Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік ic ашу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік ic ашу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабындағы 1-тармақтың 14- тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік ic ашу үшін, оның ішіне кәсіптік оқудан өткендерге де (ары қарай - әлеуметтік көмек) бip жолғы әлеуметтік көмек 30000 (отыз мың) теңгеден 70000 (жетпіс мың) теңге мөлшеріне дейін тағайындау қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту жене әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Ансатбаев Мұратбай) әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеуді мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушының тұрғылыкты жеріндегі қала, ауылдық учаскелік комиссиясына берген өтініші негізінде қамтамасыз етеді. Өтініште әлеуметтік көмекті қандай мақсатка алатындығы, алатын малдың немесе құстын түрлері аталып, нақты бағасы көрсетіледі сонымен қатар материалдық қамтуды төлеу ұйымдарында ашылған шотының нөмерін ұсынады және төмендегі құжаттарды тапсыруына сәйкес: халық кәсіпшілігін дамытуға - жеке меншік ic ашу үшін негізделген есеп (бизнес-жоспар). Кәсіби дайындықтан өткен жұмыссыздарға мамандық беру туралы куәліктің көшірмесін және үлгерім деңгейі мен бизнес-жоспардың табыстылық бағасы көрсетілген оқу орнының ұсынысын қосымша тапсырады; әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдармен аудан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, әлеуметтік көмек алушы және учаскелік комиссия төрағасы ретінде қала, ауылдық әкімімен үшжақты шарт.
Тармақ 3
3. Аудандық қаржы бөлімі (Белесаров Нұрлан Өксенұлы) бip жолғы әлеуметтік көмекті қаржыландыруды аудан бюджетінде қаралған қаржы шегінде қаржы жоспарларында көрсетілген көлемде қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 23 маусымында № 2-8-6 нөмерімен тіркелген, 2005 жылдың 15 шілдесіндегі № 30 «Еңбекшіқазақ» газетінде жарияланған, Еңбекшіқазақ ауданы әкімиятының 2005 жылдың 6 маусымындағы № 1507 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы аз қамтамасыз етілген отбасыларына жеке шаруашылыққа мал, халық кәсіпшілігін дамытуға, жеке меншік ic ашу үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Лысенко Владимир Петровичке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн мерзім өткеннен бастап қолданысқа енгізілсін.