О внесении изменения в решение II сессии V созыва Карагандинского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 32 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Караганды" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуiрдегi II сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" № 32 шешіміне өзгеріс енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі II сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 32 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8-1-154 болып тiркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы № 064 (970) "Взгляд на события" газетiнде жарияланған), оған Қарағанды қалалық мәслихатының V шақырылған XV сессиясының 2013 жылғы 20 ақпандағы "Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі II сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiн бекiту туралы" № 32 шешiмiне өзгерістер енгізу туралы" № 138 шешімімен өзгертулер енгізілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2230 болып тiркелген, 2013 жылғы 22 наурыздағы № 036 (1106) "Взгляд на события" газетiнде жарияланған), келесi өзгерiс енгізілсін: мемлекеттік тілдегі шешімінде Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiнің 2-тармақтың 2) тармақшасы келесi редакцияда мазмұндалсын: "2) коммуналдық қызметтер – бұл тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетiлетiн және сумен жабдықтауды, кәрiздi, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды (сонымен қатар қатты отын), қоқысты әкету мен лифт қызметiн көрсетудi қамтитын қызметтер;".
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұқтаров).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi. КЕЛІСІЛДІ: 24.04.2013 ж.