Тарихи және мәдени ескерткiштердi қорғау жөнiндегi комиссиясын құру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Тарихи және мәдени ескерткiштердi қорғау жөнiндегi комиссиясын құру туралы
Тарихи және мәдени ескерткiштердi қорғау, есебiн жүргiзу, қалпына келтiру, пайдалану және күтiмiн қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 15, 17 тармақшаларына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Тарих және мәдениет ескерткiштердi қорғау жөнiндегi комиссиясы құрылып, заңнамаға сәйкес құрамы аудандық мәслихатқа бекiтуiне ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Комиссияның ережесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Закирьяновқа жүктелсiн.
Басқа 4. Тарихи және мәдени ескерткiштердi қорғау жөнiндегi комиссиясының ЕРЕЖЕСI
Аудан әкiмдiгiнiң
2003 жылғы "9" желтоқсандағы
"Тарихи және мәдени ескерткiштердi
қорғау жөнiндегi комиссиясын
құру туралы" № 190/15
қаулысымен бекiтiлдi
Тарихи және мәдени ескерткiштердi қорғау жөнiндегi комиссиясының ЕРЕЖЕСI
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жанындағы комиссия (бұдан қарай - комиссия) аудан әкiмдiгi жанындағы тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң қорғауы мен күтiмiн қамтамасыз ету үшiн, iс-әрекетiн жүзеге асырушы кеңесшi консультативтiк - орган болып табылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi № 241-II "Қазақстан Республикасындағы, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы", Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 56-1 "Мәдениет туралы", Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi № 1488-ХII (1995 жылғы 5 қазанында өзгерiстер, толықтырулар енгiзiлдi) "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына, өкiлеттi және атқарушы органдардың нормативтiк-құқықтық актiлерiне, сол сияқты осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның мiндеттерi мен өкiлеттiгi
2. Комиссияның мiндеттерi мен өкiлеттiгi
Тармақ 3
3. Комиссия жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың қарауына мынадай ұсыныстар енгiзедi:
Тармақша 1
1) тарихи-мәдени мұралар объектiлерiн анықтау, есебiн жүргiзу,қорғау, қалпына келтiру және пайдалану;
Тармақша 2
2) тарихи-мәдени құндылықтарға және жергiлiктi маңызы бар тарихи-мәдени ескерткiш статусын белгiлеу;
Тармақша 3
3) тарих және мәдениет ескерткiштерiн бұзу, көшiру немесе қалпына келтiру мәселелерi;
Тармақша 4
4) барлық дәрежедегi ескерткiштерге қауіп төндiретiн iс-әрекеттерге тиым салу;
Тармақша 5
5) жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiнен объектiлердi шығарып тастау;
Тармақша 6
6) ауданның экономикалық, әлеуметтiк даму жоспарларына жергiлiктi маңызы бар ескерткiштерге есеп жүргiзу, қорғау және қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу бойынша шаралар әзiрлеу;
Тармақша 7
7) тарих және мәдениет ескерткiштерi болып табылатын мемлекет меншiгiндегi ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға беру;
Тармақша 8
8) тарих және мәдениет ескерткiштерi бойынша әр-түрлi зерттеулер, жобалау және қалпына келтiру жұмыстарын өткiзу;
Тармақша 9
9) архитектуралық, және құрылыс қызметтерiне тиым салынатын немесе шектелетiн аумақтарға ерекше реттеу шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
Тармақ 4
4. Комиссия Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте және оның құзырына кiретiн мәселелер бойынша құқылы:
Тармақша 1
1) аудандағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға байланысты мәселелер жөнiнде сәйкес органдарға ұсыныс енгiзуге;
Тармақша 2
2) қалпына келтiру және тарихи, археологиялық-архитектуралық құрылыстарды және ескерткiштердi пайдалану процессiнде ұйымдармен кеңес беру жұмыстарын өткiзуге;
Тармақша 3
3) комиссияның құзырына жататын мәселелер жанында заңды және жеке тұлғаларға қажеттi мәлiметтер беруге;
Тармақша 4
4) тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану мәселелерi бойынша жергiлiктi органдар мен ұйымдардың жауапты өкiлдерiн, ауданның сарапшы және жұмысшы топтарының басшыларын комиссия мәжiлiсiнде тыңдауға құқылы.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
5. Комиссия қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия мәжiлiсi қажеттiлiк шамасына қарай өткiзiледi және егер барлық мүшелерiнiң үштен екiсi қатысса, құқылы болып саналады.
Тармақ 6
6. Комиссия шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады, егер көпшiлiк дауыс соған берiлсе, қабылданған болып есептеледi.
Тармақ 7
7. Дауыстар тең түскенде, комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқұғы бар, оны бiлдiретiн жағдайда жазбаша түрде беруге тиiс.Өткiзiлген комиссия мәжiлiсiнiң қорытындысы бойынша мәжiлiске қатысушы комиссия мүшелерiнiң қолдары қойылған хаттама жазылады. Оған қосымша, мәжiлiсте қаралған құжаттар немесе материалдар тiгiледi.
Тармақ 8
8. Аудандық мәдениет бөлiмi комиссияның жұмысшы органы болып табылады.