Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кеңесi туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кеңесi туралы Ауданда қолданылып жүрген басқа тiлдердiң, аудан аумағында дамуына, мемлекеттiк тiлдiң қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында кең қолданылуына қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi қызметiн үйлестiруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" № 550 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кеңесi құрылып, заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатқа бекiтуiне ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кеңесiнiң Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Закирьяновқа жүктелсiн.
Басқа 4. Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кеңесi туралы
Май аудан әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 12 қаңтардағы "Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кенесi туралы" № 9/1 қаулысымен бекiтiлдi Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кеңесi туралы
Тарау 5. Ереже 1. Жалпы ережелер
Ереже 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кеңесi аудан мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк емес ұйымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, Қазақстан халықтары Кiшi Ассамблеясының Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын аудан аумағында жүзеге асыру жөнiндегi консультативтiк кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметiне Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы "Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарғы арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" N 550 Жарлығын, 2002 жылғы 19 маусымдағы "Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi облыстық үйлестiру кеңесi туралы" № 137/7 қаулысын, сондай-ақ осы ережесiн басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңес аудан мемлекеттiк органдар қызметкерлерi, жұртшылық өкiлдерi, шығармашылық зиялылар, тiл мамандары iшiнен құрылады.Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық негiзде атқарады.
Тармақ 4
4. Кеңестiң құрамы аудандық мәслихат сессиясының қаулысымен бекiтiледi.
Тармақ 5
5. Кеңес өз қызметiн мемлекеттiк органдармен, қоғамдық бiрлестiктермен жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Кеңес ұсыныс сипатындағы қаулысы қабылдайды.
Тарау 2. 2. Кеңестiң құқықтары
2. Кеңестiң құқықтары
Тармақ 7
7. Селолық округ әкiмдерiнiң, мекеме және ұйым басшыларының, Қазақстан Республикасының "Тiлдер туралы" Заңының орындалуы туралы есептерiн тыңдау.
Тармақ 8
8. Аудандық "Ана тiлi" бағдарламасы шеңберiнде өткiзiлетiн iс-шаралар жоспарын бекiту.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзырын жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Кеңестiң мақсаты, мiндеттерi мен функциялары
3. Кеңестiң мақсаты, мiндеттерi мен функциялары
Тармақ 10
10. Облыс әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 21 мамырдағы № 1221/6 қаулысымен мақұлданған Тiлдердi қолдану мен дамытуды 2002 - 2003 жылдарға арналған "Ана тiлi" облыстық бағдарламасының iс-шараларын орындау мәселелерi жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар жасау Кеңестiң мақсаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Кеңестiң мiндеттерi:
Тармақша 1
1) Бағдарлама iс-шараларының орындау барысы мен қорытындыларын жан жақты және әдiл зерделеу және жинақтау;
Тармақша 2
2) Бағдарлама iс-шараларын толық және дер кезiнде орындалуын қамтамасыз ету, аудан барлық ұйымдары мен ведомстволарының, жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк және ауданда қолданылып жүрген басқа да тiлдердiң аудан аумағында дамуына, мемлекеттiк тiлдiң қоғамдық өмiрдiң барлық салаларында кең қолдануына қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
Тармақша 3
3) Павлодар облысындағы тiлдердi дамыту қоғамдық қорымен Бағдарламаны орындау жөнiндегi өзара байланыс жасау;
Тармақша 4
4) Бағдарлама iс-шараларының орындалуын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау Кеңестiң негiзгi мiндеттерi болып табылады;
Тармақ 12
12. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңнамада белгiленген тәртiптi мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Бағдарлама iс-шаралардың орындалуына, ауданның жергiлiктi атқарушы органдарының ұйымдары мен ведомстволарының мемлекеттiк және аудан аумағында қолданылып жүрген басқа тiлдердiң дамуына, мемлекеттiк тiлдiң қоғамдық өмiрдiң барлық салаларына жан-жақты қолдануына қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi қызметiне мониторинг жүргiзiледi;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Кеңес қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi
4. Кеңес қызметiн ұйымдастыру және жұмыс тәртiбi
Тармақ 13
13. Кеңестiң мәжiлiстерi қажет болғанда, тоқсанда кемiнде бiр рет өткiзiледi. Мәжiлiстердiң күн тәртiбi аудан бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының ұсынысы бойынша құрылады.Кеңес мәжiлiстерiне мәселелердi аудан бойынша ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы, Кеңес мүшелерi, сондай-ақ Кеңес төрағасының немесе оның орынбасарының ұсынысы iшкi саясат және спорт бөлiмi дайындайды.
Тармақ 14
14. Кеңес мүшелерiнiң үштен екi бөлiгi қатысса, оның мәжiлiстерi құқықты болып саналады.
Тармақ 15
15. Кеңес мәжiлiстерiнiң қорытындысы бойынша қаулысы қабылдайды, олар мәжiлiске қатысқан Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданып, ұсыныс сипатында болады.Кеңес мәжiлiсiне қатысып отырған мүшелердiң көпшiлiгi дауыс берсе, қаулы қабылданған болып саналады.Дауыс саны тең болса, төрағаның дауысы шешедi.
Тармақ 16
16. Кеңес мәжiлiстердi өткiзгенде, сараптау және талдау жұмыстарын жүргiзгенде жұмыс топтарын құра алады, олар қызметiн Кеңестiң бiр мүшесiнiң басшылығымен атқарады.
Тармақ 17
17. Кеңес жүктелген мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн:
Тармақша 1
1) өз мәжiлiстерiнде аудан жергiлiктi атқарушы органдарының, мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындарының басшыларын Қазақстан Республикасында тiл туралы заңнаманы орындау мәселесi бойынша шақырып тыңдауға;
Тармақша 2
2) өз құзыры шеңберiнде аудан мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк емес ұйымдарынан, қоғамдық бiрлестiктерден, мекемелерден, ұйымдар мен кәсiпорындардан қажеттi ақпаратты сұратып алуға;
Тармақша 3
3) жергiлiктi жерлерде тiлдердiң қолданылуы мен дамуын қамтамасыз ету жөнiндегi ауылдық Кеңестердiң қызметiн үйлестiруге және бақылауға;
Тармақша 4
4) аудан әкiмi мен әкiмдiгiне Кеңес құзырына берiлген мәселелер бойынша ұсыныстар жасауға;
Тармақша 5
5) жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық дерекқорларын пайдалануға;
Тармақша 6
6) құжаттарды дайындауға ғылыми ұйымдарды, тәуелсiз сарапшылар мен мамандарды қатыстыруға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкiлеттердi жүзеге асыруға құқылы. 18.Кеңес өз мәжiлiстерiнде бiр жылғы жұмыс жоспарын бекiтедi.
Тармақ 19
19. Осы қағидаға өзгерiстер мен толықтырулар аудан әкiмдiгiнiң тиiстi актiлерiмен және мынадай жағдайларда енгiзiледi:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының тiл саясатына қатысты мәселелер жөнiндегi қолданылып жүрген заңнамасына өзгерiстер енгiзiлсе;
Тармақша 2
2) Кеңес мүшелерiнiң бастамасы бойынша жасалады.
Басқа 42. Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кеңесiнiң құрамы
Май аудан әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 12 қаңтардағы "Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кеңесi туралы" № 9/1 қаулысына қосымша Тiлдердi қолдану мен дамытуды қамтамасыз ету жөнiндегi аудандық үйлестiру кеңесiнiң құрамы 1. Закирьянов Амангелдi Шаймарданұлы - аудан әкiмiнiң орынбасары, кеңестiң төрағасы 2. Литвинова Надежда Викторовна - ішкi саясат және спорт бөлiмiнiң бастығы, кеңес төрағасының орынбасары 3. Абылкаирова Айымгүл Жасұланқызы - iшкi саясат бөлiмiнiң маманы, кеңес хатшысы Кеңес мүшелерi: Искакова Рымбике Қомашқызы - мұсылман әйелдер лигасының төрайымы Андасов Төлеухан Дүйсенбайұлы - ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлiмiнiң бастығы Әйтенова Айман Әлiбайқызы - аудандық бiлiм беру бөлiмiнiң кәсiподақ ұйымының төрағасы Жұмадiлов Ерсiн Нұрмұханбетұлы - аудандық "Шамшырақ" газетi редакторының орынбасары Зiлкенов Саниял Оразбайұлы - Көктөбе орта мектебiнiң қазақ тiлi мен әдебиет мұғалiмi Изатова Салтанат Сәулебекқызы - Көктөбе орта мектебiнiң қазақ тiлi мен әдебиет мұғалiмi