Об утверждении Правил определения первоначальной стоимости фиксированных активов, получаемых концессионером (правопреемником или юридическим лицом, специально созданным исключительно концессионером для реализации договора концессии) по договору концессии, а также стоимости, уменьшающей стоимостные балансы концессионера II, III и IV групп при передаче фиксированных активов концеденту при прекращении договора концессии Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде II, III және IV топтар концессионерінің құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 268-бабының 10-тармағына және 270-бабы 13-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде II, III және IV топтар концессионерінің құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша концеденттен алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде концессионер топтарының құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 209 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10978 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде II, III және IV топтар концессионерінің құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 201_ жылғы «__» _________ № ___ бұйрығымен бекітілген Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде II, III және IV топтар концессионерінің құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде II, III және IV топтар концессионерінің құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 268-бабының 10-тармағына және 270-бабы 13-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша концеденттен алатын, тіркелген активтер деп танылған активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде, концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде концессионер топтарының құндық теңгерімін азайтатын тіркелген активтердің құнын айқындау тәртібін регламенттеу мақсатында әзірленді.
Тарау 2. 2-тарау. Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша концеденттен алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын айқындау
2-тарау. Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша концеденттен алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын айқындау
Тармақ 2
2. Салық салу мақсаттары үшін концессия объектілерінің бастапқы құны осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында белгіленген тәртіппен әрбір объект бойынша жеке айқындалады.
Тармақ 3
3. Тіркелген активтер ретінде танылатын концессия объектілерінің бастапқы құнына осындай тіркелген активтер пайдалануға енгізілген күнге дейін концессия шарты шеңберінде концессионер шеккен іс жүзіндегі шығындар кіреді. Мұндай шығындарға сатып алуға, салуға, монтаждау мен орнатуға арналған шығындар, сондай-ақ концессия объектісін жасау мақсатында концессионер жүргізген және:
Тармақша 1
1) Салық кодексіне сәйкес шегерімдерге жатқызылмайтын шығындардан (шығыстардан);
Тармақша 2
2) салық төлеуші Салық кодексінің 243-бабы 7-тармағының, 9-тармағының екінші бөлігінің, сондай-ақ 244-263-баптарының негізінде шегерімдерді жүзеге асыратын шығындардан (шығыстардан);
Тармақша 3
3) амортизациялық аударымдардан;
Тармақша 4
4) бухгалтерлік есепке алуда туындайтын және Салық кодексінің 242-бабының 5-тармағына сәйкес салық салу мақсатында шығыс ретінде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа, активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға арналған шығындардың, сондай-ақ олардың құнын арттыратын, оның ішінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына сәйкес олардың құнын сатып алынғаннан кейін арттыратын басқа да шығындар кіреді.
Тармақ 4
4. Салық салу мақсатында концессия объектісінің бастапқы құнына, оның ішінде концессионердің концессия объектісімен байланысты:
Тармақша 1
1) жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге;
Тармақша 2
2) заңнамада белгіленген қажетті сараптамаларды жүргізуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңдарына сәйкес концессия объектісін пайдалануға енгізгенге дейін лицензиялар мен рұқсаттар алуға;
Тармақша 4
4) концессия объектісін құруға (салуға) пайдаланылатын шикізат, материалдарға, жұмыстар мен қызметтерге;
Тармақша 5
5) концессия объектісін құру (салу) кезеңінде компанияны басқаруға;
Тармақша 6
6) құрылыс кезеңінде есептелген құрылыс үшін алынған кредиттерге (қарыздарға) сыйақыға;
Тармақша 7
7) құрылыс кезеңінде есептелген құрылыс үшін алынған кредиттер (қарыздар) бойынша бағамдық айырмаларға;
Тармақша 8
8) мемлекеттің кепілдігі бойынша инфрақұрылымдық облигациялар бойынша сақтандыруды қоса алғанда, концессия объектісін құруға (салуға) байланысты сақтандырудың барлық түрлеріне;
Тармақша 9
9) қарыздарды тартуға;
Тармақша 10
10) инфрақұрылымдық облигацияларды шығаруды ұйымдастыруға;
Тармақша 11
11) банктік кепілдіктер бойынша ақылы банк қызметтері мен комиссияларына;
Тармақша 12
12) Салық кодексіне және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар алатын міндетті алымдар мен төлемдерге;
Тармақша 13
13) аудиторлық тексерулер жұмсалатын іс жүзіндегі шығындары;
Тармақша 14
14) концессия объектісін құруға (салуға) байланысты өзге де іс жүзіндегі шығындар енгізіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Концессия шарты тоқтатылған кезде тіркелген активтерді концедентке беруі кезінде II, III және IV топтар концессионерінің құндық теңгерімін азайтатын құнды айқындау
3-тарау. Концессия шарты тоқтатылған кезде тіркелген активтерді концедентке беруі кезінде II, III және IV топтар концессионерінің құндық теңгерімін азайтатын құнды айқындау
Тармақ 5
5. Концессия шарты тоқтатылған және тіркелген активтер концедентке берілген кезде II, III және IV топтар бойынша концессионердің құндық теңгерімі:
Тармақша 1
1) топтың барлық активтерін беру кезінде - Салық кодексінің 267-бабының 8-тармағында көзделген тәртіппен есептелген топтың құндық теңгерімінің мәніне;
Тармақша 2
2) қалған жағдайларда - амортизациялық аударымдар сомасына азайтылуы белгіленген Салық кодексінің 268-бабына сәйкес берілетін активтердің бастапқы құнына азайтылады. Бұл ретте амортизациялық аударымдар есепті салықтық кезеңнің алдындағы әрбір салықтық кезеңге: осындай нормалар белгіленген жағдайда - Салық кодексінің 271-бабы 2-тармағында белгіленген шекті нормалардан аспауы тиіс концессия объектілерін пайдалану жүзеге асырылған салықтық кезеңдерге тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық теңгерімдерін айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар бойынша салықтық тіркелімде белгіленген; Салық кодексінің 271-бабы 2-тармағында белгіленген тіркелген активтердің тиісті топтары үшін шекті ретінде амортизациялық нормаларға сүйене отырып есептеледі.