О внесении изменений в решение III сессии Шахтинского городского маслихата от 6 апреля 2012 года № 792/3 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Күшін жойған
Басқа 0
Шахтинск қалалық мәслихатының ІІІ сессиясының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 792/3 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі ІІІ сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" № 792/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-8-112 болып тіркелген, 2012 жылғы 1 маусымдағы № 22 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) орыс тіліндегі шешімнің тақырыбында "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылып, ал мемлекеттік тіліндегі шешімі өзгеріссіз қалдырылсын;
Тармақша 2
2) орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылып, ал мемлекеттік тіліндегі шешімі өзгеріссіз қалдырылсын;
Тармақша 3
3) Тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелерінің тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын: "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы";
Тармақша 4
4) кіріспеде "ұсынудың Ережесі" сөздері "көрсету Ережелері" сөзіне ауыстырылсын;
Тармақша 5
5) Ереженің 8, 9, 24 тармақтары алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.