Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi аудандық Кеңес туралы Қолданыста
Басқа 0
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi аудандық Кеңес туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегi № 267 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi № 377 "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесiн жетiлдiру шаралары туралы" Жарлығын жүзеге асыру, ауданның атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделi мемлекеттiк органдарының қызметiн үйлестiрудi жақсарту мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңның 31 бабы 1 тармағы 17 тармақшасына сәйкес, Науырзым ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Аудан әкiмiнiң жанынан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi аудандық Кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса берiлiп отырған аудан әкiмiнiң жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi аудандық Кеңес туралы Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылауды өзiме қалдырамын.
Басқа 4
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы
Науырзым ауданы әкiмиятының
2003 жылғы 16 маусымдағы
№ 114 қаулысымен бекiтiлген
Аудан әкiмiнiң жанындағы қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi аудандық Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi аудандық Кеңес (бұдан әрi - Кеңес) аудан әкiмi жанындағы ақыл кеңес органы болып табылады, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi ұйымдастыру мәселелерiнде ауданның атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделi мемлекеттiк органдарының қызметiн ведомствоаралық үйлестiрудi қамтамасыз етедi.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, елiмiздiң Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне және осы Ережеге сәйкес жүргiзедi.
Тармақ 3
3. Кеңестiң дербес құрамын аудан әкiмiнiң ұсынуымен аудандық мәслихат бекiтедi.
Тарау 2. 2. Кеңестiң негiзгi мақсаттары
2. Кеңестiң негiзгi мақсаттары
Тармақ 4
4. Кеңестiң негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:
Тармақша 1
1) ауданның атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдарының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi ұйымдастыру салаларында ведомствоаралық үйлестiру қызметiн қамтамасыз ету, құқық тәртiбi мен заңдылықтарды нығайту;
Тармақша 2
2) аудандағы қалыптасқан құқықтық жағдайды талдау, қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралардың жоспарларын әзірлеу және аудандық мәслихатқа бекiтуге ұсыну;
Тармақша 3
3) құқық қорғау және өзге мемлекеттiк органдардың қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi тәжiрибесiн жинақтау;
Тармақша 4
4) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардың қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының Заңдарын, елiмiздiң Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн орындау барысын зерттеу;
Тармақша 5
5) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдарға ауданда құқық қорғауды және заңдылықтарды қамтамасыз ету жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
Тарау 3. 3. Кеңестiң қызметi
3. Кеңестiң қызметi
Тармақ 5
5. Кеңес мынандай қызметтердi жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Кеңестiң мәжiлiстерiнде атқарушы, құқық қорғау органдарының ауданда қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi ұйымдастыру жағдайын қарайды;
Тармақша 2
2) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардың басшыларының қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi ұйымдастыру жөнiндегi есептерiн тыңдайды;
Тармақша 3
3) жоғарыда аталған жұмыстарды жақсарту жөнiнде ұсынымдар даярлайды;
Тармақша 4
4) Кеңеске жүктелген өзге мiндеттердi орындайды.
Тарау 4. 4. Кеңестiң өкiлеттiгi
4. Кеңестiң өкiлеттiгi
Тармақ 6
6. Кеңес негiзгi мақсаттарды жүзеге асыру және өз мiндеттерiн орындауда мынандай құқыққа ие болады:
Тармақша 1
1) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардан Кеңестiң құзырына енетiн ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды сұрастыруға және алуға;
Тармақша 2
2) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi ұйымдастыру жөнiнде ұсынымдар және ұсыныстар әзiрлеу;
Тармақша 3
3) құқық қорғау және өзге мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн Кеңестiң мәжiлiсiне материалдарды әзiрлеу үшiн тарту.
Тарау 5. 5. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру
5. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Кеңес жоспарға сәйкес жұмыс iстейдi:
Тармақша 1
1) оның мәжiлiсi тоқсан сайын және қажеттiгiне қарай өткiзiледi;
Тармақша 2
2) Кеңес мәжiлiсiн Төраға, орынбасары немесе оның тапсырмасымен Кеңестiң бiр мүшесi өткiзедi. Оған Кеңес мүшелерiнiң жартысынан көбi қатынасса құқылы болып есептеледi;
Тармақша 3
3) Кеңестiң шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады, ол хаттамамен ресiмделiнедi және оны Төраға бекiтедi.