О внесении изменений в решение II сессии V созыва Карагандинского городского маслихата от 16 апреля 2012 года № 32 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению города Караганды" Күшін жойған
Басқа 0
V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі II сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. V шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 сәуірдегі ІІ сессиясының "Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 32 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-1-154 болып тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы № 064 (970) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде (одан әрі – Ереже):
Тармақша 1
1) 3 тармақтың екінші бөлігіндегі "6" саны "4" санына ауыстырылсын, "8" саны "6" санына ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 7 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"7. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен көрсетіледі.";
Тармақша 3
3) 13 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"13. Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсанның соңына дейін мерзімге оны алу үшін өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады. Өтініш берген ай болып қосымша құжаттармен бірге өтініш берген ай есептеледі.";
Тармақша 4
4) 17 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"17. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.";
Тармақша 5
5) Қарағанды қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне 1 қосымша алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Жанділ Ахуанұлы Мұхтаров).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолдансықа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарағанды қаласының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж. Ысқақов
2014 жылғы 20 тамыз