Аудан әкiмиятының жанындағы төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияның Ережесiн бекiту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкiмиятының»жанындағы төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияның Ережесiн бекiту туралы Мемлекеттік тіркеуге жатпайды - Ақтөбе облысы Әділет департаментінің 2005 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысымен Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 13 бабына сәйкес, аудандық алдын алу және төтенше жағдай кезiндегi әрекет жүйесiн жетiлдiру, жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар мен мекемелердiң халықты және аудан аумағын авариялар, зiлзалалардан қорғаудағы әрекетiн үйлестiру жөнiнен ұсыныстар дайындау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында аудан әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қосыла берiлетiн аудан әкiмиятының жанындағы төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасарына Р. К. Кемаловаға жүктелсiн.
Басқа 2
Аудан әкiмиятының 2002 жылғы 18 қарашадағы N 483 қаулысымен бекiтiлдi Аудан әкімиятының жанындағы төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудандық төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссия кеңестiк-консультативтiк орган болып табылады және ол авариялар, зiлзала және басқа да оқиғалардың салдарынан болған төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзу жөнiнен ұсыныстар дайындау мақсатында құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңын, төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiктiң бұйрықтары мен қаулыларын, аудан әкiмияттарының қаулыларын, осы Ереженi және басқа да құқықтық-нормативтiк актiлердi басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия өз құзырын ауданның атқарушы органдарымен және меншiктiң барлық түрiндегi кәсiпорындармен, мекемелермен өзара әрекеттесе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Комиссияға аудан әкiмiнiң орынбасары жетекшiлiк етедi.
Бөлім 2. 2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
Тармақ 5
5. Комиссияның негiзгi мiндетi мыналар жөнiнен ұсыныстар дайындау болып табылады:
Тармақша 1
1) авариялардан, зiлзалалардан, басқа да құбылыстардан болған төтенше оқиғалардың алдын алу мен жою төңiрегiнде бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен жүргiзу жөнiнен;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың күштерi мен құралдарын құру және дамыту төңiрегiнде бiрыңғай техникалық саясат жүргiзу жөнiнен;
Тармақша 3
3) тұрғындар мен аудан аумағын авариялар, зiлзалалар мен басқа да оқиғалардан болған төтенше жағдайлардан қорғау мен қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да шараларды қалыптастыру жөнiнен;
Тармақша 4
4) төтенше оқиғалар кезiндегi әрекет пен алдын алу жүйесiн алдағы уақытта да дамыту жетiлдiрудiң басты бағыттарын анықтау жөнiнен;
Тармақша 5
5) жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар мен басқармалардың авариялар, зiлзала мен бақытсыз жағдайлар салдарынан жапа шеккен, сондай-ақ төтенше оқиғаларды жоюға қатысқан азаматтарды әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық сауалту жөнiндегi әрекетiн үйлестiру жөнiнен;
Бөлім 3. 3. Комиссияның құқықтары
3. Комиссияның құқықтары
Тармақ 6
6. Комиссия құқылы:
Тармақша 1
1) жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар, басқармалардың төтенше оқиғалардың алдын алу мен жою төңiрегiндегi әрекетiн үйлестiру жөнiнен ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 2
2) комиссияның құзырына енетiн сұрақтар жөнiнен нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобасын дайындауға қатысуға;
Тармақша 3
3) комиссияның құзырына енетiн сұрақтар жөнiнен жергiлiктi атқарушы органдар, ұйымдар мен мекемелердiң лауазымдық тұлғаларын тыңдауға;
Тармақша 4
4) жергiлiктi атқарушы органдар, басқармалар мен мекемелердiң төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою сұрақтары жөнiндегi бағдарламаларды орындауының талдауын жүргiзуге, оның iшiнде бағдарламалық шаралардың орындалуына бюджеттен бөлiнетiн қаржылардың жұмсалуына да талдау жасауға;
Тармақша 5
5) төтенше оқиғалардың алдын алу мен жою сұрақтары жөнiнен аналитикалық, эксперттiк және басқа да жұмыстарды орындау үшiн кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың мамандарын тартуға (олардың басшыларымен келiсе отырып)
Бөлім 4. 4. Комиссияның әрекетiн ұйымдастыру
4. Комиссияның әрекетiн ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру - техникалық жағынан қамтамасыз ету төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссияның хатшысына жүктеледi.
Тармақ 8
8. Комиссия өз әрекетiн төраға бекiткен жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Комиссия отырыстары қажетiне қарай әр тоқсанда бiр реттен өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi.
Тармақ 10
10. Аудан әкiмиятының қаулысын қабылдауды талап ететiн сұрақтар бойынша төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасы арқылы комиссия белгiленген тәртiппен тиiстi ұсыныс жасайды.
Тармақ 11
11. Комиссия өзi қарайтын және шешетiн ең маңызды деген сұрақтар жөнiнен аудан әкiмиятын үнемi хабардар етiп тұрады.