Облыстық аймақтық даму және кәсiпкерлiктi қолдау басқармасының бюджеттiк бағдарламаларды бекiту жөнiндегi облыс әкiмиятының кейбiр қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қолданыста
Басқа 0
Облыстық аймақтық даму және кәсiпкерлiктi қолдау басқармасының бюджеттiк бағдарламаларды бекiту жөнiндегi облыс әкiмиятының кейбiр қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi № 357-1 «Бюджет жїйесi туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үiметiнiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1743 «Бюджеттiк бағдарламаның паспортын жасау ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес және облыс мәслихатының 2002 жылғы 20 наурыздағы Х сессиясының «2001 жылғы 21 желтоқсандағы облыс мәслихатының IX сессиясында қабылданған «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешiмiне ґзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» шешiмiнiң негiзiнде облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Облыс әкiмиятының қаулыларына тґмендегiдей ґзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) облыс әкiмиятының 2002 жылғы 16 қаңтардағы «Облыстық аймақтық даму және кәсiпкерлiктi қолдау басқармасының бюджеттiк бағдарламалар паспорттарын бекiту туралы» қаулысына:
2 қосымшада «80000,0 мың теңге (сексен миллион теңге)» деген сөздер
«79600,0 мың (жетпiс тоғыз миллион алты жїз мың) теңге» деген сөздермен
ауыстырылсын;
2) облыс әкiмиятының 2002 жылғы 11 наурыздағы № 180
9 «Бюджеттiк
бағдарламалардың паспорттарын бекiту мәселесi бойынша облыс әкiмиятының
кейбiр қаулыларына ґзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» қаулының 1
тармағының 8 тармақшасында «1-3 қосымшаларға» деген сөздер «1-4
қосымшаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған тармақшаның үшiншi абзацы «3» санынан кейiн үтiрмен және «4»
санымен толықтырылсын (қоса берiлiп отыр).
Басқа 1
Облыс әкiмi
Облыс әкiмиятының
2002 жылғы 16 сәуірдегі
№ 220 қаулысымен бекiтiлген
4-қосымша
Облыстық аймақтық даму және кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы
Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi
ПАСПОРТЫ
Жергiлiктi деңгейде шағын кәсiпкерлiктi қолдауды ұйымдастыру
Бюджеттiк бағдарламаның атауы
1. Құны: 400 мың теңге.
2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк- құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы № 131-1 Z970131_ «Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шiлдедегi № 458-1 Z990458_ «Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына ґзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңы, облыс әкiмиятының 2001 жылғы 12 шiлдедегi № 50 V01L778_ «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды құру туралы» қаулысы, облыс мәслихатының 2002 жылғы 20 наурыздағы Х сессиясының «2001 жылғы 21 желтоқсандағы облыс мәслихатының IX сессиясында қабылданған «2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешiмi.
3. Бюджеттiк бағдарламаның қаржыландыру көздерi: облыстық бюджет
4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: 2001-2002 жылдарға арналған шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттiк бағдарламасын, 2002 жылға арналған шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың аймақтық бағдарламасын орындау.
5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi:
1) кәсiпкерлiктi ғылыми- әдiстемелiк қамтамасыз ету, кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау мәселелерi бойынша оқу ўйымдастыруда қалалық және аудандық атқарушы органдарға, басқа да мемлекеттiк және мемлекеттiк емес қўрылымдарға кґмек беру;
2) жергiлiктi бюджет, халықаралық және отандық қаржы институттарының
қаржыларын тарту арқылы кәсiпкерлiкке қаржылай, техникалық және
консультативтiк көмек беру;
3) кәсiпкерлiктiң инвестициялық мүмкiндiктерi туралы ақпараттық-
түсiндiру жұмыстарын жүргiзу, несие және грант алуға жобалар дайындау үшiн
кәсiпкерлерге әдiстемелiк көмек көрсету;
4) жұмысын жаңа бастаған кәсiпкерлердi оқыту үїшiн әртүрлi
бағдарламалар бойынша қысқа мерзiмдi курстар жүргiзу.
6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары:
-------------------------------------------------------------------------
Бағдар. Бағдар. Бағдарлама атауы Бағдарламаны жүзеге
Коды бөлiмің асыру iс-шаралары
коды
-------------------------------------------------------------------------
31 00 Жергiлiктi деңгейде Оқу курстары мен
шағын кәсiпкерлiктi семинарларын өткiзу
қолдауды ұйымдастыру
------------------------------------------------------------------------
Орындалу мерзiмi Жауапты орындаушы.
--------------------------------------------------------------------------
Жыл бойы Облыстық аймақтық даму және
кәсiпкерлiктi қолдау басқармасы
-------------------------------------------------------------------------
7. Бюджеттiк бағдарламаның орындалуынан күтiлетiн нәтижелер: курс
тыңдаушыларының өз бизнесiн ұйымдастырудағы бiлiмiн жоғарылату және
дағдыларын жақсарту, халықтың кең бөлiгiн кәсiпкерлiкке тарту үшiн
жағдайлар жасау есебiнен кедейшiлiк пен жұмыссыздық проблемаларын шешуге
жәрдемдесу, кәсiпкерлiктi кадрлық, әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз
ету.