О внесении изменений и дополнений в решение III-й сессии Алматинского городского Маслихата II-го созыва 15 декабря 1999 года "Об утверждении положения о размера и порядке предоставления жилищной помощи" Күшін жойған
Басқа 0
II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1999 жылғы 15 желтоқсандағы III-сессиясының "Тұрғын үй көмегiн көрсету көлемi мен тәртiбi туралы" шешiмiне өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХХVII сессиясының 16.09.2003 шешімімен.
II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады :
II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 1999 жылғы 15 желтоқсандағы III-сессиясының "Тұрғын үй көмегiн көрсету көлемi мен тәртiбi туралы" шешiмiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
Тармақ 1
1. 13 тармақтағы 1-шi азат жол алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. 17 тармақ 5,6 тармақшаларымен толықтырылсын:
"жұмыс iстейтiндер әрбiр үш ай сайын табыстары туралы анықтаманы тапсырмайды";
" - әрбiр үш ай сайын нысаналық шығынды бақылауға арналған тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшiн төленген есептердiң көшiрмесiн тапсырмайды".
Тармақ 3
3. 19 тармақта "... және жеке меншiгiнде бiрден артық тұрғын үй жоқтығы туралы" сөзi алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. 20 тармақ - алынып тасталсын.
Тармақ 5
5. 24 тармақ мына редакцияда мазмұндалсын:
"Тұрғын үй көмегi ресiмделген сәттен бастап 1 жыл мерзiмге тағайындалады.
Төленген тұрғын үй көмегiн алушыларды қайта тiркеу отбасының жиынтық табысы, отбасы құрамы туралы анықтаманы, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшiн есеп-түбiртектiң көшiрмесiн тапсырғаннан кейiн жүргiзiледi.
Меншiк нысанына қарамастан қала ұйымдарының тұрғын үй көмегiн алуға арналған анықтамалардың барлық түрлерiн беру тегiн жүргiзiледi".