О внесении изменений в решение областного маслихата (II сессия, III созыв) от 26 декабря 2003 года № 165/2 "О плане мероприятий области по реализации Программы Правительства Республики Казахстан на 2003 - 2006 годы" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облыстық мәслихатының (III сайланған II сессиясы) 2003 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 - 2006 жылдарға арналған Бағдарламасын" іске асыру жөніндегі облыстың іс-шаралар жоспары туралы" № 165/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы (III сайланған II сессиясы) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 - 2006 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi облыстың iс-шаралар жоспары туралы" № 165/2 шешiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген шешiмнiң қосымшасында: бүкiл мәтiн бойынша: "Облыс экономика департаментi" деген сөздер "Облыс экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын; "Облыс индустрия және сауда департаментi" деген сөздер "Облыс кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын; "Облыс коммуналдық шаруашылық, көлiк және коммуникациялар департаментi" деген сөздер "Облыс жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын; "Облыс әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментi" деген сөздер "Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын; "Облыс туризм және спорт департаментi" деген сөздер "Облыс дене тәрбиесi және спорт басқармасы" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-реттiк нөмiрдiң жолындағы: 2-баған мына редакцияда жазылсын: "Облыстың индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеудi қамтамасыз ету"; 5-бағандағы "жыл сайын" деген сөз алынып тасталсын; 7-1 реттiк нөмiрi мына мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "7-1. Облыстың индустриялық-инновациялық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыруды қамтамасыз ету Облыс әкiмiне ақпарат Облыс кәсiпкерлiк және өнеркәсiп, қаржы, ауыл шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары, жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар,  бiлiм беру, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменттерi, облыс бойынша қоршаған ортаны қорғау  аумақтық басқармасы (келiсiм бойынша) 2005-2006 жж."; 19-реттiк нөмiрдiң жолындағы, 4-баған мына редакцияда жазылсын: "Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментi"; 56-реттiк нөмiрдiң жолындағы 4-баған мына редакцияда жазылсын: "Облыс дене тәрбиесi және спорт басқармасы, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi, қалалар мен аудандардың әкiмдерi"; 58-реттiк нөмiрдiң жолындағы 4-баған мына редакцияда жазылсын: "Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, көшi-қон комитетiнiң Павлодар облысы бойынша басқармасы"; 64-реттiк нөмiрдiң жолындағы: 4-баған мына редакцияда жазылсын: "Облыс табиғи монополиялардың қызметiн реттеу және бәсекелестiктi қорғау департаментi"; 5-баған мына редакцияда жазылсын: "2005 - 2006 ж. ж."; 68-реттiк нөмiрдiң жолындағы 4-баған мына редакцияда жазылсын: "Облыс бойынша қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасы" (келiсiм бойынша), облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментi"; 71-реттiк нөмiрдiң жолындағы 4-баған мына редакцияда жазылсын: "Облыс бойынша қаржылық бақылау басқармасы"; 73, 76-реттiк нөмiрлердiң жолдарындағы 4-баған мына редакцияда жазылсын: "Облыс кәсiпкерлiк және өнеркәсiп департаментi"; 83, 85-реттiк нөмiрлердiң жолдарындағы 4-баған мына редакцияда жазылсын: "Облыс iшкi саясат департаментi".
Тармақ 2
2. Облыс экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментiнiң директорына көрсетiлген өзгерiстердi облыстық мәслихаттың сессиясына ұсыну тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.