О внесении изменений в постановление II-й сессии Алматинского городского Маслихата - Собрания депутатов от 12 августа 1994 года "О звании "Алматы каласынын кyрметті азаматы" Күшін жойған
Басқа 0
"Алматы қаласының құрметтi азаматы атағы туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1994 жылғы 12 тамыздағы II-сессиясының Қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХXІV сессиясының 2010.12.13 N 388 шешімімен.
"Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiк беру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" 1999 жылғы 7 сәуiрдегi № 374-1 Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. "Алматы қаласының құрметтi азаматы атағы туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1994 жылғы 12 тамыздағы II-сессиясының қаулысы 4 тармағының және осы қаулының N 1 қосымшаның 7 тармағы мен ескертпесiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 2
2. "Алматы қаласының құрметтi азаматы атағы туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1994 жылғы 12 тамыздағы II-сессиясының қаулысы 4 тармағы мына редакцияда мазмұндалсын:
"Алматы қаласының Әкiмiне "Алматы қаласының құрметтi азаматы" атағын алған азаматтарға бiр жолғы сыйақы төлеу үшiн ақша қаражатын бөлу көзi мен тәртiбiн белгiлеу ұсынылсын". Осы қаулының N 1 қосымшаның 6 тармағында "куәлiк, кеуделiк белгi" сөздерiнен кейiн "және жүз ең төменгi есептемелiк көрсеткiш көлемiнде бiр жолғы сыйақы" сөздерiмен толықтырылсын. N 1
қосымшаның 8 және 9 тармақтары тиiсiнше 7 және 8 тармақ болып саналсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының
86 және 87
баптарына сәйкес қаулы мен NN 1,2 қосымшалардағы "Мәслихат-Депутаттар
жиналысы", "қала әкiмшiлiгiнiң басшысы", "аудан әкiмшiлiгiнiң басшысы"
атаулары тиiсiнше "Мәслихат", "қала Әкiмi", "аудан Әкiмi" атауларына
ауыстырсын.