Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекiтiлген 2001-2010 жылдары тiлдердi қолдану және дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды орындау мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңның 31 бабы 1 тармағы 3, 17 тармақшаларына сәйкес, Науырзым ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi аудандық комиссия құрылсын. Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi аудандық комиссияның құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекiтiлуге енгiзiлсiн (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Қоса берiлiп отырған көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Ж. Зейнеловке жүктелсiн.
Басқа 4. Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссияның ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Науырзым ауданы әкiмиятының 2003 жылғы 14 тамыздағы № 145 қаулысына 1 қосымша Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссияның ҚҰРАМЫ Зейнелов Қойшыбай Жұрмағамбетұлы аудан әкiмiнiң орынбасары, төраға Едiресов Халит Iлиясұлы аудан әкiмi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң бастығы, хатшы Комиссия мүшелерi: Ахметова Назерке Қасымқанқызы аудан әкiмi аппаратының iшкi саясат және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң бас маманы Байтұяқов Түлкiбай Садуақасұлы Қарамеңдi селолық округiнiң бас маманы Вавулин Геннадий Алексеевич аудан әкiмi аппаратының бас маман - заң кеңесшiсi Жарылғасымов Асқар Қуанышбайұлы аудан әкiмi аппаратының бас маман - аудармашысы Сүйiндiков Мұрат Қалымбайұлы аудан әкiмi аппаратының маман - сәулетшiсi
Басқа 5
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Науырзым ауданы әкiмиятының 2003 жылғы 14 тамыздағы № 145 қаулысына 2 қосымша бекiтiлдi Көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуiне бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Комиссия өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды, басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 2
2. Комиссияның құрамы аудан әкiмиятының қаулысымен құрылады және комиссияның дербес құрамы аудандық мәслихатқа бекiтiлуге ұсынылады.
Тармақ 3
3. Комиссияның шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 4
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру, материалдық-техникалық және әдiстемелiк қамтамасыз ету жергiлiктi атқарушы органмен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Негiзгi мiндеттерi
2. Негiзгi мiндеттерi
Тармақ 5
5. Комиссияның "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды орындау саласындағы негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) аудан аумағында көрнекi ақпараттардың, маңдайша жазулардың, мәтiндердiң, стендтердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуi жөнiнде ұсынымдар даярлауды және бақылау жасауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) өзiнiң отырыстарында көрнекi ақпараттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде безендiрiлуi мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың, мекемелердiң жетекшiлерiнiң есептерiн, хабарламаларын қарау.
Тарау 3. 3. Негiзгi қызметтерi мен өкiлеттiлiгi
3. Негiзгi қызметтерi мен өкiлеттiлiгi
Тармақ 6
6. Комиссия жүктелген мiндеттерiн шешу мақсатында:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiне көрнекi ақпараттардың безендiрiлуiн сәйкестендiруге бағытталған шаралар кешенiн жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) көрнекiлiк ақпараттар мәселелерi бойынша ұйымдар мен жеке азаматтардың хаттарын қарайды және тиiстi ұсынымдар бередi.
Тарау 4. 4. Жұмысты ұйымдастыру
4. Жұмысты ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссияның отырысында қабылданған және оның төрағасы бекiткен жұмыс жоспарына сәйкес комиссияның отырысы тұрақты түрде өткiзiледi. Комиссияның мүшелерiнiң жартысынан кем емесi қатынасқан жағдайда комиссияның отырысы өткiзiлдi деп есептелiнедi.
Тармақ 8
8. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыспен оның отырысына қатынасып отырған мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады.
Тармақ 9
9. Комиссияның құзырына кiретiн жеке мәселелердi қарау үшiн қажет болған жағдайда жұмыс топтары құрылады.
Тармақ 10
10. Комиссияның хатшысы жұмыс жоспарын, отырыстардың күн тәртiбiн құрады, комиссия мүшелерiнiң өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады және iс қағаздарын жүргiзедi.