
4. ЕСЕПКЕ АЛУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ
Тармақ 16
16. Соғыс мүгедектерi мен қатысушыларының ағымдағы жөндеу жұмыстарының шығынын есепке алу, бақылау және есептеу аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiне жүктеледi.