Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «IT&M Kazakhstan» Күшіне енбеген

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«IT&M Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1, 16, 71-1, 140-баптарына, 69-бабы 4-тармағының 7-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «IT&M Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін Жарма ауданы Ақжал ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы ауданы 902,7951 га жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймастан 2030 жылғы 11 қарашаға дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «IT&M Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып, бұзылған жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар жүргізілсін.
Тармақ 3
3. «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) «IT&M Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жер учаскесіне жария сервитут шартын осы қаулының 1-тармағына сәйкес жасалуы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.