Құжат мәтініне өту

Жаз мерзiмiнде облыс су айдындарында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Өзге акт · № 437 · қабылданған 30.05.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.03.2009 редакциясы
https://adilet.kz/laws/ii-iiii-ii/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Жаз мерзiмiнде облыс су айдындарында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 437 ·30.05.2002
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Жаз мерзiмiнде облыс су айдындарында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

ҚАЗЖаз мерзiмiнде облыс су айдындарында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 437 · қабылданған 30.05.2002

ЭКБ деректері 04.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жаз мерзiмiнде облыс су айдындарында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы
Атауы (қаз.)
Жаз мерзiмiнде облыс су айдындарында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
437
Қабылданған күні
30.05.2002
Көрсетілген редакция
30.03.2009 · қолданыстағы 12557_208830.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
30.03.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V02T0001016
ЭКБ идентификаторы
12557
Редакция идентификаторы
12557_208830
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:00

0 Жаз мерзiмiнде облыс су айдындарында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009.03.30 N 15 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңы мен облыстық мәслихаттың 1998 жылғы 14 маусымындағы N 249-1 "Атырау облысының су айдындарында азаматтардың қауiпсiздiгiн сақтаудағы мiндеттi ереже туралы" шешiмiн жүзеге асыру, сонымен қатар жаз мезгiлiнде облыстық су айдындарында адамдар қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. Қала мен аудандар әкiмдерi:

1 1) суға шомылу маусымы кезiнде облыстың барлық су айдындарын есепке алсын ;

2

2) демалыс аймақтары мен базалары және басқа да су нысандары бар барлық меншiк түрi кәсiпорындарымен және ұйымдармен құтқару бекеттерiн ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының 5 шiлдедегi 1996 жылғы N 19-1 санды "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңының 5 бабының орындалуын қамтамасыз етсiн;

3 3) өзендер мен жағалау алқабын көркейту және су айдындарының түбiн тазалау жұмыстарын жүргiзсiн.

2 2. Облыстық судан құтқару қызметi (Қойшыбаев Б.) :

1 1) жазғы маусымда құтқару стансаларының жеке құрамы мен iздестiру топтарын нығайту шараларын алсын;

2 2) меншiк түрiне және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдардағы барлық қолданыстағы жүзу құралдары және сүңгуiрлер санының есебiн жүргiзсiн;

3 3) облыс су тоғандарындағы төтенше жағдайлардан сақтандырудың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастырсын.

3 3. Облыстық iшкi iстер басқармасына (Хайдар Қ.) Солтүстiк-Каспий аймақтық биоресурстар қорғау жөнiндегi басқармасымен (Ақботин А.) бiрлесiп, бақытсыздық жағдайларды болдырмау мақсатында суға шомылу кезiнде облыс су айдындарында, оның iшiнде Каспий теңiзiнiң жағалауында күзеттi күшейту тапсырылсын .

4 4. Бiлiм басқармасы (Қ.Қайненов) мектеп пен оқу орындары оқушылары арасында жаз мезгiлiнде су қоймаларында қауiпсiздiк шараларын сақтау жұмыстарын ұйымдастыру мiндеттелсiн. 5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық төтенше жағдай басқармасының бастығы Ғ.Жұмағалиевқа жүктелсiн.