Ауданда азық-түлiк өнiмдерiн өткiзу ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз ету туралы Күшін жойған
Басқа 0
Ауданда азық-түлiк өнiмдерiн өткiзу ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз ету туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Баянауыл аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 202/12 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылдың 8 шiлдесiндегi "Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы" № 110-ХII, 1999 жылдың 16 шiлдесiндегi "Стандарттау туралы" № 433-1 және "Сертификаттау туралы" № 434-1 заңдарын, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2000 жылғы 15 наурыздағы "Мал шаруашылығы өнiмiнiң жекелеген түрлерi бойынша анықтауды бастау туралы" № 399 қаулысын негiзге ала отырып, ауданда азық-түлiк өнiмдерiн өткiзу ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Отандық тауар өндiрушiлер мен iшкi рынокты қорғау жөнiндегi аудандық комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Комиссия құрамын бекiту үшiн аудандық Мәслихатқа ұсыну экономика бөлiмiне (Асқарова Т.П.) жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Қоса берiлiп отырған отандық тауар өндiрушiлер мен iшкi рынокты қорғау жөнiндегi аудандық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 4
4. Аудан әкiмiнiң экономика бөлiмi 2002 жылдың 30 желтоқсанына дейiнгi мерзiм iшiнде аудандағы бөлшек, көтерме сауда кәсiпорындарында және аудан базарларында сақтау мерзiмдерi шектеулi азық-түлiк өнiмдерiн тасымалдау, сақтау, сату барысында қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамалар талаптарының қадағалануын бақылау үшiн әр түрлi бақылаушы органдардың өкiлдерiнен тұратын сақтау мерзiмдерi шектелген азық-түлiк тағамдарын сату ережелерiнiң сақталуын тексеру жөнiндегi аудандық жұмылдыру топтарын құрсын және жұмылдыру топтарының 2003 жылға арналған жұмыс жоспарын әзiрлесiн.
Тармақ 5
5. Майқайың поселкесi мен селолық округтер әкiмдерi:
меншiк нысанына қарамастан сауда, қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарының, базарлардың басшыларына өздерiнiң сауда объектiлерiн және оған қарасты аумақтарды тиiстi санитарлық-техникалық жағдайға келтiрудi мiндеттесiн;
маусымдық сауда (жазғы сауда алаңдары, балмұздақ, мұздатылған сусын сату, мал сату) орындарын анықтасын;
елдi мекендерде ретсiз сауда орындарының пайда болуына жол бермеу шараларын жүргiзсiн.
Тармақ 6
6. Ауданның санитарлық-эпидемиологиялық станциясы (Ишанова Т.Н.) тамақ өнiмдерiн дайындау, өткiзу және тасымалдауға бақылау жасауды күшейтсiн.
Тармақ 7
7. Ауыл шаруашылық министрлiгiнiң аудандық аумақтық басқармасы (Байдiлдин С.С.) мал және өсiмдiк өнiмдерi болып табылатын шикi заттардың аудан аумағына әкелiнуiне және оның әрi қарай өткiзiлуiне қатаң бақылау қойсын.
Тармақ 8
8. Аудандық iшкi iстер бөлiмi (Күзеков А.М.) ауданның елдi мекендерiндегi белгiленбеген сауда орындарын жою шараларын жүргiзсiн.
Тармақ 9
9. Аудан әкiмдiгiнiң 2002 жылдың 27 мамырындағы "Ауданда азық-түлiк өнiмдерiн өткiзу ережелерiн сақтау шараларының орындалуы туралы" N№116/5 және 2002 жылдың 26 тамызындағы "Ауданда азық-түлiк өнiмдерiн өткiзу ережелерiн сақтау шараларының орындалуы туралы" N 187/8 қаулыларының күшi жойылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмi аппаратының өндiрiстiк инфрақұрылым, маркетинг және менеджмент бөлiмiнiң меңгерушiсi Т. Ы. Смағұловқа жүктелсiн.
Басқа 11. Отандық тауар өндiрушiлер мен iшкi рынокты қорғау жөнiндегi аудандық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Аудан әкiмдiгiнiң
2002 жылғы 28 қазандағы
№ 219/14 қаулысымен бекiтiлдi
Отандық тауар өндiрушiлер мен iшкi рынокты қорғау жөнiндегi аудандық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Отандық тауар өндiрушiлер мен iшкi рынокты қорғау жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) аудандық тұтыну рыногын сапасыз тауардан қорғау жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүзеге асыру мақсатында құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз жұмысында қазақстан Республикасының "Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы", "Стандарттау туралы," "Сертификаттау туралы", заңдарын, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2000 жылғы 15 наурыздағы "Мал шаруашылығы өнiмiнiң жекелеген түрлерi бойынша анықтауды бастау туралы" № 399 қаулысын басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Комиссия отандық тауар өндiрушiлердi қорғау жөнiндегi ұсыныстарды, тұжырымдаманы дайындау және оларды тиiстi ұсынымдармен бiрге аудан әкiмдiгiне беру үшiн құрылған кеңес беру-кеңесу органы болып табылады.
Тармақ 4
4. Аудан әкiмiнiң экономика бөлiмi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Тарау 2. 2. Комиссияның мiндеттерi
2. Комиссияның мiндеттерi
Тармақ 5
5. Аудан аумағындағы бөлшек, көтерме сауда кәсiпорындарында және аудан базарларында сақтау мерзiмдерi шектелген азық-түлiк тағамдарын тасымалдау, сату барысында қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамалар талаптарының қадағалануына басшылық жасау.
Тармақ 6
6. Атқарушы және бақылаушы органдардың ауданда тұтыну тауарларын өндiруге, сондай-ақ тауардың дайындалып сатылғанына дейiнгi барлық кезеңдерiне, импортты қоса, сапасына бақылау орнатуға жағдайлар жасаудағы қызметтерiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдар беру.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының азық-түлiк тағамдары саудасын реттеу жөнiндегi заңдарын бұзу фактiлерiн қарау.
Тармақ 8
8. Отандық товар өндiрушiлер мен iшкi рынокты қорғаудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау және оларды аудан әкiмдiгiнiң қарауына ұсыну.
Тармақ 9
9. Тұтыну тауарларын шығарушылардың отандық тауар өндiрушiлердi қолдау мәселелерi жөнiндегi ақпараттық деректердi бiлу мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету.
Тарау 3. 3. Комиссияның құрамы
3. Комиссияның құрамы
Тармақ 10
10. Комиссияның жеке құрамын аудан әкiмiнiң ұсынысы бойынша аудандық мәслихат бекiтедi.
Тармақ 11
11. Комиссияны комиссия төрағасы басқарады.
Тармақ 12
12. Қажет болған жағдайларда Комиссия төрағасын комиссия төрағасының орынбасары алмастырады.
Тармақ 13
13. Комиссия төрағасының орынбасары:
Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар дайындайды;
Комиссия шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды;
Комиссия мүшелерiнiң және оның қызметiне қатыстырылған мамандардың жұмысын үйлестiредi.
Тарау 4. 4. Өз қызметтерiн жүзеге асырудағы Комиссияның құқықтары
4. Өз қызметтерiн жүзеге асырудағы Комиссияның құқықтары
Комиссия өз мiндеттерiне және төраға бекiткен iс-шаралар жоспарына сәйкес қызмет атқарғанда:
Тармақ 14
14. Өз құзыры шеңберiнде бекiтiлген кестеге сәйкес жұмылдыру топтары өткiзетiн рейдтердiң қорытындылары және сауда субъектiлерiне тез бүлiнетiн тауарларды әкелгенде, көлiкпен тасығанда, сатқанда және сақтағанда қолданылып жүрген заңдардың талаптарын сақтамағандары үшiн қолданылған шаралар туралы хабарламаларды тыңдауға;
Тармақ 15
15. Отандық тауар өндiрушiлер мен iшкi рынокты қорғаудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау үшiн тауар өндiрушiлермен тұрақты өзара қарым-қатынас жасауға;
Тармақ 16
16. Аудандық тұтыну рыногын сапасыз тауар әкелуден қорғау мәселелерi жөнiндегi ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыруға;
Тармақ 17
17. Азық-түлiк импортымен айналысатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мәлiметтерi банкiн құруға;
Тармақ 18
18. Бақылаушы органдардың қызметкерлерiмен бiрлесе отырып, тез бүлiнетiн тауарларды әкелгенде, көлiкпен тасығанда, сатқанда және сақтағанда қолданылып жүрген заңнаманы бұзу фактiлерiн тексеруге құқылы.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
5. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 19
19. Комиссия өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қорытынды жасауға заңнамада белгiленген тәртiпте жұмысшы орган алдында беделдi кәсiпкерлердi, басқару органдарының өкiлдерiн және қорытынды беретiн басқа мамандарды сарапшы және кеңесшi ретiнде қатыстыру, сондай-ақ аудан кәсiпорындары шығаратын тауарларға қатысты талқылау шараларын өткiзу үшiн қажеттi ақпарат дайындау туралы өтiнiш жасайды.
Тармақ 20
20. Комиссия өз мiндеттерiне және қызметiнiң негiзгi бағыттарына сәйкес өз мәжiлiстерiнде мәселелердi қарайды және шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 21
21. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы жай көпшiлiк дауыспен қабылданады және егер оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан көбi дауыс берсе шешiм қабылданған болып саналады. Дауыс тепе-тең болса, төраға дауыс берген шешiм қабылданады.
Тармақ 22
22. Комиссияның шешiмдерiне төраға қол қояды.
Тармақ 23
23. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрi болуға құқығы бар, ол жазбаша түрде баяндалып, Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасына қоса тiркелуi қажет.
Тармақ 24
24. Төраға Комиссияның мәжiлiстерiн қажет болған жағдайда, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзедi.
Тарау 6. 6. Комиссияның қызметiн тоқтату
6. Комиссияның қызметiн тоқтату
Тармақ 25
25. Комиссияның қызметi аудан әкiмдiгi қаулысының негiзiнде тоқтатылады.