О внесении изменений в решение II сессии маслихата области Ұлытау от 18 мая года 2023 года № 25 «Об утверждении Правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений области Ұлытау» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлытау облыстық мәслихатының II сессиясының 2023 жылғы 18 мамырдағы №25 Ұлытау облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ұлытау облыстық мәслихатының II сессиясының 2023 жылғы 18 мамырдағы №25 «Ұлытау облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін : көрсетілген шешіммен бекітілген Ұлытау облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларында: 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «39. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.»; 58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.»; 59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «59. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.