О внесении дополнений и изменений в решение III-й сессии Алматинского городского Маслихата II-го созыва от 15 декабря 1999 года "О правилах производства работ в пределах охранных зон телекоммуникационных сетей ГЦТ "Алматытелеком" города Алматы" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты III-сессиясының 1999 жылғы 15 желтоқсандағы "Алматы қаласында "Алматытелеком" ҚТО телекоммуникациялық желiлерiн қорғау аймақтарының шегiнде жұмыс жүргiзу Тәртiбiн" бекiту туралы" шешiмiне толықтырулар және өзгерiстер енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының 11.02.2005 N 123 шешімімен. "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40, 41 баптарына және "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты III-сессиясының 1999 жылғы 15 желтоқсандағы ""Алматы қаласында "Алматытелеком" ҚТО телекоммуникациялық желiлерiн қорғау аймақтарының шегiнде жұмыс жүргiзу Тәртiбiн" бекiту туралы" шешiмiне және қосымшасына толықтырулар және өзгерiстер енгiзiлсiн: - шешiмнiң атауында ..."Алматытелеком" ҚТО" ... сөздерiнен кейiн ..." меншiк түрiне қарамастан басқада телекоммуникациялық желiлерi иелерiнiң" сөздерi қосылсын, бұдан әрi мәтiн бойынша; - шешiмге қосымшаның кiрiспесiнде ... ""Алматытелеком" ҚТО" ... сөздерiнен кейiн ... "басқада телекоммуникациялық желiлерi иелерiнiң, меншiк түрiне қарамастан" сөздерi қосылсын, бұдан әрi қарай мәтiн бойынша. - "Жалпы ереже" I тарауда: 1-1 тармақ, 1-шi абзац: ... "және әуе байланыс желiлерi" ... сөздерiнен кейiн... "сондай-ақ ғимарат пен құрылыстар конструкциясы сөздерi қосылсын, әрi қарай мәтiн бойынша; ... "жер учаскесi" ... сөзiнен кейiн ... "немесе кеңiстiк" сөзi қосылсын, әрi қарай мәтiн бойынша. ... "әуе желiлерiнiң шеткерi сымдарының" ... сөзiнен кейiн ... "ғимарат пен құрылыстар конструкциясы бойынша тартылған кабелдiк және әуе байланыс желiлерi ..." сөзi қосылсын әрi қарай мәтiн бойынша. 1-1 тармақ, 2-шi абзац: ... "осы аймақтарда қандай да болмасын жұмыс жүргiзетiн" ... сөздерiнен кейiн ..."немесе басқа да өзге әрекеттер телекоммуникациялық желiлердiң жұмысын бұзуға ықпал ететiн" ... сөздерi қосылсын, әрi қарай мәтiн бойынша. 1-3 тармақ, г) тармақшада көрсетiлген ережелер мына редакцияда мазмұндалсын: г) ғимараттар пен құрылыстар конструкциясы бойынша тартылған байланыс желiлерiнде: ғимараттар элементтерiн қалпына келтiру, жөндеу жөнiндегi жұмыстар, осы жұмыстардың кезiнде байланыс өткiзгiштерi мен кабельдерiнiң зақымдануы мүмкiн. - II тарауда "Осы ережелердi бұзғандығы үшiн қарастырылған жауапкершiлiк". II-3 тармақ - ... ""Алматытелеком" ҚТО" ... сөздерiнен кейiн ..." басқада меншiк түрiне қарамастан телекоммуникациялық желiлер иелерiнiң" сөздерi қосылсын.