О внесении изменений в решение ХI сессии маслихата города Алматы V созыва от 12 декабря 2012 года № 78 «Об установлении ставок платы за использование особо охраняемых природных территорий Государственного регионального природного парка «Медеу» Күшін жойған
Басқа 0
V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының
«Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше
қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы
ставкаларын белгілеу туралы» 2012 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 78 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІ сессиясының «Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы» 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 78 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 961 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2013 жылғы 12 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелерін белгілеу туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 591-бабына және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. «Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.»;
аталған шешімнің қосымшасындағы тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Медеу» Мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің ерекше қорғалатын табиғи аумағын (ЕҚТА) пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері».
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.