О внесении дополнений в решение ХХIII-й сессии Алматинского городского Маслихата I-го созыва от 25 декабря 1998 года "О порядке перерасчета размера штрафов за административные правонарушения, совершенные на территории города Алматы, предусмотренные кодексом Казахской ССР "Об административных правонарушениях" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Алматы қаласының аумағында жасалған әкiмшiлiктiк тәртiп бұзушылықтар үшiн "Әкiмшiлiктiк тәртiп бұзушылықтар туралы" Қазақ ССР кодексiнде қарастырылған айыппұл көлемiн қайта есептеу тәртiбi туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1998 жылғы 25 желтоқсандағы ХХIII-сессиясының шешiмiне толықтыру енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - II сайланған Алматы қалалық Мәслихатының IX сессиясының 2001 жылғы 04 сәурдегі шешімімен. "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 258-1 ЗРК Қазақстан Республикасы Заңының 3 бабының 2 тармағына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ : "Алматы қаласының аумағында жасалған әкiмшiлiктiк тәртiп бұзушылықтар үшiн "Әкiмшiлiктiк тәртiп бұзушылықтар туралы" Қазақ ССР кодексiнде қарастырылған айыппұл көлемiн қайта есептеу тәртiбi туралы" I-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1998 жылғы 25 желтоқсандағы ХХIII-сессиясының шешiмiне толықтыру енгiзiлсiн және бекiтiлсiн. III тармаққа. ӘТК баптары бойынша айыппұлдар көлемi бекiтiлсiн: қосылсын: ҚазССР ӘТК 42 бабы. Санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемиядан қорғау тәртiптерi мен нормаларын бұзғандығы үшiн азаматтарға он бес айлық есептемелiк көрсеткiштiң көлемiне дейiн айыппұл салынады, бұл жағдайда салынатын айыппұл екi айлық есептемелiк көрсеткiштен кем болмауға тиiс және лауазымды тұлғаларға жиырма айлық есептемелiк көрсеткiштiң көлемiне дейiн айыппұл салынады, бұл жағдайда салынатын айыппұл төрт айлық есептемелiк көрсеткiштен кем болмауға тиiс.