О внесении дополнения в решение ХХI-й сессии маслихата города Алматы VI-го созыва от 15 сентября 2017 года № 147 «Об утверждении перечня местных проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации по городу Алматы» Күшін жойған
Басқа 0
VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXI сессиясының
«Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған
жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының
тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 147 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңы 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес,
Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXI сессиясының «Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 147 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1404 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 қыркүйекте «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласы бойынша іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі:
мынадай мазмұндағы, 13 жолмен толықтырылсын:
«
13.
Алматы арена және Халық аренаны көп функционалды және кешенді басқаруды ұйымдастыру
Алматы қаласы Спорт басқармасы
».
Тармақ 2
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.А. Козловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.