О внесении изменений в решение IV сессии Каркаралинского районного маслихата от 13 апреля 2012 года № 4/36 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" Күшін жойған
Басқа 0
Қарқаралы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі IV сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" № 4/36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1.
Қарқаралы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі IV сессиясының № 4/36 «Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-13-121 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырдағы № 39-40 (11059) «Қарқаралы» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1)
Қағиданың 2-тармағының 4) тармақшасында «;» тыныс белгісі «.» тыныс белгісіне ауыстырылсын;
Тармақша 2
2)
Қағиданың 2-тармағының 5) тармақшасы алынып тасталсын;
Тармақша 3
3)
Қағиданың 18-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.».
Тармақ 2
2.
Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қарқаралы ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________
Б. Жұманбаев
24 шілде 2014 жыл
«Қарқаралы ауданының экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
______________________
Б. Берниязов
24 шілде 2014 жыл