О внесении изменений в решение II сессии Каражалского городского маслихата от 28 марта 2012 года № 19 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченному населению города Каражал" Күшін жойған
Басқа 0
Қаражал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы II сессиясының № 19 "Қаражал қаласының аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қаражал қалалық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы II сессиясының № 19 "Қаражал қаласының аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-5-127 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырдағы № 18 "Қазыналы өңір" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбындағы, осы шешіммен бекітілген Қаражал қаласының аз қамтылған тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің тақырыбындағы және 1, 2, 3 қосымшаларындағы орыс тіліндегі "предоставления" сөзі "оказания" сөзімен ауыстырылсын;
Ереженің 7, 8 тармақтары алынып тасталынсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және құқықтық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Сыртанбеков) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешiм оның алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.