«О внесении дополнения в решение III сессии маслихата города Алматы V созыва от 29 февраля 2012 года № 12 «О некоторых вопросах базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)» Күшін жойған
Басқа 0
V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының III сессиясының «Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкасының кейбір мәселелері туралы»
2012 жылғы 29 ақпандағы № 12 шешіміне толықтыру енгізу
туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 505 бабына және 509 бабының 3 тармағына сәйкес, IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының III сессиясының
2012 жылғы 29 ақпандағы № 12 «Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкасының кейбір мәселелері туралы»
шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде
№ 930 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 сәуірде «Алматы ақшамы»
және 2012 жылғы 14 сәуірде «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
1 қосымшада:
Алматы қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санатына, келесі мазмұндағы 5-1 реттік санымен толықтырылсын:
5-1
Мыналармен жабдықталған жеке және заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге тиесілі автотұрақтар (алаң түріндегі):
- энергиямен жабдықтауды жоғалтумен байланысты төтенше жағдайларда шлагбаумдарды апат жағдайында ашу мүмкіндігі бар
жабық тұрақтарға арналған тұрақ жабдығымен;
- операторда тұрақтар мен тұрақ жабдықтарының жағдайын бақылау және басқару орталығымен кемінде 3 желісі бар техникалық қолдау орталығының бірегей телефон нөмірінің болуы;
- тұраққа кіретін және шығатын автокөлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін бейне бақылау жүйесімен, оларды автоматты түрде тану, ақпаратты ішкі істер органдарының процессингтік орталығына қорғалған арна бойынша орталықтандырылған биллингтік жүйесіне беру мүмкіндігімен;
- Қазақстан Республикасының қазыналық органдары мен орталық биллингтік жүйесіне онлайн режимінде тұрақ транзакцияларын беру жүйесімен
Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкер-лерге тиесілі автокөлік құралдарын қысқа мерзімге қою
Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және оларға қызмет көрсету үшін
II санат
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының құрылыс және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.Ә. Әділхановқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.А. Дәрібаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.