Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил формирования кадрового резерва специалистов для осуществления обращения с патогенными биологическими агентами I и II групп патогенности

Бұйрық · № ҚР ДСМ-116 · қабылданған 18.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/i-ii-ekb-173060/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении правил формирования кадрового резерва специалистов для осуществления обращения с патогенными биологическими агентами I и II групп патогенности Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-116 ·18.10.2022
18.10.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил формирования кадрового резерва специалистов для осуществления обращения с патогенными биологическими агентами I и II групп патогенности

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-116 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил формирования кадрового резерва специалистов для осуществления обращения с патогенными биологическими агентами I и II групп патогенности
Атауы (қаз.)
Патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-116
Қабылданған күні
18.10.2022
Көрсетілген редакция
18.10.2022 173060_604386.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030238
ЭКБ идентификаторы
173060
Редакция идентификаторы
173060_604386
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:23

0 Патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2022 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрлігі

0 Патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 18 қазандағы
№ ҚР ДСМ-116
бұйрығына қосымша
Патогендігі І және ІІ топтардағы патогенді биологиялық
агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр
резервін қалыптастыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың (бұдан әрі – маман) кадр резервін қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2

2. Патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резерві (бұдан әрі – кадр резерві) мамандардың тізіліміне енгізілді, оны жүргізу Заңның 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алуды, мониторингтеуді жүргізу және болжау (модельдеуді) қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Кадр резервін қалыптастыру тәртібі

3 3. Кадр резервін қалыптастыруды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, ғылым саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

4 4. Кадр резервіне ерікті негізде:

1

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес патогендігі III және (немесе) IV топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын, патогендігі I және (немесе) II топтардағы микроорганизмдермен жұмыс бойынша кәсіптік даярлығы, қайта даярлығы бар, біліктілігі арттырылған мамандар;

2 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асырмайтын, патогендігі I және (немесе) II топтардағы микроорганизмдермен жұмыс бойынша кәсіптік даярлығы, қайта даярлығы бар, біліктілігі арттырылған мамандар енгізіледі.

5 5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мамандар (бұдан әрі – өтініш иесі) тиісті кадр резервіне енгізу үшін уәкілетті органға немесе биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйеге осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш пен сауалнаманы береді.

6 6. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде өтініш иесі ұсынған өтініш пен сауалнамаға тексеру жүргізеді және өтініш иесін кадр резервіне енгізу туралы шешім қабылдайды және оны бұл туралы хабардар етеді не оған дәлелді бас тартуды жібереді.

1 Өтініш

Патогендігі I және II топтардағы
патогенді биологиялық агенттермен
жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін
мамандардың кадр резервін
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
Өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол бар болса)
Өтініш
Мені патогендігі I және II топтардғы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін мамандардың кадр резервіне енгізуді сұраймын.
Өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) _____ / _____ қолы
202___ жылғы «____» _________

2 Сауалнама

Патогендігі I және II топтардағы
патогенді биологиялық агенттермен
жұмыс істеуді жүзеге асыру үшін
мамандардың кадр резервін
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Сауалнама
Өзек­ті фо­то
ор­ны
___________________________________________________ Те­гі
___________________________________________________ Аты
____________________________________________­Ә­ке­сі­нің аты
(ол бар бол­са)

Мә­лі­мет­тер
Тол­ты­ру үшін
1
Ла­у­а­зы­мы және жұ­мыс ор­ны
2
Па­то­ген­ді­гі I және (неме­се) II топ­тар­да­ғы мик­ро­ор­га­низмдер­мен жұ­мыс бой­ын­ша кә­сіп­тік да­яр­лау, қай­та да­яр­лау, бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (сер­ти­фи­кат­тық курс ту­ра­лы ку­ә­лік­тің нө­мі­рі және бе­рі­л­ген кү­ні, сер­ти­фи­кат­тық курс ту­ра­лы ку­ә­лік­ті бер­ген ұй­ым)
3
Ғы­лы­ми дә­ре­же­сі
4
Бі­лі­мі
5
Оқу ор­ны
6
Ди­плом­ның нө­мі­рі мен ал­ған кү­ні
7
Ма­манды­ғы
8
Жал­пы жұ­мыс өті­лі
9
І - ІІ топ­тар­да­ғы па­то­ген­дер­мен жұ­мыс өті­лі
10
Өті­ніш ие­сі­нің бай­ла­ныс де­ректе­рі (бай­ла­ныс те­ле­фо­ны, элек­трон­дық поч­та­сы)
Өтініш иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) _____ / _____ қолы
202___ жылғы «____» _________

Қолданыстағы