Қабанбай ауылдық округінде ipi қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кабанбай ауылдык округінде ipi қара малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қою туралы Тарбағатай аудандық аумактық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарии инспекторының эпизоотиялық зерттеу анықтау актісі және картасы негізінде Қабанбай ауылы тұрғындарының ірі қара малдарын бруцеллез ауруынан тазарту мақсатында Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-11 Заңының 27 бабына және «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңының 37 бабының 1, 2 тармағын басшылыққа алып ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің аумағы көлемінде 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап шектеу жариялансын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ветеринариялық Заңдылықтарына сәйкес Қабанбай ауылдық округінің аумағын бруцеллез ауруынан тазарту мақсатындағы ветеринариялық іс - шараларының жоспары ұсынылсын. /Қосымша № 1 /
Тармақ 3
3. Бруцеллез ауруын түпкілікті жою мақсатында жасалған, шектеулік іс шаралардың малдәрігерлік заңдылықтарға сай толық орындалуын қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы бастығы (Б. Қажыкенов келісімі бойынша), Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығы (М.Сүлейменова келісімі бойынша), Аудандық ауыл шаруашылык бөлімінің бастығы (М. Тырнақбаев) ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық ішкі істер бөліміне (Е. Сейлханов келісімі бойынша) шектеу уақытында ауру малдар, олардан алынатын өнімдер мен шикізаттардың заңсыз тасымалдауын қадағалауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Атқарылған шаралардың орындалуы туралы күнделікті аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясына ақпарат беріп отыру ауданның бас мемлекеттік ветеринария инспекторы Д.Тулембаевқа және Қабанбай ауылдық округінің әкімі С. Баймұханбетоваға міндеттелсін.
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуына бақылау, басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары Н. Қараталовқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Тарбағатай аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы В. Сейлханов Тарбағатаи аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Б. Қажыкенов Аудандык МСЭҚ баскармасының бастығы М. Сүлейменова