Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары в Актюбинской области на IV квартал 2025 года Қолданыста
Басқа 0
Ақтөбе облысында 2025 жылғы IV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысында 2025 жылғы IV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму баскармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Ақтөбе облысында 2025 жылғы IV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2025 жылғы 21 қарашадағ
№ 251 қаулысымен
бекітілген
Ақтөбе облысында 2025 жылғы IV тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
№
Тауарлар атауы
Шекті мән
(теңге)
1
Бірінші сортты бидай ұны, килограмм
272
2
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм
210
3
Рожки (өлшеніп салынатын), килограмм
449
4
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм
503
5
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), килограмм
339
6
Күнбағыс майы, литр
1010
7
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5% толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), килограмм
6589
8
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), килограмм
3554
9
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), килограмм
1913
10
Пастерленген сүт, майлылығы
2,5%, жұмсақ қаптамада, литр
581
11
Айран, майлылығы
2,5%, жұмсақ қаптамада, литр
574
12
Сүзбе: майлылығы 5-9%, килограмм
2392
13
Картоп, килограмм
235
14
Асханалық сәбіз, килограмм
305
15
Басты пияз, килограмм
259
16
Ақ қауданды қырыққабат, килограмм
256
17
Ақ қант - құмшекер, килограмм
563
18
Тауық жұмыртқасы (I санатты),
10 дана
699
19
Ac тұзы («Экстра» - дан басқа), килограмм
103