О внесении изменений в решение III сессии Шахтинского городского маслихата от 6 апреля 2012 года № 792/3 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі III сессиясының № 792/3 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 6 сәуірдегі III сессиясының № 792/3 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-8-112 тіркелген, 2012 жылғы 1 маусымдағы "Шахтинский вестник" газетінде № 22 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің 15-тармағы алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) Тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің 16-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
Тармақ 16
"16. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысымен бекітілген, тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады".
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.