Қызылорда облысының бiлiм және мәдениет ұйымдарына есiмдер беру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Қызылорда облысының бiлiм және мәдениет ұйымдарына есiмдер беру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Z010148_ Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына және P960281_ "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қызылорда қаласының әкiмияты мен мәслихатының және облыстық ономастика комиссиясының:
облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа белгiлi қолбасшы және мемлекет қайраткерi Жалаңтөс Бахадүр Сейтқұлұлының;
Қызылорда аграрлық-техникалық колледжiне қоғам қайраткерi Исатай Әбдiкәрiмовтiң;
Қызылорда музыкалық колледжiне күй өнерiнiң көрнектi өкiлi Қазанғап Тiлепбергенұлының есiмдерiн беру туралы ұсыныстары мақұлдансын;
Тармақ 2
2. Жалағаш ауданының әкiмияты мен мәслихатының және облыстық ономастика комиссиясының Жалағаш аудандық мәдениет үйiне Қонысбек Қазантаевтың есiмiн беру туралы ұсыныстары мақұлдансын;
Тармақ 3
3. Сырдария ауданының әкiмияты мен мәслихатының және облыстық
ономастика комиссиясының Сырдария аудандық мәдениет үйiне Құрақтың
Досжанының, аудандық әуез мектебiне Сламбек Ысқақовтың есiмдерiн беру
туралы ұсыныстары мақұлдансын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылсын.