О внесении изменений в решение II сессии Карагандинского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 32 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Караганды» Күшін жойған
Басқа 0
V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі II сессиясының «Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» №32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі ІІ сессиясының «Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» № 32 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-1-154 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы № 064 (970) «Взгляд на события» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:
Тармақша 1
1) 18 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«18. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушылардың жеке істері түзіледі. Ай сайын тұрғын үй көмегі есебін жүргізеді және өтініш иесіне өтініш жасауына қарай беріледі.»;
Тармақша 2
2) Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне 2,3,4 қосымшалары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы Б. Жайназаров
2015 жылғы 23 қазан