Ауданда құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi туралы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауданда құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында жалпы құқықтық оқуларды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шаралар туралы" № 2347 қаулысына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Ауданда құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
Тармақ 2
2. Кеңестiң қоса берiлiп отырған Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Кеңестiң жеке құрамы заңнамада белгiленген тәртiпте аудандық мәслихаттың бекiтуiне ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкiмi аппаратының басшысы Н.Т. Қобайдаровқа жүктелсiн.
Басқа 5. Ауданда құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестiру-әдiстемелiк кеңесiнiң ЕРЕЖЕСI
Аудан әкiмiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi "Ауданда құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi туралы" 118/7 қаулысымен бекiтiлдi Ауданда құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестiру-әдiстемелiк кеңесiнiң ЕРЕЖЕСI
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Ауданда құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) аудан атқарушы органдарының мекемелерiнiң, ұйымдарының құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқыту жөнiндегi қызметiнiң ведомствоаралық үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Аудан прокуратурасы, аудан әкiмi аппараты, аудандық iшкi iстер бөлiмi, редакция өкiлдерi Кеңес мүшелерi болып табылады. Кеңес мүшелерiнiң өкiлеттiгiн өзге тұлғаларға беру тек кеңес төрағасының келiсiмi арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi
2. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) Аудан атқарушы органдарының, мекемелерiнiң, ұйымдарының аудандық құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқулар жөнiндегi қызметiнiң өзара ведомствоаралық үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Аудан атқарушы органдарының, мекемелерiнiң, ұйымдарының аудандық құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқулар жөнiндегi қызметiн талдау.
Тармақ 4
4. Аудан атқарушы органдарының, мекемелерiнiң, ұйымдарының аудандық құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқулар саласындағы жұмыстың жағдайын бiрлесiп талдау, аудан атқарушы органдарымен, мекемелерiмен және ұйымдарымен бiрлесе өткiзiлетiн iс-шараларды ұйымдастыру және өткiзу Кеңес қызметiнiң негiзгi түрлерi болып табылады.
Тарау 3. 3. Кеңестiң функциялары
3. Кеңестiң функциялары
Тармақ 5
5. Кеңес мына функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Аудан мекемелерi мен ұйымдарында құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқулар жөнiндегi кәсiпорындар мен мекемелер басшыларының осы мәселелер бойынша ақпараттарын тыңдайды.
Тармақша 2
2) Аудан атқарушы органдары, мекемелерi, ұйымдары дәрiстiк бағдарламаларының тақырыптық бағытын және кәсiптiк мазмұнын талдайды.
Тармақша 3
3) Аудан атқарушы органдарына, мекемелерiне, ұйымдарына тақырыптық жоспарлар құрылған және құқықтық тақырыптағы материалдарды жариялауға тәжiрибелiк көмек көрсетедi.
Тармақша 4
4) Кеңестiң құзыретiне енетiн өзге де қызметтердi атқарады.
Тарау 4. 4. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру
4. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Кеңес жартыжылдық жоспарға сәйкес жұмыс iстейдi. Кеңес мәжiлiсi тоқсанына бiр рет өткiзiледi.
Тармақ 7
7. Мәжiлiстер төрағаның басшылығымен немесе оның ұсынысы бойынша кеңес мүшелерiнiң бiрiнiң басшылығымен өтедi.
Тармақ 8
8. Кеңестiң барлық мүшелерiнiң тең жартысы мәжiлiске қатысқан жағдайда ол заңды болып саналады.
Тармақ 9
9. Талқылау нәтижелерi мен қабылданған ұсынымдар Кеңес мәжiлiсiнен кейiн екi күн iшiнде толтырылып, хаттамаға тiркеледi. Хаттамаға Кеңес төрағасы мен хатшы қол қойып, барлық қажеттi құжаттармен қоса Кеңес мүшелерiне жiберiледi.
Басқа 25. Ауданда құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестiру-әдiстемелiк Кеңес ҚҰРАМЫ
Аудан әкiмiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi "Ауданда құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестiру-әдiстемелiк кеңесi туралы" № 118/7 қаулысына қосымша Ауданда құқықтық насихат пен жалпы құқықтық оқуларды үйлестiру-әдiстемелiк Кеңес ҚҰРАМЫ 1. Бейсенов Қайрат Құдайбергенұлы - аудан прокуроры, комиссия төрағасы (келiсiм бойынша) 2. Жоламанов Мәди Қаламбекұлы - аудан әкiмi аппаратының заңгерi, комиссия хатшысы КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРI 3. Сәдуақасов Қанат Манапұлы - аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң басшысы(келiсiм бойынша) 4. Әмiрғалиев Шәкiрт Төленұлы - аудан әкiмi аппаратының iшкi саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi 5. Iбiжанов Рымбай Байтөренұлы - аудандық "Аққу үнi" газетiнiң редакторы