Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi сарбаздар жасақтарды қызметiнiң қағидасы туралы Қолданыста
Басқа 0
Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi сарбаздар жасақтарды қызметiнiң қағидасы туралы
Азаматтардың Конституциялық құқықтары мен еркiндiктерiн қамтамасыз ету, сонымен қатар тұрғындарды қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысуға тарту мақсатында және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына сәйкес ШЕШIМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Ерiктi негiзде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi сарбаздар жасақтары қызметiнiң қағидасы бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Селолық округтердiң әкiмдерi ауданның елдi мекендерiндегi лайықты тұрғындар санынан сарбаздар жасағын құрсын.
Тармақ 3
3. Аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы келiсiм бойынша сарбаздар жасақтарына iс жүзiндегi, әдiстемелiк және құқықтық көмектер көрсетсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т. Әлжановқа жүктелсiн.
Басқа 5. Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi сарбаздар жасақтары қызметiнiң Қағидасы
Аудан әкiмiнiң
2004 жылғы "12" қаңтардағы
"Қоғамдық тәртiптi сақтау
жөнiндегi сарбаздар жасақтары
қызметiнiң қағидасы туралы"
№ 1 шешiмiмен бекiтiлдi
Қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi сарбаздар жасақтары қызметiнiң Қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Сарбаздар жасақтарының бөлiмшелерi ауылдық әкiмшiлiктермен азаматтардың тұрғылықты жерлерi бойынша iшкi iстер органдарына қоғамдық тәртiптi сақтауда және құқық бұзушылықтың алдын алуда, сондай-ақ қылмысты ескерту мен болдырмауда көмек көрсету үшiн құрылады.
Тармақ 2
2. Сарбаздар жасақтарының бөлiмшелерi ерiктi негiзде Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтар санынан жасақталады, ауылдық округ әкiмiнiң, учаскелiк полиция инспекторының, ақсақалдар кеңесiнiң және басқадай қоғамдық бiрлестiктердiң, шаруа қожалықтарының ұсыныстары бойынша азаматтардың жеке өтiнiштерiнiң негiзiнде.
Тармақ 3
3. Азаматтардың жасаққа қабылдау жөнiндегi өтiнiштерi ауылдық округ әкiмiнiң атына тапсырылады. Жасақ мүшелiгiне үмiткерлер криминалдық статистика және арнайы тiркеу басқармасында тексеруден өтедi.
Тармақ 4
4. Егер үмiткер сотталған болса, онда ол жеке және моральдық мiнездемесi жағынан сарбазға қойылатын талаптарға сәйкес болса, ауыл әкiмiнiң шешiмiмен сарбаздар жасағының мүшелiгiне алынады.
Тармақ 5
5. Сарбаздар жасағының бөлiмшелерiне жалпы басшылық етудi ауылдық округтердiң әкiмдерi мен учаскелiк полиция инспекторлары жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Ауылдық округтердiң әкiмдерi сарбаздар жасақтарының iшкi iстер органдарымен қарым-қатынас мәселелерiн үйлестiредi.
Тармақ 7
7. Меншiк нысанына қарамастан барлық заңды тұлғалар мен азаматтар сарбаздар жасақтарының бөлiмшелерiне қоғамдық тәртiптi сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға жан-жақты көмектесiп, ықпал етедi.
Тарау 2. 2. Негiзгi мiндеттерi мен қызметтерi
2. Негiзгi мiндеттерi мен қызметтерi
Тармақ 8
8. Сарбаздар жасақтарының негiзгi мiндеттерi болып iшкi iстер органдарына учаскелiк полиция инспекторларымен бiрлесе отырып, ауылдық округтердiң аумақтарында, көшелерiнде күндiзгi және түнгi уақыттарда, сондай-ақ көпшiлiк-мәдени және спорттық iс-шаралар өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алуда күзет жүргiзу жолдарымен көмек көрсету болып табылады;
iшкi iстер органдарының қызметкерлерiмен бiрге мал ұрлығын ескерту, алдын алу және ашу, маскүнемдiктi, нашақорлықты, балалардың бақылаусыз қалуын және кәмелетке жасы толмағандар арасында қылмыстың алдын алу, ескерту жөнiндегi жұмыстарға қатысу.
Тарау 3. 3. Сарбаздар жасақтарының құрылымы және олардың жұмыс iстеу принциптерi
3. Сарбаздар жасақтарының құрылымы және олардың жұмыс iстеу принциптерi
Тармақ 9
9. Сарбаздар жасақтары ауылдық округтердiң аумақтарындағы жасақтар бөлiмшелерiнен құрылады.
Тармақ 10
10. Аудандық сарбаздар жасақтары штабын басшы басқарады, оның мiндеттерi Май аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң қоғамдық қауiпсiздiк бөлiмiнiң бастығына жүктеледi.
Тармақ 11
11. Ауылдық округтер аумақтарындағы сарбаздар жасақтары бөлiмшелерiн ауылдық округтер әкiмi мен учаскелiк полиция инспекторлары ұсынған және аудандық штаб басшысымен лауазымына тағайындалатын және босатылатын командир басқарады.
Тармақ 12
12. Аудандық сарбаздар жасақтары штабының басшысы сарбаздар жасақтары қызметтерiнiң мәселелерi бойынша iшкi iстер органдарымен қарым-қатынасты үйлестiрудi қамтамасыз етедi, сарбаздар жасақтары бөлiмшелерiнiң қызметiн сараптайды, сонымен қатар жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдайды;
Тармақша 1
1) аудан әкiмiне және аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң бастығына қоғамдық тәртiптi сақтауды және құқық бұзушылықтың алдын алуды жақсарту жөнiнде ұсыныстар жасайды;
Тармақша 2
2) сарбаздар командирлерiн мадақтау және жазалау мәселелерiн қарайды.
Тармақ 13
13. Сарбаздар жасақтарының командирлерi сарбаздар жасақтарына басшылық етедi, учаскелiк полиция инспекторларымен бiрлесе отырып, сарбаздар жасақтарының мүшелерiн iрiктейдi, оларды тағайындауды және оқытуды жүргiзедi;
Тармақша 1
1) жасақ мүшелерiнiң кезекшiлiкке шығу кестесiн құрады;
Тармақша 2
2) қоғамдық тәртiптi сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi мiндеттердi жасақ мүшелерiнiң орындауын ұйымдастырып, бақылайды.
Тармақ 14
14. Кезекшiлiкке түсер алдында жасақ командирi жасақ мүшелерi үшiн ауылдық округ аумағындағы оперативтiк жағдай, олардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттер туралы нұсқаулық өткiзедi.
Тарау 4. 4. Жасақ мүшелерiнiң мiндеттерi мен құқықтары
4. Жасақ мүшелерiнiң мiндеттерi мен құқықтары
Тармақ 15
15. Жасақ мүшелерi мiндеттi:
- қоғамдық тәртiптi сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алуға белсендi қатысуға, аудандық штаб басшысының және жасақ командирiнiң нұсқаулары мен талаптарын орындауға.
Тармақ 16
16. Жасақ мүшелерiнiң құқықтары:
Тармақша 1
1) азаматтардан қоғамдық тәртiптi бұзуды тоқтатуды талап етуге;
Тармақша 2
2) қажет болған жағдайда iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қатысуымен құқық бұзушыны аудандық iшкi iстер бөлiмiне немесе учаскелiк полиция пунктiне алып баруға.
Тарау 5. 5. Мадақтау және жазалау шаралары
5. Мадақтау және жазалау шаралары
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 тамыздағы "Қоғамдық тәртiптi сақтауға, қылмыстардың алдын алуға және болдырмауға қатысқан азаматтарды мадақтау Ережелерiн бекiту туралы" № 1243 қаулысына сәйкес аудандық комиссияның шешiмiмен құқық бұзушылармен күрес жүргiзуге белсендi қатысқан сарбаздар, қоғамдық ұйымдармен, шаруа қожалықтарымен, мекемелермен, алғыс жариялау, сыйлық немесе сыйақы беру жолдарымен мадақталады.
Тармақ 18
18. Сарбаздар жасақтарының мүшелерiн марапаттау салтанатты түрде ауыл жиындарында, жиналыстарда жүргiзiледi.
Тарау 6. 6. Жасақ бөлiмшелерiн қорғау шаралары
6. Жасақ бөлiмшелерiн қорғау шаралары
Тармақ 19
19. Жасақ бөлiмшелерiнiң мүшелерi кезекшiлiк кезiнде жарақат алған кезде, оларды емдеу аудандық бюджет қаражатынан төленедi.
Тарау 7. 7. Жасақты материалдық-техникалық қамтамасыз ету
7. Жасақты материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Тармақ 20
20. Сарбаздар жасақтарына ғимарат бөлудi, қызметтiк телефон құруды, ғимаратты пайдаланғаны үшiн жалақы мен коммуналдық қызмет төлемдерiн төлеудi, атқарушы органдар жүзеге асырады.
Тарау 8. 8. Заңдылықты сақтауды бақылау
8. Заңдылықты сақтауды бақылау
Тармақ 21
21. Сарбаздар жасақтарының қызметiнде заңдарды сақтауды бақылау ҚР-ның "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заңына сәйкес прокуратура органдарымен жүзеге асырылады.