Тағам және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi-жазғы мерзiмге дайындығына байқау айлығын өткiзу туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тағам және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi-жазғы мерзiмге дайындығына байқау айлығын өткiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «2002 жылды Денсаулық жылы деп жариялау туралы» 2001 жылғы 30 желтоқсандағы № 751 жарлығын және облыстық Денсаулық жылын өткiзу жайындағы iс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Облыста 2002 жылдың 20 сәуiрi мен 20 мамыр аралығында тағам және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi жазғы маусымға дайындығына байқау айлығы өткiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы (Е. Қуандықов), облыстық сауда және мемлекеттiк сатып алу басқармасы (Е. Мұстафаев ), Қызылорда облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттiк қадағалау басқармасы (А. Бапалақов), (келiсiм бойынша) облыстық ауылшаруашылық басқармасымен (К. Ахметов) бiрлесе отырып тағам өнеркәсiбi, қоғамдық тамақтандыру орындары , сауда мекемелерi және сумен қамтамасыз ету объектiлерiнiң көктемгi-жазғы мерзiмге дайындығына тексеру жүргiзсiн.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкiмдерiне:
Тармақша 1
1) азық-түлiк базарларын тиiстi санитарлық-техникалық жағдайға келтiру жөнiндегi қажеттi шараларды ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) белгiленбеген сауда орындарын жою жоспар - кестесiн әзiрлесiн және бекiтсiн;
Тармақша 3
3) iстен шыққан су құбырларын қалпына келтiру, су құбыры жүйелерi мен құрылыстарының жөндеуiн, жуу залалсыздандыру, су құбыры мен кәрiз жүйелерiндегi апаттарды дер кезiнде жою бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 4
4. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Х. Досқалиев) белгiленбеген жерлерде азық-түлiк өнiмдерiнiң саудасын жою жөнiнде шаралар көрсiн.
Тармақ 5
5. Облыстық сауда және мемлекеттiк сатып алу басқармасы (Е. Мұстафаев) азық-түлiк базарларын толық паспорттауын жүргiзсiн.
Тармақ 6
6. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы(Д. Дәулетбаев):
Тармақша 1
1) емдеу мекемелерiндегi асханаларды көктемгi-жазғы мерзiмдегi жұмысқа дайындауын жүргiзсiн;
Тармақша 2
2) iстеп жатқан балалар сүт асханаларының жұмысын жақсарту жөнiнде шаралар қабылдасын және жаңа балалар сүт асханаларын ашуды қолға алсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Н. Ерiмбетовке жүктелсiн.