Тиiстi қаржы жылға аудан бюджетiнiң жобасын құрастыру, бюджеттiң орындалуы жөнiндегi аудандық комиссия туралы Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тиiстi қаржы жылға аудан бюджетiнiң жобасын құрастыру, бюджеттiң орындалуы жөнiндегi аудандық комиссия туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2005.02.03 № 14 қаулысымен Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357-1 "Бюджет жүйесi туралы" заңының 18-1 бабына және Қазақстан Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 қыркүйектегi № 1169 санды "Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi дайындау Ережесiн бекiту жөнiндегi" қаулысына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Тиiстi қаржы жылға аудан бюджетiнiң жобасын құрастыру, бюджеттi орындалуы жөнiндегi аудандық комиссия құрылсын, 1-шi қосымша сәйкес.
Тармақ 2
2. Тиiстi қаржы жылға аудан бюджетiнiң»жобасын құрастыру, бюджеттi орындалуы жөнiндегi аудандық комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн, 2-шi қосымшаға сәйкес.
Тармақ 3
3. Осы қаулы облыстық әдiлет басқармасында тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
Басқа 4. Комиссия мүшелері
1 қосымша Бекiтiлген Қорғалжын ауданы әкiмдiгiнiң 2003  жылғы 13 қаңтардағы N 1 қаулысымен Тиісті қаржы жылға аудан бюджетінің жобасын құрастыру, Бюджеттің орындалуы жөніндегі комиссия құрамы Смағұлов Марат Қаулешұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ахметов Серік Әбдәқалықұлы - қаржы бөлімі меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары Рысбаева Бақыт Қанжығалымқызы - қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері Даңғылов Рамазан Ысқақұлы - аудандық қазыналық бөлімнің бастығы (келісім бойынша) Ахметова Үміт Сартайқызы - санитарлық эпидемиологиялық станцияның бас дәрігері, аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрайымы (келісім бойынша) Ахметов Қабиден Абсағиұлы - экономика бөлімінің бастығы Жұрқаев Жанат Ізбасарұлы - салық комитетінің төрағасы міндетін атқарушы (келісім бойынша)
Басқа 5
2 қосымша Бекiтiлген Қорғалжын ауданы әкiмдiгiнiң 2003  жылғы 13 қаңтардағы N 1 қаулысымен Тиiстi қаржы жылға аудан бюджетiнiң жобасын құрастыру, бюджеттiң орындалуы жөнiндегi комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже тиiстi қаржы жылға аудан бюджетiнiң жобасын құрастыру, бюджеттiң орындалуы жөнiндегi комиссияның қызметiн ретке келтiредi (әрi қарай - Комиссия).
Тармақ 2
2. Комиссияның құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi, Қазақстан Республикасының»кейбiр нормативтiк-құқықтық актiлерi, онымен бiрге осы Ережелер құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мiндеттерi
2. Комиссияның мiндеттерi
Тармақ 3
3. Аудан бюджетiнiң жобасын әзiрлеу және 3 жылдық кезеңге аудан бюджетiнiң болжамды көрсеткiшiн анықтау, тиiстi қаржы жылына аудан бюджетiнiң жобасын дайындау және аудан бюджетiнiң атқарылуын жүзеге асыру комиссияның негiзгi мiндеттерi болып табылады. Аудан әкiмдiгiмен белгiленген басқа да мәселелердi шешедi.
Тарау 3. 3. Комиссияны қызметтерi
3. Комиссияны қызметтерi
Тармақ 4
4. Комиссия заңдылықтармен белгiленген тәртiп бойынша жүктелген атқарымдық мiндеттерiне сәйкес келесi мiндеттердi атқарады:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмысшы органымен дайындалған материалдарды қарап, анықтайды; алдағы 3 жылдық кезеңге арналған аудан бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн; ағымдағы жылда жүзеге асырылудағы жобаларды есепке ала отырып, аудан бюджетi шығысының лимитi енгiзiлген, оның iшiнде инвестициялық жобалар бойынша да аудан бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерiн; ағымдағы жылда жүзеге асырылудағы жобаларды есепке алғандағы 3 жылдық кезеңге арналған инвестициялық жобаларды жергiлiктi бюджеттен қаржыландырудың көлемдерi мен тiзбесiн; жоспарланған қаржы жылында аудан бюджетiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң ағымдағы қаржы жылының басында қалыптасқан бюджеттiк бағдарламалар бойынша несиегерлiк берешектерiнiң өтелу көлемiн; алдағы 3 жылда аудандық бюджет қаражатының шығынының басым; бағытының тiзбесiн; алдағы қаржы жылы алынып тастауға жатпайтын аудандық бюджеттiк бағдарламалар тiзiмiн;
Тармақша 2
2) осы пункттiң 1 тармақшасында көрсетiлген аудан бюджетiнiң болжамдық көрсеткiштерiн есепке алғанда, алдағы үш жылға арналған аудан бюджетiнiң келесi болжамдық көрсеткіштерiн қарайды және айқындайды; аудандық бюджетке топталуы бойынша түсуiн; аудандық бюджеттiң тапшылығын; аудандық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлiгi мөлшерiнде аудандық бюджеттiң таратылатын шығын және несиелеу лимиттерiн; жергiлiктi бюджеттердiң келiсiмге берiлген болжамдық көрсеткiштерi бойынша комиссияның жұмысшы органы және аудан әкiмiнiң арасындағы келiспеушiлiктi реттеу бойынша шешiм қабылдайды; аудандық бюджеттi бағдарламалар әкiмшiлiктерi аудандық бюджеттiң жобасына енгiзу үшiн ұсынған, белгiленген үлгiде дайындалған бюджеттiк бағдарламалар негiздерi бойынша шешiм енгiзедi; алдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджет жобасының болжамдық көрсеткiштерiн айқындайды; аудандық бюджетке түсетiн қаражат көлемiн, аудандық бюджеттiң»бюджеттiк бағдарламалар мөлшерiнде, аудандық бюджеттiк бағдарламалар бойынша, шығыс және несиелеу көлемiн; аудандық бюджет тапшылығы мөлшерiн; ауданның жергiлiктi атқарушы органының тиiстi қаржы жылының соңындағы борышының лимитiн;
Тармақша 6
6) осы пункттi 5 тармақшасында көрсетiлген облыстық бюджет көрсеткiштерiнiң негiзiнде Комиссияның жұмысшы органы алдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджеттiң жобасын жергiлiктi өкiлеттi органдарға қарауға енгiзу туралы ұсынысты әзiрлейдi;
Тармақша 7
7) аудандық бағдарламалар, аудан дамуының экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалары бойынша бюджеттi анықтау; бюджеттiк бағдарламаларды төлқұжатын және бюджеттiк бағдарламаларды жүзеге асырылу қорытындысы туралы ақпаратты негiзiнде бюджеттiк бағдарламалардың одан әрi таратылуын анықтау бойынша ұсыныстарды қарайды және дайындайды;
Тармақша 8
8) өз құзыретiнiң шегiнде Комиссияның жұмысшы органы енгiзген басқа да мәселелердi қарайды.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 5
5. Өз мiндеттерiне сәйкес Комиссия:
Тармақша 1
1) жергiлiктi атқарушы органдармен және басқа да аудандық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға, сондай-ақ комиссияның» мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн жұмысқа мамандармен сарапшыларды тартуға;
Тармақша 2
2) өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға және ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 3
3) Комиссия мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн, заңмен белгiленген тәртiпте қажеттi материалдарды аудандық және басқа ұйымдардан сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4) Аудандық жергiлiктi атқару органдарын, бiрiншi басшыларын, ал олар болмаған жағдайда аудандық органдардың және ұйымдардың бiрiншi басшыларының мiндетiн атқарушыларды комиссия мiндетiн жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша Комиссия мәжiлiсiне шақыруға және тыңдауға, сондай-ақ қаржы бақылау органдарының тексеру материалдарының қорытындысы бойынша бюджеттiк бағдарламаларды» жүзеге асырылуы үдерiсiнде бюджеттiк қаражатты мақсатты пайдалануға құқылы
Тарау 5. 5. Комиссияның қалыптасу және қызмет тәртiбi
5. Комиссияның қалыптасу және қызмет тәртiбi
Тармақ 6
6. Комиссия құрамын аудан әкiмдiгi құрайды Комиссия құрамына мыналар кiредi: Аудандық мәслихаттың мүшелерi; Аудандық ұйымдардың бiрiншi басшылары және (немесе) олардың орынбасарлары. Қажет болған жағдайда Комиссия құрамына басқа тұлғалар да енгiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 7
7. Комиссия органдары:
Тармақша 1
1) Жұмысшы орган;
Тармақша 2
2) Комиссия төрағасы;
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасыны орынбасары;
Тармақша 4
4) Хатшы.
Тармақ 8
8. Комиссия мәжiлiстерiнiң аралығы кезiнде оның қызметiнiң ұйымдастырушылық жұмыстары бойынша мәселелердi Комиссия жұмысшы органы шешедi.
Тармақ 9
9. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, Комиссия мәжiлiстерiнде төрағалық етедi оның жұмыстарын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады және комиссияның жүзеге асырылып жатқан қызметтерi үшiн жауапкершiлiк көтередi. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда оның қызметiн төрағасы тағайындаған орынбасар атқарады.
Тармақ 10
10. Комиссия хатшысы комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдарды дайындайды және ол өткiзiлгеннен кейiн хаттамасын рәсiмдейдi.
Тармақ 11
11. Жұмыстың жоспар-кестесiн Комиссия, Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобасын әзiрлеу Ережелерi айқындаған мерзiмдер бойынша белгiлейдi.
Тармақ 12
12. Комиссия мүшелерiнiң»өзiнiң мәжiлiстерiне қатысу өкiлеттiгiн басқа тұлғаларға беруге құқы жоқ.
Тармақ 13
13. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерiнiң пiкiрлерiн сұрау жолымен қабылданады және ол үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген жағдайда ғана қабылданды деп есептеледi. Комиссия мүшелерi шешiм қабылдауда тең дауысқа ие. Тең дауыс берiлген жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
Тармақ 14
14. Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбiнде қаралған мәселелердiң қаралған қорытындылары әр мәселе бойынша дауыс беру қорытындысы көрсетiлiп тиiстi хаттамаларға енгiзiледi және Комиссия төрағасы айқындаған жағдайда мәжiлiске қатысқан комиссия мүшелерi қол қояды. Комиссия қабылдаған шешiмдер Комиссия төрағасы және хатшысының қолы қойылатын хаттамамен рәсiмделедi. Комиссия мүшелерiнiң қабылдаған шешiмiмен келiспеген жағдайда өзiнiң ерекше пiкiрiн жазбаша түрде мазмұндауға құқығы бар, ол мәжiлiс хаттамасына тiркеледi.
Тармақ 15
15. Өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатымен қабылданған Комиссия шешiмдерi барлық мемлекеттiк органдардың көрсетiлген уақытта мiндеттi түрде қарауына және орындауына жатады.
Тармақ 16
16. Комиссияның жұмысшы органының қызметi әкiм аудандық бюджет қаржысын басқаруға уәкiлеттiлiк берген және бекiтiлген аудандық бюджеттi әзiрлеу, қарау, бекiту, орындау және бақылау тәртiбiне сәйкес қызмет ететiн-жергiлiктi уәкiлеттi орган, аудандық қаржы бөлiмiне жүктеледi.
Тармақ 17
17. Жұмысшы органның қызметi материалдарды Комиссия айқындаған мерзiмiне және күн тәртiбiне сәйкес мәжiлiске дайындау, оларды Комиссия мүшелерiне, аудандық бағдарламалар мен атқарушы органдардың әкiмшiлiктерiне жiберу, Комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасын дайындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен Республикалық және жергiлiктi бюджет жобаларын әзiрлеу Ережелерiнен туындайтын басқа да қызметтер болып табылады.