Қолданыстағы ред. 19.03.2002

Жалпы бiлiм беретiн мектептерде компьютерлiк сауаттылықты ендiру жайлы от 19.03.2002 г. № 195 (Жалпы бiлiм беретiн мектептерде компьютерлiк сауаттылықты ендiру жайлы)

0

Жалпы бiлiм беретiн мектептерде компьютерлiк сауаттылықты ендiру жайлы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі № 3645 «Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы туралы» өкіміне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 тамыздағы № 1037 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдасы туралы» қаулысына сәйкес, сондай-ақ облыстағы жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын компьютерлік сауаттылыққа оқыту мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдері, облыстық білім басқармасы (М.Өтемұратов) жалпы білім беретін мектептердегі компьютерлік техникалардың тиімді пайдалану, сақталуын қамтамасыз ету, дер кезінде техникалық қызмет ету және жаңалап отыру жөніндегі шаралар қабылдасын.

2

2. Облыстық білім басқармасы, облыс әкімінің кадрлар біліктілігін көтеру және қайта даярлау институты (И.Ким) мұғалімдердің ақпараттандыру және есептеу техникасы негіздерінен жүйелі түрде білімін көтеруін, оларды қолданбалық бағдарламалармен, оқу- әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуін өткізетін болсын.

3

3. Облыстық білім басқармасы облыс көлеміндегі білім беру жүйесін ақпараттандырудың барысы жайлы жылына екі рет (10 қазан және 10 қаңтарға) мәлімет тапсырсын.

4

4. Осы қаулының орыңдалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.